Об установлении единых ставок фиксированного налога для всех налогоплательщиков, осуществляющих деятельность на территории Егиндыкольского района
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении единых ставок фиксированного налога для всех налогоплательщиков, осуществляющих деятельность на территории Егиндыкольского района
- Атауы (қаз.)
- Қызметін Егіндікөл ауданы аумағында жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер үшін тіркелген салықтың бірыңғай мөлшерлемелерін белгілеу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 6С20-2
- Қабылданған күні
- 30.01.2018
- Көрсетілген редакция
- 12.06.2020 118770_466751.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 12.06.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V18BH006395
- ЭКБ идентификаторы
- 118770
- Редакция идентификаторы
- 118770_466751
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 01:58
0 Қызметін Егіндікөл ауданы аумағында жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер үшін тіркелген салықтың бірыңғай мөлшерлемелерін белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Кодексінің 546 бабының 3 тармағына сәйкес Егіндікөл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. Қызметін Егіндікөл ауданы аумағында жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер үшін тіркелген салықтың бірыңғай мөлшерлемелері қосымшаға сәйкес белгіленсін.
2
2. Егіндікөл аудандық мәслихатының «Қызметін Егіндікөл ауданы аумағында жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер үшін бірыңғай тіркелген салық мөлшерлемелерін белгілеу туралы» 2016 жылғы 24 желтоқсандағы № 6С10-8 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5717 болып тіркелген, 2017 жылғы 30 қаңтарда аудандық «Алтын Астық» газетінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
3 3. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
«Келісілді»
Егіндікөл ауданының әкімі
______________Н.Төлепов
2018 жылғы 30 қаңтар
«Келісілді»
«Қазақстан Республикасы Қаржы
министрлігінің Мемлекеттік кірістер
комитеті Ақмола облысы бойынша
Мемлекеттік кірістер департаментінің
Егіндікөл ауданы бойынша мемлекеттік
кірістер басқармасы» республикалық
мемлекеттік мекемесінің басшысы
________________Т.Ахметуллин
2018 жылғы 30 қаңтар
4 Егіндікөл аудандық мәслихатының
2018 жылғы 30 қаңтардағы
№ 6С20-2 шешіміне
қосымша
Қызметін Егіндікөл ауданы аумағында жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер үшін тіркелген салықтың бірыңғай мөлшерлемелері
р/с
№
Салық салу объектісінің атауы
Тіркелген салықтың бірыңғай мөлшерлемелері
(айлық есептік көрсеткіштермен)
1
2
3
1.
Бiр ойыншымен ойын өткiзуге арналған ұтыссыз ойын автоматы
1
2.
Бiреуден көп ойыншының қатысуымен ойын өткiзуге арналған ұтыссыз ойын автоматы
1
3.
Ойын өткiзу үшiн пайдаланылатын дербес компьютер
1
4.
Ойын жолы
5
5.
Карт
2
6.
Бильярд үстелі
3