О переименовании некоторых улиц городов Павлодара, Экибастуза Павлодарской области
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О переименовании некоторых улиц городов Павлодара, Экибастуза Павлодарской области
- Атауы (қаз.)
- Павлодар облысы Павлодар, Екібастұз қалаларының кейбір көшелерін қайта атау туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 209/20
- Қабылданған күні
- 31.01.2018
- Көрсетілген редакция
- 31.01.2018 118774_292181.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 31.01.2018
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V18P0005861
- ЭКБ идентификаторы
- 118774
- Редакция идентификаторы
- 118774_292181
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 01:57
0 Павлодар облысы
Павлодар, Екібастұз
қалаларының кейбір
көшелерін қайта атау туралы
Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 11-бабы 4-1) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына cәйкес және Қазақстан Республикасы Үкіметі жанындағы Республикалық ономастика комиссиясының 2017 жылғы 27 қарашадағы қорытындысы негізінде, тиісті аумақтар халқының пікірін ескере отырып, Павлодар облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Павлодар облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. Павлодар қаласының «Ленин» көшесі «Астана» көшесі болып қайта аталсын.
2 2. Екібастұз қаласының мына көшелері:
«70 лет ВЛКСМ» көшесі – «Болашақ» көшесі болып;
«Комиссаров» көшесі – «Сарыарқа» көшесі болып;
«Крупской» көшесі – «Ынтымақ» көшесі болып;
«Западная» көшесі – «Ерғанат Көшербаев» көшесі болып;
«Октябрьский» өтпе жолы – «Береке» өтпе жолы болып;
«Энергетиков» көшесі – «Энергетиктер» көшесі болып;
«Горняков» көшесі – «Кеншілер» көшесі болып;
«Московская» көшесі – «Мәншүк Мәметова» көшесі болып;
«Киевская» көшесі – «Шәкәрім» көшесі болып;
«Новоселов» көшесі – «Әлия Молдағұлова» көшесі болып;
«Строительная» көшесі – «Бауыржан Момышұлы» көшесі болып;
«Декабристов» көшесі – «Жігер» көшесі болып;
«Молодогвардейцев» көшесі – «Татулық» көшесі болып;
«Октябрьская» көшесі – «Ақжол» көшесі болып;
«Пионерская» көшесі – «Балдәурен» көшесі болып;
«Советов» көшесі – «Наурыз» көшесі болып;
«Омская» көшесі – «Астана» көшесі болып;
«Энергостроителей» бульвары – «Академик Марденов» бульвары болып;
«Школьный» өтпе жолы – «Ғаббас Сағиденов» өтпе жолы болып;
«Комсомольский» өтпе жолы – «Нұрлы» өтпе жолы болып қайта аталсын.