Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

Об установлении норм фактических расходов на проживание и выплату суммы денег обучаемому лицу

Бұйрық · № 47 · қабылданған 23.01.2018
Заңдық күші: Күшін жойған · 21.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-118736/on/2026-09-21/
Басып шығарылды 2026-09-21 · adilet.kz
Об установлении норм фактических расходов на проживание и выплату суммы денег обучаемому лицу Күшін жойған 20.05.2026 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

Об установлении норм фактических расходов на проживание и выплату суммы денег обучаемому лицу

Күшін жойған Бұйрық № 47 21.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об установлении норм фактических расходов на проживание и выплату суммы денег обучаемому лицу
Атауы (қаз.)
Білім алушы тұлғаның тұруына және оған ақша сомасын төлеуге арналған іс жүзіндегі шығыстарының нормаларын белгілеу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
47
Қабылданған күні
23.01.2018
Көрсетілген редакция
20.05.2026 118736_822325.kaz
Соңғы өзгеріс
20.05.2026
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1800016330
ЭКБ идентификаторы
118736
Редакция идентификаторы
118736_822325
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 02:03
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
21.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.05.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0 Білім алушы тұлғаның тұруына және оған ақша сомасын төлеуге арналған іс жүзіндегі шығыстарының нормаларын белгілеу туралы

«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 288-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына және 319-бабы 2-тармағының 40), 42) және 43) тармақшаларына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған:

1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес салық төлеушіге салық салынатын табысты азайту кезінде қолданылатын, салық төлеушімен еңбек қатынастарында тұрмайтын Қазақстан Республикасынан тысқары жерде оқитын жеке тұлғаның тұруына және оған ақша сомасын төлеуге арналған іс жүзіндегі шығыстарының нормалары;

2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес салық төлеушіге салық салынатын табысты азайту кезінде қолданылатын, салық төлеушімен еңбек қатынастарында тұрмайтын Қазақстан Республикасының шегінде оқитын жеке тұлғаның тұруына және оған ақша сомасын төлеуге арналған іс жүзіндегі шығыстарының нормалары;

3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес салық салынбайтын жеке тұлғаның табысын айқындау кезінде қолданылатын, жұмыс берушінің өндірістік қызметімен байланысты мамандық бойынша Қазақстан Республикасынан тысқары жерде қызметкерді оқытуға, біліктілігін арттыруға немесе қайта даярлауга бағытталған қызметкердің тұруына арналған жұмыс берушінің іс жүзіндегі шығыстарының нормалары;

4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес салық салынбайтын жеке тұлғаның табысын айқындау кезінде колданылатын, жұмыс берушінің өндірістік қызметімен байланысты мамандық бойынша Қазақстан Республикасының шегінде қызметкерді оқытуға, біліктілігін арттыруға немесе қайта даярлауға бағытталған қызметкердің тұруына арналған жұмыс берушінің іс жүзіндегі шығыстарының нормалары;

5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес Салық кодексінің 291-бабы 1-тармағының 1), 2), 3), 4), 5) тармақшаларында айқындалған дербес білім беру ұйымымен еңбек қатынастарында тұрмаған, алайда осындай шығыстарды жүзеге асыратын дербес білім беру ұйымының шешімімен айқындалған мамандық бойынша Салық кодексінің 291-бабы 1-тармағының 1), 2), 3), 4), 5) тармақшаларында айқындалған басқа дербес білім беру ұйымымен еңбек қатынастарында тұрған жеке тұлғаны Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде оқытуға, біліктілігін арттыруға немесе қайта даярлауға жіберген кезде білім алушы жеке тұлғаның тұруына жұмсалатын, жеке тұлғаның салық салуға жатпайтын табыстарын айқындау кезінде қолданылатын осы дербес білім беру ұйымының іс жүзіндегі шығыстарының нормалары;

6) осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес Салық кодексінің 291-бабы 1-тармағының 1), 2), 3), 4), 5) тармақшаларында айқындалған дербес білім беру ұйымымен еңбек қатынастарында тұрмаған, алайда осындай шығыстарды жүзеге асыратын дербес білім беру ұйымының шешімімен айқындалған мамандық бойынша Салық кодексінің 291-бабы 1-тармағының 1), 2), 3), 4), 5) тармақшаларында айқындалған басқа дербес білім беру ұйымымен еңбек қатынастарында тұрған жеке тұлғаны Қазақстан Республикасының шегінде оқытуға, біліктілігін арттыруға немесе қайта даярлауға жіберген кезде білім алушы тұлғаның тұруына жұмсалатын, жеке тұлғаның салық салуға жатпайтын табыстарын айқындау кезінде қолданылатын осы дербес білім беру ұйымының іс жүзіндегі шығыстарының нормалары белгіленсін;

7) осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасынан тысқары жерде жеке тұлғаға бағытталған кезде осындай дербес білім беру ұйымында оқитын жеке тұлғалардың тұруына Салық кодексінің 291-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында айқындалған дербес білім беру ұйымының іс жүзіндегі шығыстарының нормалары;

8) осы бұйрыққа 8-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының шегінде жеке тұлғаға бағытталған кезде осындай дербес білім беру ұйымында оқитын жеке тұлғалардың тұруына Салық кодексінің 291-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында айқындалған дербес білім беру ұйымының іс жүзіндегі шығыстарының нормалары белгіленсін.

2. Мынадай:

1) «Білім алушы тұлғаның тұруына және оған ақша сомасын төлеуге арналған шығыстар нормаларын бегілеу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № 233 бұйрығының (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10878 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 1 маусымда жарияланған);

2) «Білім алушы тұлғаның тұруына және оған ақша сомасын төлеуге арналған шығыстар нормаларын бегілеу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № 233 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің міндетін атқарушының 2017 жылғы 9 қаңтардағы № 8 бұйрығының (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14777 болып тіркелген, электрондық түрдегі Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2017 жылғы 17 ақпанда жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (А.М. Теңгебаев) заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

4) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

1 Салық төлеушіге салық салынатын табысты азайту кезінде қолданылатын, салық төлеушімен еңбек қатынастарында тұрмайтын, Қазақстан Республикасынан тысқары жерде оқитын жеке тұлғаның тұруына және оған ақша сомасын төлеуге арналған іс жүзіндегі шығыстарының нормалары

Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2018 жылғы 23 қаңтардағы
№ 47 бұйрығына 1-қосымша
Салық төлеушіге салық салынатын табысты азайту кезінде қолданылатын, салық төлеушімен еңбек қатынастарында тұрмайтын, Қазақстан Республикасынан тысқары жерде оқитын жеке тұлғаның тұруына және оған ақша сомасын төлеуге арналған іс жүзіндегі шығыстарының нормалары
р/с

Ел
Күндік іс жүзіндегі шығыстарының нормалары
(АҚШ долларымен)
ақша сомасын
төлеуге
тұруға
1
Америка Құрама Штаттары, Канада, Жапония, Қытай Халық Республикасы, Батыс және Шығыс Еуропа
80-ге
дейін
30-ға
дейін
2
Сингапур, Оңтүстік Корея, Малайзия, Израиль, Сауд Арабиясы, Кувейт, Катар, Бахрейн, Бруней, Оман, Кипр, Австралия,
Египет, Тайланд, Біріккен Араб Әмірліктері,
Оңтүстік Африка Республикасы, Филиппин
70-ке
дейін
25-ке
дейін
3
Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдері
50-ге
дейін
10-ға
дейін
4
Басқа да елдер
60-қа
дейін
15-ке
дейін

2 Салық төлеушіге салық салынатын табысты азайту кезінде қолданылатын, салық төлеушімен еңбек қатынастарында тұрмайтын, Қазақстан Республикасының шегінде оқитын жеке тұлғаның тұруына және оған ақша сомасын төлеуге арналған іс жүзіндегі шығыстарының нормалары

Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2018 жылғы 23 қаңтардағы
№ 47 бұйрығына 2-қосымша
Салық төлеушіге салық салынатын табысты азайту кезінде қолданылатын, салық төлеушімен еңбек қатынастарында тұрмайтын, Қазақстан Республикасының шегінде оқитын жеке тұлғаның тұруына және оған ақша сомасын төлеуге арналған іс жүзіндегі шығыстарының нормалары
Оқу орны
Күндік іс жүзіндегі шығыстарының (айлық есептік көрсеткіш –
бұдан әрі АЕК)
ақша сомасын
төлеуге
тұруға
1. Облыс, аудан орталықтары
6 АЕК-ке дейін
4 АЕК-ке дейін
2. Республикалық маңызы бар қалалар, астана және Атырау қаласы
6 АЕК-ке дейін
5 АЕК-ке дейін

3 Салық салынбайтын жеке тұлғаның табысын айқындау кезінде қолданылатын, жұмыс берушінің өндірістік қызметімен байланысты мамандық бойынша Қазақстан Республикасынан тысқары жерде қызметкерді оқытуға, біліктілігін арттыруға немесе қайта даярлауға бағытталған қызметкердің тұруына арналған жұмыс берушінің іс жүзіндегі шығыстарының нормалары

Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2018 жылғы 23 қаңтардағы
№ 47 бұйрығына 3-қосымша
Салық салынбайтын жеке тұлғаның табысын айқындау кезінде қолданылатын, жұмыс берушінің өндірістік қызметімен байланысты мамандық бойынша Қазақстан Республикасынан тысқары жерде қызметкерді оқытуға, біліктілігін арттыруға немесе қайта даярлауға бағытталған қызметкердің тұруына арналған жұмыс берушінің іс жүзіндегі шығыстарының нормалары
р/с №
Ел
Тұруға арналған
күндік іс жүзіндегі шығыстарының нормалары
(АҚШ долларымен)
1
Америка Құрама Штаттары, Канада, Жапония, Қытай Халық Республикасы, Батыс және Шығыс Еуропа
30-ға дейін
2
Сингапур, Оңтүстік Корея, Малайзия, Израиль, Сауд Арабиясы, Кувейт, Катар, Бахрейн, Бруней, Оман, Кипр, Австралия, Египет, Тайланд, Біріккен Араб Әмірліктері,
Оңтүстік Африка Республикасы, Филиппин
25-ке дейін
3
Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдері
10-ға дейін
4
Басқа да елдер
15-ке дейін

4 Салық салынбайтын жеке тұлғаның табысын айқындау кезінде қолданылатын, жұмыс берушінің өндірістік қызметімен байланысты мамандық бойынша Қазақстан Республикасының шегінде қызметкерді оқытуға, біліктілігін арттыруға немесе қайта даярлауға бағытталған қызметкердің тұруына арналған жұмыс берушінің іс жүзіндегі шығыстарының нормалары

Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2018 жылғы 23 қаңтардағы
№ 47 бұйрығына 4-қосымша
Салық салынбайтын жеке тұлғаның табысын айқындау кезінде қолданылатын, жұмыс берушінің өндірістік қызметімен байланысты
мамандық бойынша Қазақстан Республикасының шегінде қызметкерді оқытуға, біліктілігін арттыруға немесе қайта даярлауға бағытталған қызметкердің тұруына арналған жұмыс берушінің іс жүзіндегі шығыстарының нормалары
р/с

Оқу орны
Тұруға арналған күндік іс жүзіндегі шығыстарының нормалары (айлық есептік
көрсеткіш – бұдан әрі АЕК)
1
Облыс, аудан орталықтары
4 АЕК-ке дейін
2
Астана, Алматы, Атырау қалалары
5 АЕК-ке дейін

5 Салық кодексінің 291-бабы 1-тармағының 1), 2), 3), 4), 5) тармақшаларында айқындалған дербес білім беру ұйымымен еңбек қатынастарында тұрмаған, алайда осындай шығыстарды жүзеге асыратын дербес білім беру ұйымының шешімімен айқындалған мамандық бойынша Салық кодексінің 291-бабы 1-тармағының 1), 2), 3), 4), 5) тармақшаларында айқындалған басқа дербес білім беру ұйымымен еңбек қатынастарында тұрған жеке тұлғаны Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде оқытуға, біліктілігін арттыруға немесе қайта

Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2018 жылғы 23 қаңтардағы
№ 47 бұйрығына 5-қосымша
Салық кодексінің 291-бабы 1-тармағының 1), 2), 3), 4), 5) тармақшаларында айқындалған дербес білім беру ұйымымен еңбек қатынастарында тұрмаған, алайда осындай шығыстарды жүзеге асыратын дербес білім беру ұйымының шешімімен айқындалған мамандық бойынша Салық кодексінің 291-бабы 1-тармағының 1), 2), 3), 4), 5) тармақшаларында айқындалған басқа дербес білім беру ұйымымен еңбек қатынастарында тұрған жеке тұлғаны Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде оқытуға, біліктілігін арттыруға немесе қайта даярлауға жіберген кезде білім алушы тұлғаның тұруына жұмсалатын, жеке тұлғаның салық салуға жатпайтын табыстарын айқындау кезінде қолданылатын осы дербес білім беру ұйымының
іс жүзіндегі шығыстарының нормалары
р/с

Ел
Тұруға арналған күндік іс жүзіндегі шығыстарының нормалары
(АҚШ долларымен)
1
Америка Құрама Штаттары, Канада, Жапония, Қытай Халық Республикасы, Батыс және Шығыс Еуропа
30-ға дейін
2
Сингапур, Оңтүстік Корея, Малайзия, Израиль, Сауд Арабиясы, Кувейт, Катар, Бахрейн, Бруней, Оман, Кипр, Австралия, Египет, Тайланд, Біріккен Араб Әмірліктері, Оңтүстік Африка Республикасы, Филиппин
25-ке дейін
3
Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдері
10-ға дейін
4
Басқа да елдер
15-ке дейін

6 Салық кодексінің 291-бабы 1-тармағының 1), 2), 3), 4), 5) тармақшаларында айқындалған дербес білім беру ұйымымен еңбек қатынастарында тұрмаған, алайда осындай шығыстарды жүзеге асыратын дербес білім беру ұйымының шешімімен айқындалған мамандық бойынша Салық кодексінің 291-бабы 1-тармағының 1), 2), 3), 4), 5) тармақшаларында айқындалған басқа дербес білім беру ұйымымен еңбек қатынастарында тұрған жеке тұлғаны Қазақстан Республикасының шегінде оқытуға, біліктілігін арттыруға немесе қайта даярлауға

Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2018 жылғы 23 қаңтардағы
№ 47 бұйрығына 6-қосымша
Салық кодексінің 291-бабы 1-тармағының 1), 2), 3), 4), 5) тармақшаларында айқындалған дербес білім беру ұйымымен еңбек қатынастарында тұрмаған, алайда осындай шығыстарды жүзеге асыратын дербес білім беру ұйымының шешімімен айқындалған мамандық бойынша Салық кодексінің 291-бабы 1-тармағының 1), 2), 3), 4), 5) тармақшаларында айқындалған басқа дербес білім беру ұйымымен еңбек қатынастарында тұрған жеке тұлғаны Қазақстан Республикасының шегінде оқытуға, біліктілігін арттыруға немесе қайта даярлауға жіберген кезде білім алушы тұлғаның тұруына жұмсалатын, жеке тұлғаның салық салуға жатпайтын табыстарын айқындау кезінде қолданылатын осы дербес білім беру ұйымының іс жүзіндегі шығыстарының нормалары
р/с

Оқу орны
Тұруға арналған күндік іс жүзіндегі шығыстарының нормалары
(айлық есептік
көрсеткіш – бұдан әрі АЕК)
1
Облыс, аудан орталықтары
4 АЕК-ке дейін
2
Республикалық маңызы бар қалалар, астана және Атырау қаласы
5 АЕК-ке дейін

7 Қазақстан Республикасынан тысқары жерде жеке тұлғаға бағытталған кезде осындай дербес білім беру ұйымында оқитын жеке тұлғалардың тұруына Салық кодексінің 291-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында айқындалған дербес білім беру ұйымының іс жүзіндегі шығыстарының нормалары

Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2018 жылғы 23 қаңтардағы
№ 47 бұйрығына 7-қосымша
Қазақстан Республикасынан тысқары жерде жеке тұлғаға бағытталған кезде осындай дербес білім беру ұйымында оқитын жеке тұлғалардың тұруына Салық кодексінің 291-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында айқындалған дербес білім беру ұйымының іс жүзіндегі шығыстарының нормалары
р/с №
Ел
Тұруға арналған күндік іс жүзіндегі шығыстарының нормалары
(АҚШ долларымен)
тұруға
1
Америка ҚұрамаШтаттары, Канада, Жапония, ҚытайХалықРеспубликасы, БатысжәнеШығысЕуропа
30-ға дейін
2
Сингапур, Оңтүстік Корея, Малайзия, Израиль, СаудАрабиясы, Кувейт, Катар, Бахрейн, Бруней, Оман, Кипр, Австралия, Египет, Тайланд, Біріккен Араб Әмірліктері, Оңтүстік Африка Республикасы және Филиппин
25-ке дейін
3
ТәуелсізМемлекеттерДостастығыелдері
10-ға дейін
4
Басқа да елдер
15-ке дейін

8 Қазақстан Республикасының шегінде жеке тұлғаға бағытталған кезде осындай дербес білім беру ұйымында оқитын жеке тұлғалардың тұруына Салық кодексінің 291-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында айқындалған дербес білім беру ұйымының іс жүзіндегі шығыстарының нормалары

Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2018 жылғы 23 қаңтардағы
№ 47 бұйрығына 8-қосымша
Қазақстан Республикасының шегінде жеке тұлғаға бағытталған кезде осындай дербес білім беру ұйымында оқитын жеке тұлғалардың тұруына Салық кодексінің 291-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында айқындалған дербес білім беру ұйымының іс жүзіндегі шығыстарының нормалары
р/с

Оқуорны
Күндік іс жүзіндегі шығыстарының нормалары (айлық есептік
көрсеткіш – бұдан әрі АЕК)
тұруға
1
Облыс, аудан орталықтары
4 АЕК-ке дейін
2
Республикалық маңызы бар қалалар, астана және Атырау қаласы
5 АЕК-ке дейін