Құжат мәтініне өту

Об установлении ограничительных мероприятий в селе Ашутасты города Аркалыка

Өзге акт · № 1 · қабылданған 09.02.2018
Заңдық күші: Күшін жойған · 21.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-118957/on/2026-08-21/
Басып шығарылды 2026-08-21 · adilet.kz
Об установлении ограничительных мероприятий в селе Ашутасты города Аркалыка Күшін жойған Өзге акт ·№ 1 ·09.02.2018
19.11.2018 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
21.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 19.11.2018. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об установлении ограничительных мероприятий в селе Ашутасты города Аркалыка

Күшін жойған Өзге акт ·№ 1 · 21.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об установлении ограничительных мероприятий в селе Ашутасты города Аркалыка
Атауы (қаз.)
Арқалық қаласы Ашутасты ауылында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
1
Қабылданған күні
09.02.2018
Көрсетілген редакция
19.11.2018 118957_372267.kaz
Соңғы өзгеріс
19.11.2018
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V18NC007532
ЭКБ идентификаторы
118957
Редакция идентификаторы
118957_372267
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 01:52

0 Арқалық қаласы Ашутасты

ауылында шектеу іс-шараларын
белгілеу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабына, «Ветеринария туралы» 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңы 10-1-бабының 7) тармақшасына сәйкес және «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Арқалық қалалық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесінің бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2018 жылғы 22 қаңтардағы № 01-20/55 ұсынысы негізінде Ашутасты ауылының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1 1. Қостанай облысы Арқалық қаласы Ашутасты ауылында орналасқан «Арқалық ауыл шаруашылық тәжірибе станциясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің мал шаруашылығы фермасы аумағында ірі қара малдың туберкулез ауруының пайда болуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.

2

2. «Арқалық қалалық әкімдігінің ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша), «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетiнiң Арқалық қалалық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша), «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің Қостанай облысы қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің Арқалық қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы» республикалық мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) анықталған эпизоотиялық ошақта ветеринариялық – санитариялық қолайлы жағдайға қол жеткізуге қажетті ветеринариялық – санитариялық іс – шаралар жүргізу ұсынылсын.

3 3. «Арқалық қаласы Ашутасты ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

1 1) осы шешімді аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

2

2) осы әкімнің шешімі мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін «Республикалық құқықтық ақпарат» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

3 3) осы шешімді ресми жарияланғанынан кейін Арқалық қаласы әкімдігінің интернет - ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.

4 4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

5 5. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
«Арқалық қаласы әкімдігінің
ветеринария бөлімі» мемлекеттік
мекемесінің басшысы
________________Е.С. Асылбаев
«КЕЛІСІЛДІ»
«Қазақстан Республикасы Ауыл
шаруашылығы министрлігі
ветеринариялық бақылау және
қадағалау комитетінің Арқалық
қалалық аумақтық инспекциясы»
мемлекеттік мекемесінің басшысы
________________Е.К. Канапин
«КЕЛІСІЛДІ»
«Қазақстан Республикасы Денсаулық
сақтау министрлігі Қоғамдық
денсаулық сақтау комитетінің
Қостанай облысы қоғамдық денсаулық
сақтау департаментінің Арқалық
қалалық қоғамдық денсаулық сақтау
басқармасы» республикалық
мемлекеттік мекемесінің басшысы
_______________ Б.А. Кұрғанбекова

Қолданыстағы