Құжат мәтініне өту

Об определении видов и порядка поощрений граждан и организаций, а также размера денежного вознаграждения граждан, участвующих в обеспечении общественного порядка в городе Талдыкорган

Қаулы · № 34 · қабылданған 24.01.2018
Заңдық күші: Қолданыста · 21.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-118771/on/2026-08-21/
Басып шығарылды 2026-08-21 · adilet.kz
Об определении видов и порядка поощрений граждан и организаций, а также размера денежного вознаграждения граждан, участвующих в обеспечении общественного порядка в городе Талдыкорган Қолданыста Қаулы ·№ 34 ·24.01.2018
24.01.2018 редакциясы
21.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 24.01.2018. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об определении видов и порядка поощрений граждан и организаций, а также размера денежного вознаграждения граждан, участвующих в обеспечении общественного порядка в городе Талдыкорган

Қолданыста Қаулы ·№ 34 · 21.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об определении видов и порядка поощрений граждан и организаций, а также размера денежного вознаграждения граждан, участвующих в обеспечении общественного порядка в городе Талдыкорган
Атауы (қаз.)
Талдықорған қаласында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды және ұйымдарды көтермелеудің түрлері мен тәртібін, сондай-ақ азаматтарға ақшалай сыйақының мөлшерін айқындау туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
34
Қабылданған күні
24.01.2018
Көрсетілген редакция
24.01.2018 118771_291658.kaz
Соңғы өзгеріс
24.01.2018
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V18DA004520
ЭКБ идентификаторы
118771
Редакция идентификаторы
118771_291658
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 02:02

0 Талдықорған қаласында

қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге
қатысатын азаматтарды және ұйымдарды
көтермелеудің түрлері мен тәртібін,
сондай-ақ азаматтарға ақшалай
сыйақының мөлшерін айқындау туралы
«Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге азаматтардың қатысуы туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 3-бабының 2-тармағының 3) тармақшасына және «Құқық бұзушылық профилактикасы туралы» 2010 жылғы 29 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес, қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Талдықорған қаласында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды және ұйымдарды көтермелеудің түрлері мен тәртібі, сондай-ақ азаматтарға ақшалай сыйақының мөлшері айқындалсын.

2 2. «Талдықорған қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) осы қаулының Алматы облысы әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін;

2

2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электронды түрдегі көшірмелерін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

3 3) осы қаулыны Талдықорған қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында оның ресми жарияланғаннан кейін орналастыруын.

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары А. Қожабаевқа жүктелсін.

4 4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

8 Қала әкімдігінің

2018 жылғы 24 қаңтардағы
«Талдықорған қаласында
қоғамдық тәртіпті қамтамасыз
етуге қатысатын азаматтарды
және ұйымдарды көтермелеудің
түрлері мен тәртібін, сондай-ақ
азаматтарға ақшалай сыйақының
мөлшерін айқындау туралы»
№ 34 қаулысына қосымша
Талдықорған қаласында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге
қатысатын азаматтарды және ұйымдарды көтермелеудің түрлері мен тәртібі,
сондай-ақ азаматтарға ақшалай сыйақының мөлшері

1 1. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды және ұйымдарды көтермелеудің түрлері:

1 1) алғыс жариялау;

2 2) грамотамен марапаттау;

3 3) азаматтарға қатысты ақшалай сыйақы беру.

2 2. Талдықорған қалалық ішкі істер басқармасының Жергілікті полиция қызметінің ұсынысы бойынша қоғамдық тәртіпті қамтамсыз етуге азаматтарды және ұйымдарды көтермелеу мәселелерін Талдықорған қаласы әкімдігімен құрылған комиссия қарайды.

3 3. Комиссия қабылдайтын шешім көтермелеу үшін негіз болып табылады.

4 4. Көтермелеу түрлерін, соның ішінде ақшалай сыйақы мөлшерiн, көтермелеушінің қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қосқан үлесін ескере отыра, әдетте, 10 есе айлық есептiк көрсеткiштен аспайды.

5 5. Ақшалай сыйақыны төлеу үшін комиссия қабылдайтын шешімге, қосымша Талдықорған қалалық Ішкі істер басқармасы бастығының бұйрығы шығарылады.

Қолданыстағы