Об утверждении опознавательного знака транспортного средства международной перевозки уполномоченного экономического оператора
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении опознавательного знака транспортного средства международной перевозки уполномоченного экономического оператора
- Атауы (қаз.)
- Уәкілетті экономикалық оператордың халықаралық тасымалдау көлік құралының танымдық белгісін бекіту туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 42
- Қабылданған күні
- 22.01.2018
- Көрсетілген редакция
- 22.01.2018 118705_291199.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 22.01.2018
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1800016304
- ЭКБ идентификаторы
- 118705
- Редакция идентификаторы
- 118705_291199
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 02:03
0 Уәкілетті экономикалық оператордың халықаралық тасымалдау көлік құралының танымдық белгісін бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» 2017 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 536-бабы 8-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1 1. Қоса беріліп отырған Уәкілетті экономикалық оператордың халықаралық тасымалдау көлік құралының танымдық белгісі бекітілсін.
2
2. «Уәкілетті экономикалық оператордың халықаралық тасымалдайтын көлік құралының тану белгісін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2017 жылғы 8 ақпандағы № 89 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14834 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2017 жылғы 10 наурызда жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3 3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (А.М. Теңгебаев) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдануын;
3 3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
4
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
9 Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
22 қаңтардағы № 42 бұйрығымен
бекітілген
Ескертпе:
Танымдық белгісі көк реңде ақ әріптермен «АЕО» жазбасын (әріптер: биіктігі – 200 мм; әріп штрихының қалындығы – 20 мм) білдіреді.
Барлық символдар атмосфералық жағдайларда түрін өзгертпейтін, көлік құралын пайдалану кезінде өшпейтін, суға тұрақты бояумен енгізіледі
Уәкілетті экономикалық оператордың халықаралық тасымалдау көлік құралының танымдық белгісі орналастырылады: