О признании утратившими силу некоторых решении Жылыойского районного маслихата
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О признании утратившими силу некоторых решении Жылыойского районного маслихата
- Атауы (қаз.)
- Жылыой аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 17-3
- Қабылданған күні
- 30.01.2018
- Көрсетілген редакция
- 30.01.2018 118839_293215.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 30.01.2018
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V18TB004052
- ЭКБ идентификаторы
- 118839
- Редакция идентификаторы
- 118839_293215
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 01:58
0 Жылыой аудандық мәслихатының
кейбір шешімдерінің күші жойылды
деп тану туралы
«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 27 бабына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Жылыой аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
2 2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың экология, ауылшаруашылығы, агроөнеркәсіп, заңдылықты сақтау, құқық тәртібі және депутаттық этика мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына (Т.Майлыбаев) жүктелсін.
3 3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді, ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
4 Аудандық мәслихаттың
2018 жылғы 30 қаңтардағы
№ 17-3 шешіміне қосымша
Жылыой аудандық мәслихатының күші жойылған шешімдерінің тізбесі:
1
1. Жылыой аудандық мәслихатының 2016 жылғы 22 маусымдағы №3-12 «Жылыой ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына отын сатып алу үшін әлеуметтік көмек беру туралы » (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3551 болып тіркелген, 2016 жылғы 15 шілдеде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) шешімі;
2
2. Жылыой аудандық мәслихатының 2016 жылғы 31 қазандағы №6-4 «Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес Жылыой ауданында пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелерін және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін жоғарылату туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3685 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 06 желтоқсан 2016 жылы жарияланған) шешімі;
3
3. Жылыой аудандық мәслихатының 2017 жылғы 29 қыркүйектегі №14-3 «Жылыой ауданының жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі 2017-2018 жылдарға арналған жоспарын бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3977 болып тіркелген, 2017 жылғы 8 қарашадағы Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешімі.