Құжат мәтініне өту

Об определении специально отведенных мест для осуществления выездной торговли на территории Сайрамского района

Қаулы · № 11 · қабылданған 18.01.2018
Заңдық күші: Күшін жойған · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-118835/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
Об определении специально отведенных мест для осуществления выездной торговли на территории Сайрамского района Күшін жойған Қаулы ·№ 11 ·18.01.2018
23.10.2020 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 23.10.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об определении специально отведенных мест для осуществления выездной торговли на территории Сайрамского района

Күшін жойған Қаулы ·№ 11 · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об определении специально отведенных мест для осуществления выездной торговли на территории Сайрамского района
Атауы (қаз.)
Сайрам ауданы аумағындағы көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін арнайы бөлінген орындарды белгілеу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
11
Қабылданған күні
18.01.2018
Көрсетілген редакция
23.10.2020 118835_488092.kaz
Соңғы өзгеріс
23.10.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V18UJ004449
ЭКБ идентификаторы
118835
Редакция идентификаторы
118835_488092
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 02:04

0 Сайрам ауданы аумағындағы

көшпелі сауданы жүзеге асыру
үшін арнайы бөлінген орындарды
белгілеу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабының 2 тармағына, «Сауда қызметін реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 12 сәуірдегі Заңының 27 бабының 2-тармағына және «Ішкі сауда қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы №264 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №11148 болып тіркелген) сәйкес, Сайрам ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Сайрам ауданы аумағында көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін арнайы бөлінген орындар осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.

2 2. «Сайрам ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:

1 1) осы қаулыны аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуді;

2

2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін баспа және электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

3 3) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін ресми жариялау үшін Сайрам ауданында таралатын мерзімді басылымдарға жіберуді;

4 4) осы қаулыны оның ресми жарияланғаннан кейін Сайрам ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Б.Олжаевқа жүктелсін.

4 4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

9 Сайрам ауданы әкімдігінің

2018 жылғы 18 қаңтардағы
№11қаулысына қосымша
Сайрам ауданы аумағындағы көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін арнайы бөлінген орындары

Мекен жайы
1
Ақсукент ауылдық округі, Ақсу ауылы, Айтеке би көшесі «Сайрам Тазалық» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі ғимаратының алды.
2
Ақбұлақ ауылдық округі, Ақбұлақ ауылы, Ташимов және Колхозшы көшелерінің қиылысы.
3
Жібек-жолы ауылдық округі, Жібек-жолы ауылы, Алматы-Термез тас жолы және Жібек-жолы көшесінің қиылысы.
4
Қайнарбұлақ ауылдық округі, Қасымбек Датқа ауылы, С.Муханов және М.Оразалиев көшелерінің қиылысы.
5
Қарасу ауылдық округі, Әйтеке би ауылы, Ш.Уалиханов көшесі, «Dala-Fruit» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің алма бауының сол жағы.
6
Қарабұлақ ауылдық округі, Қарабұлақ ауылы, Ахунбабаев көшесі, бұрынғы «Нұр Қарабұлақ» мал базарының аумағы.
7
Құтарыс ауылдық округі, Құтарыс ауылы, Әбубәкіров көшесі, бұрынғы астық қырманының аумағы.
8
Көлкент ауылдық округі, Көлкент ауылы, «Санур-1» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің астық бидай қырманының алды.
9
Қарамұрт ауылдық округі, Қарамұрт ауылы, Х.Нигмаджанов және А.Моминжанов көшелерінің қиылысы.
10
Манкент ауылдық округі, Манкент ауылы, Набережная көшесі, «МСК-ПГС» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі карьерінің алды.

Қолданыстағы