Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

Об определении видов и порядка поощрения граждан, а также размера денежного вознаграждения, участвующих в обеспечении общественного порядка в Карасайском районе

Қаулы · № 38 · қабылданған 22.01.2018
Заңдық күші: Күшін жойған · 20.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-118832/on/2026-09-20/
Басып шығарылды 2026-09-20 · adilet.kz
Об определении видов и порядка поощрения граждан, а также размера денежного вознаграждения, участвующих в обеспечении общественного порядка в Карасайском районе Күшін жойған 11.09.2026 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

Об определении видов и порядка поощрения граждан, а также размера денежного вознаграждения, участвующих в обеспечении общественного порядка в Карасайском районе

Күшін жойған Қаулы № 38 20.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об определении видов и порядка поощрения граждан, а также размера денежного вознаграждения, участвующих в обеспечении общественного порядка в Карасайском районе
Атауы (қаз.)
Қарасай ауданында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібін, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшерін айқындау туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
38
Қабылданған күні
22.01.2018
Көрсетілген редакция
11.09.2026 I118832_2.kaz
Соңғы өзгеріс
11.09.2026
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V18DK004521
ЭКБ идентификаторы
118832
Редакция идентификаторы
I118832_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
18.09.2026 03:59
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
20.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 11.09.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0 Қарасай ауданында

қоғамдық тәртіпті қамтамасыз
етуге қатысатын азаматтарды
көтермелеудің түрлері мен
тәртібін, сондай-ақ оларға
ақшалай сыйақының мөлшерін
айқындау туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Қарасай ауданы әкімдігінің 11.09.2026 № 310 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
«Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге азаматтардың қатысуы туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының 3-бабының 2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес, Қарасай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес, Қарасай ауданында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібі, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшері айқындалсын.

2. «Қарасай ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы қаулының Алматы облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электронды түрдегі көшірмелерін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне енгізу және ресми жариялау үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

3) осы қаулыны мемлекеттік тіркелген күннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін ресми жариялауға Қарасай ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарға жолдауын;

4) осы қаулыны Қарасай ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында оның ресми жарияланғаннан кейін орналастыруын қамтамасыз етсін.

3. Осы қаулының орындалуын бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Нұржан Алмабаевич Сатубековке жүктелсін.

4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

9 Қарасай ауданы әкімдігінің

2018 жылғы 22 қаңтар
«Қарасай ауданында қоғамдық
тәртіпке қатысатын азаматтарды
көтермелеудің түрлері мен тәртібін
және оларға ақшалай сыйақының
мөлшерін айқындау туралы»
№ 38 қаулысына қосымша
Қарасай ауданында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібі сондай-ақ оларға
ақшалай сыйақының мөлшері

1. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері:

1) алғыс жариялау;

2) грамотамен марапаттау;

3) ақшалай сыйақы беру.

2. Қарасай ауданының Ішкі істер басқармасының ұсынысы бойынша қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу мәселелерін Қарасай ауданының Әкімдігімен құрылған комиссия қарайды.

3. Комиссия қабылдайтын шешім көтермелеу үшін негіз болып табылады.

4. Көтермелеу түрлерін, соның ішінде ақшалай сыйақы мөлшерін, көтермеленушінің қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қосқан үлесін ескере отыра, әдетте 10 айлық есептік көрсеткіштен аспайтын, Комиссия белгілейді.

5. Ақшалай сыйақыны төлеу Комиссия қабылдаған шешімге сәйкес, қосымша Ішкі істер басқармасы бастығының бұйрығы шығарылады.