О признании утратившими силу некоторых постановлений акимата Жамбылской области
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О признании утратившими силу некоторых постановлений акимата Жамбылской области
- Атауы (қаз.)
- Жамбыл облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 3
- Қабылданған күні
- 25.01.2018
- Қолданысқа енгізілген күні
- 12.03.2018
- Көрсетілген редакция
- 25.01.2018 118977_295334.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 25.01.2018
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V18G0003708
- ЭКБ идентификаторы
- 118977
- Редакция идентификаторы
- 118977_295334
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 02:01
0 Жамбыл облысы әкімдігінің
кейбір қаулыларының күші
жойылды деп тану туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңына сәйкес Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Жамбыл облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
2 2. Облыс әкімі аппаратының персоналды басқару бөлімі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1 1) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;
2 2) осы қаулының мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде оны ресми жариялауға жіберуді;
3 3) осы қаулының Жамбыл облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
4 4) осы қаулыдан туындайтын басқа да шаралардың қабылдануын қамтамасыз етсін.
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімі аппаратының басшысы Н.Календеровке жүктелсін.
4 4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
9 Жамбыл облысы әкімдігінің күші жойылды деп танылған кейбір қаулыларының тізбесі
Жамбыл облысы әкімдігінің
2018 жылғы 25 қаңтардағы
№3 қаулысына қосымша
Жамбыл облысы әкімдігінің күші жойылды деп танылған кейбір қаулыларының тізбесі
1
1. «Жамбыл облысы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы» Жамбыл облысы әкімдігінің 2014 жылғы 27 ақпандағы №20 қаулысының (Нормативтiк құқықтық актiлердiң мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде №2147 болып тіркелген, 2014 жылдың 17 сәуірінде «Ақ жол» газетінде жарияланған).
2
2. «Жамбыл облысы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы» Жамбыл облысы әкімдігінің 2014 жылғы 27 ақпандағы №20 қаулысына толықтырулар енгізу туралы» Жамбыл облысы әкімдігінің 2014 жылғы 31 шілдедегі № 201 қаулысының (Нормативтiк құқықтық актiлердiң мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде №2308 болып тіркелген, 2014 жылдың 20 қыркүйегінде «Ақ жол» газетінде, 2014 жылдың 15 қазанында «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).
3
3. «Жамбыл облысы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы» Жамбыл облысы әкімдігінің 2014 жылғы 27 ақпандағы №20 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Жамбыл облысы әкімдігінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы №13 қаулысының (Нормативтiк құқықтық актiлердiң мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде №2921 болып тіркелген, 2016 жылдың 5 ақпанында «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).