Об установлении единых ставок фиксированного налога для всех налогоплательщиков, осуществляющих деятельность на территории Ерейментауского района
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении единых ставок фиксированного налога для всех налогоплательщиков, осуществляющих деятельность на территории Ерейментауского района
- Атауы (қаз.)
- Ерейментау ауданының аумағында қызметiн жүзеге асыратын барлық салық төлеушiлер үшiн тiркелген салықтың бiрыңғай мөлшерлемелерін белгiлеу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 6С-20/2-18
- Қабылданған күні
- 24.01.2018
- Көрсетілген редакция
- 29.05.2020 118757_464159.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 29.05.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V18BI006385
- ЭКБ идентификаторы
- 118757
- Редакция идентификаторы
- 118757_464159
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 02:02
0 Ерейментау ауданының аумағында қызметiн жүзеге асыратын барлық салық төлеушiлер үшiн тiркелген салықтың бiрыңғай мөлшерлемелерін белгiлеу туралы
Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы (Салық кодексi)» Кодексiнiң 546-бабының 3-тармағына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Заңының 6-бабына сәйкес, Ерейментау аудандық мәслихаты ШЕШIМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. Ерейментау ауданының аумағында қызметiн жүзеге асыратын барлық салық төлеушiлер үшiн тiркелген салықтың бiрыңғай мөлшерлемелері қосымшаға сәйкес белгiленсiн.
2
2. Ерейментау аудандық мәслихатының 2012 жылғы 10 желтоқсандағы № 5С-9/4-12 «Ерейментау ауданының аумағында қызметiн жүзеге асыратын барлық салық төлеушiлер үшiн бiрыңғай тiркелген салық ставкаларын белгiлеу туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3597 болып тiркелген, 2013 жылғы 26 қаңтарында аудандық «Ереймен» газетiнде, 2013 жылғы 26 қаңтарында аудандық «Ерейментау» газетiнде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
3 3. Осы шешiм Ақмола облысының Әдiлет департаментiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгiзiледi.
«КЕЛІСІЛДІ»
Ерейментау ауданының әкімі Е. Нұғыманов
24 қаңтар 2018 жыл
«Қазақстан Республикасы Қаржы
министрлiгiнiң Мемлекеттік кірістер
комитеті Ақмола облысы бойынша
Мемлекеттік кірістер департаментінің
Ерейментау ауданы бойынша
Мемлекеттік кірістер басқармасы»
республикалық мемлекеттік
мекемесiнің басшысы Ж. Тубеков
24 қаңтар 2018 жыл
4 Ерейментау аудандық мәслихатының
2018 жылғы 24 қаңтардағы
№ 6С-20/2-18 шешiмiне
қосымша
Ерейментау ауданының аумағында қызметiн жүзеге асыратын барлық салық төлеушiлер үшiн тiркелген салықтың бiрыңғай мөлшерлемелері
№
Салық салу объектiсiнiң атауы
Тiркелген салықтың
бiрыңғай мөлшерлемелері
(айлық есептiк көрсеткiш)
1.
Бiр ойыншымен ойын өткiзуге арналған ұтыссыз ойын автоматы
1
2.
Бiреуден көп ойыншының қатысуымен ойын өткiзуге арналған ұтыссыз ойын автоматы
1
3.
Ойын өткiзу үшiн пайдаланылатын дербес компьютер
2
4.
Карт
2
5.
Бильярд үстелi
3
6.
Ойын жолы
5