Құжат мәтініне өту

Об утверждении форм некоторых таможенных документов

Бұйрық · № 110 · қабылданған 01.02.2018
Заңдық күші: Қолданыста · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-118925/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
Об утверждении форм некоторых таможенных документов Қолданыста Бұйрық ·№ 110 ·01.02.2018
29.03.2023 редакциясы
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.03.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении форм некоторых таможенных документов

Қолданыста Бұйрық ·№ 110 · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении форм некоторых таможенных документов
Атауы (қаз.)
Кейбір кедендік құжаттардың нысандарын бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
110
Қабылданған күні
01.02.2018
Көрсетілген редакция
29.03.2023 118925_623927.kaz
Соңғы өзгеріс
29.03.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1800016365
ЭКБ идентификаторы
118925
Редакция идентификаторы
118925_623927
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 01:57

0 Кейбір кедендік құжаттардың

нысандарын бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 404-бабы 7-тармағына, 415-бабының 5-тармағына, 532-бабы 1-тармағының 11) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Мыналар:

1 1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес үй-жайлар мен аумақтарды кедендік қарап-тексеруді жүргізуге арналған нұсқама нысаны;

2 2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес тұрақты және уақытша рұқсат қағаздарының нысаны;

3 3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес үй-жайлар мен аумақтарды кедендік қарап-тексеруді жүргізуге арналған нұсқаманы тіркеу журналының нысаны;

4 4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес тұрақты және уақытша рұқсат қағаздарын тіркеу журналының нысаны бекітілсін;

5 5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес тауарларды жөнелтуші (шығарылған, транзит) елдің кедендік декларацияларының көшірмелерін кедендік декларациялау кезінде ұсынуға келісім беру туралы міндеттеме нысаны.

2 2. Мыналардың:

1

1) «Үй-жайлар мен аумақтарды қарауға арналған ұйғарымның (нұсқаудың) нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 17 тамыздағы № 415 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6454 болып тіркелген, 2010 жылғы 28 қырқүйектегі №390-393 (26236)) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған);

2

2) «Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 18 наурыздағы №139 бұйрығымен бекітілген өзгерістер енгізілетін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі бұйрықтарының тізбесінің 3-тармағы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №13622 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2016 жылдың 7 маусымында жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

3 3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті (А.М. Теңгебаев) заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2

2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмелерін ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдануын;

3 3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

4

4) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.

1 Қазақстан Республикасы

Қаржы министрінің
2018 жылғы 1 ақпандағы
№ 110 бұйрығына 1-қосымша
Нысан

1 1._________________________________________________________________

(кедендік қарап-тексеруді жүзеге асырушы мемлекеттік кірістер органының атауы)
«Қазақстан Республикасындағы кеден ісін реттеу туралы» 2017 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 415-бабының сәйкес үй-жайлар мен аумақтарға кедендік қарап-тексеру жүргізілсін:

2 2. ___________________________________________________________________________

(қаралатын субъектінің атауы, (жеке сәйкестендіру нөмірі/ бизнес сәйкестендіру нөмірі), заңды және нақты мекенжайы)

3 3._____________________________________________________________________________

(кедендік қарап-тексеру өткізудің мақсаты)

4 4. ___________________________________________________________________________

(тегі, аты және әкесінің аты (ол болған кезде), кедендік қарап-тексеруді жүргізуге уәкілетті мемлекеттік кірістер органдарының лауазымы)

5 5._____________________________________________________________________________

(кедендік қарап-тексеру өткізудің мерзімі)

6 6.____________________________________________________________________________

(үй-жайлар мен аумақтарды кедендік қарап-тексеру актісінің нөмірі (өткізілген кедендік қарап-тексеру нәтижесі бойынша толтырылады)
Аумақтық мемлекеттік
кірістер органы
басшысының қолы______________
_______________________
тегі, аты және әкесінің аты
(ол болған кезде)
М.О.

2 Қазақстан Республикасы

Қаржы министрінің
2018 жылғы 1 ақпандағы
№ 110 бұйрығына 2-қосымша
Нысан
______________________________
(мемлекеттік кірістер органы)
№_____ Тұрақты рұқсат қағазы
3х4 Берілді _________________________________
фото Тегі, аты және әкесінің аты (ол болған
кезде)
орны Ұйымның атауы____________________________
Лауазымы ________________________________
Кедендік бақылау аймағы _________________
Берілді____ _____ 20___жылы 20___жылғы ____ ____ дейін жарамды
Жеке куәліктің № ________________________
Мемлекеттік кірістер органның
басшысы _______________________________
------------------------------------------------------------------------------------------------------
______________________________
(мемлекеттік кірістер органы)
20___жылғы ___ ______ №_____ Уақытша рұқсат қағазы
Кедендік бақылау аумағына өту үшін рұқсат қағазы __________________________
Тегі, аты және әкесінің аты (ол болған кезде) _______________________________
Ұйымның атауы ______________________________________________________
Лауазымы ___________________________________________________________
Келу уақыты ___ сағат___минут Кету уақыты ___ сағат___минут
__________________________________________ кіру рұқсат етілді.
(тегі, аты және әкесінің аты (ол болған
кезде), лауазымы, қолы).
Ескертпе: рұқсат қағазының мөлшері – 148х210 миллиметрге (А5 форматы) сәйкес келеді.

3 Қазақстан Республикасы

Қаржы министрінің
2018 жылғы 1 ақпандағы
№ 110 бұйрығына 3-қосымша
Нысан
р/с №
Қа­ра­ла­тын субъ­ек­ті­нің ата­уы
Субьек­ті­нің ЖСН/БСН
*
Ке­ден­дік қа­рап-тек­се­ру­ге жа­та­тын уа­қыт­ша сақ­тау ор­ны
Ке­ден­дік қа­рап-тек­се­ру­ді өт­кі­зу мақ­са­ты
Мем­ле­кет­тік кі­ріс ор­ган­да­ры­ның ла­у­а­зым­ды адам­да­ры, те­гі, аты және әке­сі­нің аты (ол болған кез­де), ла­у­а­зы­мы
Үй-жай­лар мен аумақ­тар­ды ке­ден­дік қа­рап-тек­се­ру ак­ті­сі­нің нө­мі­рі (қа­рап-тек­се­ру­ді өт­кі­зу нәти­же­сі бой­ын­ша тол­ты­ры­ла­ды)
Ке­ден­дік қа­рап-тек­се­ру­ге шы­ғу кү­ні және уа­қы­ты
Ке­ден­дік қа­рап-тек­се­ру­ді аяқ­тау кү­ні және уа­қы­ты
Ес­керт­пе
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
Ескертпе:
* ЖСН–Жеке сәйкестендіру нөмірі;
БСН–Бизнес сәйкестендіру нөмірі.

4 Қазақстан Республикасы

Қаржы министрінің
2018 жылғы 1 ақпандағы
№ 110 бұйрығына 4-қосымша
Нысан
р/с №
Рұқ­сат қа­ға­з­дың
тү­рі
Ке­ден­дік ба­қы­лау ау­ма­ғы­ның тү­рі
Рұқ­сат­қа­ға­з­ды ала­тын ла­у­а­зым­ды адам­ның те­гі, аты және әке­сі­нің аты (ол болған кез­де)
Рұқ­сат қа­ға­з­ды ала­тын ұй­ым­ның ата­уы
Тұ­рақ­ты рұқ­сат қа­ға­зы
Уа­қыт­ша рұқ­сат қа­ға­зы
Мем­ле­кет­тік кі­ріс ор­ган­да­ры­ның рұқ­сат қа­ға­зын бер­ген адам­ның те­гі, аты және әке­сі­нің аты (ол болған кез­де), ла­у­а­зы­мы
Рұқ­сат қа­ға­зын бе­ре­тін ла­у­а­зым­ды адам­ның қо­лы
Бе­рі­л­ген кү­ні
Жа­рам­ды мер­зі­мі
Кү­ні
Ке­лу уа­қы­ты (___ са­ғат,___­ми­нут)
Ке­ту уа­қы­ты (___ са­ғат, ___­ми­нут)
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12

5 Тауарларды жөнелтуші (шығарылған, транзит) елдің кедендік декларацияларының көшірмелерін кедендік декларациялау кезінде ұсынуға келісім беру туралы міндеттеме

Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2018 жылғы 1 ақпандағы
№ 110 бұйрығына
5-қосымша
Нысан
Тауарларды жөнелтуші (шығарылған, транзит) елдің кедендік декларацияларының көшірмелерін кедендік декларациялау кезінде ұсынуға келісім беру туралы міндеттеме
___________________________________________________________________
(заңды тұлғаның атауы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі)
_________________________________________________________ тұлғасында
(тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде), лауазымы)
«Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Кодекстің 532-бабы 1-тармағының 11) тармақшасына сәйкес келтіру мақсатында, егер уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша мұндай кедендік декларацияны толтыру жөнелту (шығарылған, транзит) елінде көзделсе, тауарларды жөнелтуші (шығарылған, транзит) елдің кедендік декларацияларының көшірмелерін кедендік декларациялау кезінде ұсынуға міндеттенеді.
Қолы _____________________________________________
тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)
Күні ______________________________________________

Қолданыстағы