О внесении изменения и дополнения в Регламент Конституционного Совета Республики Казахстан
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения и дополнения в Регламент Конституционного Совета Республики Казахстан
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің Регламентіне өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 2
- Қабылданған күні
- 20.02.2018
- Көрсетілген редакция
- 20.02.2018 118916_295470.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 20.02.2018
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- S1800000002
- ЭКБ идентификаторы
- 118916
- Редакция идентификаторы
- 118916_295470
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 01:43
0 Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің
Регламентіне өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы
«Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі туралы» 1995 жылғы 29 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 9-бабының 2-тармағына және Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің 2002 жылғы 19 сәуірдегі № 1 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесі Регламентінің 34-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі қаулы етеді:
1
1. Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің 2002 жылғы 19 сәуірдегі № 1 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесі Регламентіне (Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің Жаршысы, 2002 жыл, № 5-басылым; Юридическая газета, 2002 жылғы 15 мамырдағы № 19; Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің Жаршысы, 2006 жыл, № 9-басылым; Юридическая газета, 2009 жылғы 18 ақпандағы № 25) мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
1 1) 4-тармақтың сегізінші абзацы мынадай мазмұндағы үшінші сөйлеммен толықтырылсын:
«Бұл ереже осы Регламенттің 27 және 28 – тармақтарында қарастырылған жағдайларда да қолданылады.»;
2 2) 25 – тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Басқа шешімдердің күшіне ену тәртібін Конституциялық Кеңес заңнамаға сәйкес белгілейді.».