Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил формирования перечня объектов информационно-коммуникационной инфраструктуры «электронного правительства», а также программных продуктов информационно-коммуникационной платформы «электронного правительства», закрепляемых за оператором информационно-коммуникационной инфраструктуры «электронного правительства

Бұйрық · № 29 · қабылданған 29.01.2018
Заңдық күші: Қолданыста · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-118787/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
Об утверждении Правил формирования перечня объектов информационно-коммуникационной инфраструктуры «электронного правительства», а также программных продуктов информационно-коммуникационной платформы «электронного правительства», закрепляемых за оператором информационно-коммуникационной инфраструктуры «электронного правительства Қолданыста Бұйрық ·№ 29 ·29.01.2018
08.01.2025 редакциясы
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 08.01.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил формирования перечня объектов информационно-коммуникационной инфраструктуры «электронного правительства», а также программных продуктов информационно-коммуникационной платформы «электронного правительства», закрепляемых за оператором информационно-коммуникационной инфраструктуры «электронного правительства

Қолданыста Бұйрық ·№ 29 · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил формирования перечня объектов информационно-коммуникационной инфраструктуры «электронного правительства», а также программных продуктов информационно-коммуникационной платформы «электронного правительства», закрепляемых за оператором информационно-коммуникационной инфраструктуры «электронного правительства
Атауы (қаз.)
«Электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторына бекітіп берілетін мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының және «электрондық үкiметтiң» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы объектілерінің тізбесін қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
29
Қабылданған күні
29.01.2018
Көрсетілген редакция
08.01.2025 118787_739618.kaz
Соңғы өзгеріс
08.01.2025
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1800016331
ЭКБ идентификаторы
118787
Редакция идентификаторы
118787_739618
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 01:59

0

«Электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторына бекітіп берілетін «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы объектілерінің, сондай-ақ «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық платформасының бағдарламалық өнімінің тізбесін қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы
«Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 6) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 12 шілдедегі № 501 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі туралы Ереженің 15-тармағының 137) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

1

1. Қоса беріліп отырған «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторына бекітіп берілетін «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы объектілерінің, сондай-ақ «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық платформасының бағдарламалық өнімінің тізбесін қалыптастыру қағидалары бекітілсін.

2

2. «Электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторына бекітіп берілетін мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының және «электрондық үкiметтiң» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы объектілерінің тізбесін қалыптастыру қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 26 қаңтардағы № 84 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13247 тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 10 наурызда жарияланған) бұйрығының күші жойылды деп танылсын.

3 3. Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Ақпараттандыру департаменті заңнамада белгіленген тәртіпен:

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2

2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде қазақ және орыс тілдеріндегі оның көшірмелерін ресми жариялау және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқықғындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына қағаз және электрондық түрде жіберуді;

3 3) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

4 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетелшілік ететін Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар вице-министріне жүктелсін.

5 5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

1 «Электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы операторына бекітіп берілетін «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы объектілерінің, сондай-ақ «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық платформасының бағдарламалық өнімінің тізбесін қалыптастыру ережелері

Қазақстан Республикасының
цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсіп
Министрінің бұйрығымен бекітілген
2018 жылғы 29 қаңтардағы
№ 29
«Электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы операторына бекітіп берілетін «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы объектілерінің, сондай-ақ «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық платформасының бағдарламалық өнімінің тізбесін қалыптастыру ережелері

1 1 тарау. Жалпы ережелер

1

1. Осы «электрондық үкіметті» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы операторына бекітіп берілетін «электрондық үкіметті» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы объектілерінің, сондай-ақ «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық платформасының бағдарламалық өнімінің тізбесін қалыптастыру ережелері (бұдан әрі – Ережелер) Қазақстан Республикасының «Ақпараттандыру туралы» Заңы (бұдан әрі – Заң) 7-бабына 6) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 12 шілдедегі № 501 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі туралы Ереженің 15-тармағының 137) тармақшасына сәйкес әзірленді және «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым операторына бекітілетін «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы объектілерінің тізбесін (бұдан әрі – Тізбе) қалыптастыру тәртібін анықтайды.

2 2. Осы Ережелер мынадай ұғымдар пайдаланылады:

1 1) ақпараттандыру саласындағы өкілетті орган (бұдан әрі – өкілетті орган) – ақпараттандыру және «электрондық үкімет» саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

2 2) ақпараттық жүйе – ақпараттық өзара іс-қимыл арқылы белгілі бір технологиялық әрекеттерді іске асыратын және нақты функционалдық міндеттерді шешуге арналған ақпараттық-коммуникациялық технологияларды, қызмет көрсетуші персоналдың және техникалық құжаттаманы ұйымдастырып ретке келтірілген жиынтығы;

3

3) ақпараттық коммуникациялық инфрақұрылым объектілері – ақпараттық жүйелер, технологиялық платформалар, аппараттық-бағдарламалық кешендер, серверлік үй-жайлар (деректерді өңдеу орталықтары), телекоммуникациялар желілері, сондай-ақ техникалық құралдардың ақпараттық қауіпсіздігін және үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету жүйелері;

4 4) аппараттық-бағдарламалық кешен (бұдан әрі – АБК) – белгілі бір типтегі міндеттерді шешу үшін бірлесіп қолданылатын бағдарламалық қамтыуы мен техникалық құралдардың жиынтығы;

5 5) «электрондық үкіметтің» архитектурасы – тиісті салалар (аялар) бөлінісінде мемлекеттік басқарудың міндеттерін, функцияларын қоса алғанда, «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерінің цифрлық нысандағы сипаттамасы;»

6 6) «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторы (бұдан әрі – оператор) – Қазақстан Республикасының Үкіметімен белгіленетін, «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының жұмыс істеуін қамтамасыз ету жүктелген заңды тұлға;

7

7) «электрондық үкіметтің» архитектуралық порталы - ақпараттандыру саласындағы мониторинг, талдау және жоспарлау үшін мемлекеттік органдардың одан әрі пайдалануы мақсатында «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілері туралы мәліметтерді есепке алу, сақтауды және жүйелеуді жүзеге асыру, «электрондық үкіметтің» архитектурасына арналған ақпараттандыру объектісі;

8 8) «электрондық үкіметтің» сервистік интеграторы – «электрондық үкіметтің» архитектурасын дамытуды әдіснамалық қамтамасыз ету жөніндегі функциялар, сондай-ақ Заңда көзделген өзге де функциялар жүктелген Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын заңды тұлға;

9) «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық платформасының бағдарламалық өнімі (бұдан әрі – платформалық бағдарламалық өнім) – «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық платформасында әзірленген және орналастырылған бағдарламалық қамтылым.

2 2-тарау. «Операторға бекітіп берілетін «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы объектілерінің, сондай-ақ «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық платформасының бағдарламалық өнімінің тізбесін қалыптастыру тәртібі

3 3. Мемлекеттік орган «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы объектісін (бұдан әрі – объект) Тізбеге енгізу үшін өкілетті органға келесі құжаттарды ұсына отырып, осы Ережелдің 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш жібереді:

1 1) ақпараттық жүйені Тізбесіне қосқан кезде:

осы ақпараттық жүйенің көмегімен электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізбесіне осы ақпараттық жүйенің көмегімен автоматтандырылатын мемлекеттік органдардың функцияларының тізбесі;
осы Ережелердің 2-қосымшаға сәйкес операторға бекітілетін «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы объектілерінің тізбесін қалыптастыру кезінде ақпараттық жүйенің ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектілерін іріктеу өлшемшарттарына сәйкестігі туралы ақпарат (бұдан әрі – өлшемдер).

2 2) АБК Тізбесіне қосу кезінде:

АБК тіркелген пайдаланушылар саны туралы мәліметтер;
АБК арқылы мемлекеттік органның пайдаланушылары өзара іс-қимыл жасайтын ақпараттық жүйелердің тізбесі;
әрбір бөлімше (мемлекеттік органдар, ведомстволық бағынысты ұйымдар, Аумақтық бөлімшелер) бойынша АБК пайдаланушылардың түпкілікті санын көрсете отырып, АБК-ні пайдаланатын мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшелерінің, оның ішінде аумақтық бөлімшелерінің тізімі;
мемлекеттік органда пайдалануға рұқсат етілген бағдарламалық қамтылымның тізімі;
АБК өлшемдеріне сәйкестігі туралы ақпарат.
Бұл ретте мемлекеттік органдар «Электрондық үкіметтің» архитектурасын қалыптастыру және іске асырылуын мониторингілеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2019 жылғы 12 тамыздағы № 193/НҚ бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 134088 болып тіркелген) бекітетін «электрондық үкіметтің» архитектурасын қалыптастыру және іске асыру мониторингі қағидаларына сәйкес «электрондық үкіметтің» архитектуралық порталында ақпараттандыру объектілері және оларға техникалық құжаттама туралы мәліметтерді орналастыруды қамтамасыз етеді.

4

4. Өкілетті орган Мемлекеттік орган ұсынған, осы Қағидалардың 4-тармағында көрсетілген құжаттарды тексереді және олардың «электрондық үкіметтің» объектінң архитектурасына сәйкестігі немесе сәйкес еместігі туралы ұсынымдарды, сондай-ақ «электрондық үкіметтің» архитектуралық порталында орналастырылған объектілер туралы мәліметтерді ұсыну үшін өтініш келіп түскен күннен бастап бес жұмыс күн ішінде сервистік интеграторға жібереді.

5

5. Сервистік интегратор өтініш келіп түскен күннен бастап бес жұмыс күн ішінде өкілетті органға объектінің, мемлекеттік органның «электрондық үкімет» архитектурасына сәйкестігі немесе сәйкес еместігі туралы ұсынымдарды, сондай-ақ «электрондық үкіметтің» архитектуралық порталында орналастырылған объектілер туралы мәліметтерді ұсынады, сондай-ақ «электрондық үкіметтің» архитектуралық порталында объект туралы мынадай мәліметтердің бар-жоғын растайды:

1 1) Тізбеге ақпараттық жүйені қосқан кезде:

ақпараттық жүйенің сипаттамасы;
техникалық құжаттаманың көшірмесі;
өнеркәсіптік пайдалануға тапсыру туралы құжат;
ақпараттық жүйенің тіркелген пайдаланушыларының саны туралы мәліметтер;
ақпараттық жүйені пайдаланатын мемлекеттік органдардың саны және ақпараттық жүйе енгізілген объектілердің саны (мемлекеттік органдар, ведомстволық бағынысты ұйымдар, аумақтық бөлімшелер);
ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестікке сынақтар хаттамаларының көшірмесі (егер ақпараттық жүйе даму сатысында болған жағдайда, мерзімі өткен сынақтар хаттамалары).

2 2) АБК Тізбесіне қосу кезінде:

АБК сипаттамасы;
АБК техникалық сипаттамалары.

6 6. Өкілетті орган объектіні келесі негіздер бойынша енгізуден бас тартады:

1 1) егер объект өлшемшарттарға сәйкес іріктеу қорытындысы бойынша үш және одан көп балл жинамаса. Бұл ретте әрбір өлшемшартта кемінде бір балл жинау қажет;

2 2) объектінің «электрондық үкімет» архитектурасына сәйкес болмауы.

3 3) осы Қағидалардың 6-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көзделген «электрондық үкіметтің» архитектуралық порталында объект туралы орналастырылған мәліметтердің болмауы.

7 7. Өкілетті орган сервистік интегратордан ұсыным алған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде шешім қабылдайды және өзінің шешімі туралы Мемлекеттік органды хабар береді:

1 1) объектіні Тізбеге енгізу туралы;

2 2) бас тарту себептерін көрсете отырып, объектті Тізбеге енгізуден бас тарту туралы шешімдердің бірін қабылдайды.

8 8. Объектіні Тізбеге енгізу туралы шешім қабылданған жағдайда өкілетті орган бес жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде операторды осы Қағидалардың 4-ші және 6-шы тармағында көрсетілген құжаттар тізбесін ұсына отырып, қабылданған шешім туралы хабардар етеді.

9 9. Өкілетті орган объектіні Тізбеге енгізу туралы шешім негізінде бес жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде тиісті бұйрықты әзірлеу және қабылдауды жүзеге асырады.

10 10. Тізбеге енгізілген объектіні пайдалану тоқтатылған жағдайда, Мемлекеттік орган он жұмыс күні өткеннен кейін осы объектіні Тізбеден алып тастау үшін өкілетті органды хабардар етеді.

11 11. Әзірленген платформалық бағдарламалық өнімді Тізбеге енгізу үшін мемлекеттік орган уәкілетті органды хабардар етеді және ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкес сынақтардың оң нәтижелерін (сынақ хаттамасы) ұсынады.

1.1 ӨТІНІШ операторға бекітіп берілетін «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық объектілердің тізбесіне қосу

Ережелерге 1-і қосымша
«электрондық үкімет» ақпараттық-
коммуникациялық инфрақұрылымы
объектілерінің тізбесіне қалыптастыру,
операторына бекітілетін
«электрондық үкіметтің»
ақпараттық-коммуникациялық
инфрақұрылымы
Пішіні
Кімге_______________________
( ақпраттандыру саласындағы
өкілетті органның атауы)
ӨТІНІШ
операторға бекітіп берілетін «электрондық үкіметтің»
ақпараттық-коммуникациялық объектілердің тізбесіне қосу
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
                        (өкілетті органның атауы)
сұрайды
_________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
(«электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектісінің атауы)
________________________________________________________________________________
            (тегі, аты, әкесінін аты (болған кезде), қолы, күні)
      Мөрге арналған орын

1.2 Іріктеу критерийлері, операторға бекітіп берілетін «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы объектілерінің тізбесін қалыптастыру кезінде ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектілерінің тізбесі

Ережелерге 2-і қосымша
«электрондық үкімет» ақпараттық-
коммуникациялық инфрақұрылымы
объектілерінің тізбесіне
қалыптастыру, операторына
бекітілетін «электрондық
үкіметтің» ақпараттық-
коммуникациялық
инфрақұрылымы
Іріктеу критерийлері, операторға бекітіп берілетін «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы объектілерінің тізбесін қалыптастыру кезінде ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектілерінің тізбесі

Кри­те­рий ата­уы
Нұс­қа­ла­ры
1
Ақ­па­рат­тық жүй­е­нің және (неме­се) ап­па­рат­тық-бағ­дар­ла­ма­лық ке­шен­нің (бұ­дан әрі – АБК) ауқы­мы
1.1.
Ақ­па­рат­тық жүй­е­нің және (неме­се) АБК - нің тір­кел­ген пай­да­ла­ну­шы­ла­ры 1-ден астам ор­та­лық мем­ле­кет­тік ор­ган­ның (бұ­дан әрі – ОМО) қыз­мет­кер­ле­рі бо­лып та­бы­ла­ды.
1
0
1.2.
Ақ­па­рат­тық жүй­е­нің және (неме­се) АБК-нің тір­кел­ген пай­да­ла­ну­шы­ла­ры бір ОМО-ның бар­лық ве­дом­ство­лық ба­ғы­ны­сты ұй­ым­да­ры­ның және аумақ­тық бө­лім­ше­ле­рі­нің қыз­мет­кер­ле­рі (болған жағ­дай­да) бо­лып та­бы­ла­ды.
1
0
1.3.
1-ден астам ОМО ақ­па­рат­тық жүй­е­сі де­ректер­ді алу үшін осы ақ­па­рат­тық жүй­е­мен ин­те­гра­ци­я­лан­ған және де­ректер­ді тұ­рақ­ты негіз­де пай­да­ла­на­ды
1
0
1.4.
Бар­лық ве­дом­ство­лық ба­ғы­ны­сты ұй­ым­дар­дың және бір ОМО-ның 20 аумақ­тық бө­лім­ше­ле­рі­нің ақ­па­рат­тық жүй­е­сі (болған жағ­дай­да) де­ректер­ді алу үшін осы ақ­па­рат­тық жүй­е­мен ин­те­гра­ци­я­лан­ған және олар­ды тұ­рақ­ты негіз­де пай­да­ла­на­ды
1
0
2
Ақ­па­рат­тық жүй­е­нің және (неме­се) АБК са­на­ты
2.1.
Ақ­па­рат­тық жүйе және (неме­се) АБК эта­лон­дық сақ­тау ор­ны не же­ке­ле­ген са­нат­тар, аза­мат­тар неме­се олар­дың мүл­кі ту­ра­лы де­ректер үшін сақ­тау құ­ра­лы бо­лып та­бы­ла­ды.
1
0
2.2.
Ақ­па­рат­тық жүйе және (неме­се) АБК эта­лон­дық сақ­тау ор­ны не мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер­ді алу ке­зін­де аза­мат­тар­дан та­лап еті­ле­тін бас­қа да ба­стап­қы де­ректер­ді сақ­тау құ­ра­лы бо­лып та­бы­ла­ды.
1
0
2.3.
Ақ­па­рат­тық жүйе және (неме­се) АБК 3-тен астам элек­трон­дық мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті ұсы­ну үшін іс­ке қо­сы­л­ған неме­се жағ­дай жа­сай­ды.
1
0
2.4.
Ақ­па­рат­тық жүйе және (неме­се) АБК мем­ле­кет­тік ор­ган­дар­дың ку­әлан­ды­ру­шы ор­та­лы­ғы­ның элек­трон­дық-цифр­лық қол­таң­ба­сы­ның жа­бық кі­лт­те­рі бар ақ­па­рат жет­кіз­гіш­тер­ді пай­да­ла­на оты­рып, мем­ле­кет­тік ор­ган­дар­дың өза­ра іс-қи­мы­лын және олар­ды санк­ци­я­лан­ба­ған қол жет­кі­зу­ден қор­ғауды қам­та­ма­сыз ете­ді.
1
0
2.5.
Ақ­па­рат­тық жүйе және (неме­се) АБК Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы мем­ле­кет­тік ор­ган­да­ры­ның бі­рың­ғай кө­лік­тік ор­та­сын­да жұ­мыс іс­тей­ді.
1
0
3
Ақ­па­рат­тық жүй­е­ні және (неме­се)АБК пай­да­ла­ну­шы­лар­дың са­ны
3.1.
Ақ­па­рат­тық жүй­е­де 1000-нан астам бел­сен­ді тір­кел­ген пай­да­ла­ну­шы­лар бар
1
0
3.2.
Ақ­па­рат­тық жүй­е­нің және (неме­се) АБК-нің ба­стап­қы де­ректе­рін 100 000-нан астам адам пай­да­ла­на­ды.
1
0
3.3.
Ақ­па­рат­тық жүй­е­ге және (неме­се) АБК-ге Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның бар­лық мем­ле­кет­тік қыз­мет­ші­ле­рі­нің ке­мін­де 50%-ы қо­сы­л­ған
1
0
3.4.
Мем­ле­кет­тік ор­ган­ның бар­лық пай­да­ла­ну­шы­ла­ры АБК құ­рам­дас бө­лік­те­рін пай­да­ла­на­ды
1
0

Қолданыстағы