Об утверждении Правил информационного взаимодействия уполномоченного органа в области технического регулирования и уполномоченного органа по обмену сведениями о документах, подтверждающих соответствие ввозимых товаров требованиям, установленным техническими регламентами Евразийского экономического союза, а также законодательством Республики Казахстан в области технического регулирования, а также сведениями из таких документов, для целей подтверждения соблюдения мер технического регулирования
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении Правил информационного взаимодействия уполномоченного органа в области технического регулирования и уполномоченного органа по обмену сведениями о документах, подтверждающих соответствие ввозимых товаров требованиям, установленным техническими регламентами Евразийского экономического союза, а также законодательством Республики Казахстан в области технического регулирования, а также сведениями из таких документов, для целей подтверждения соблюдения мер технического регулирования
- Атауы (қаз.)
- Техникалық реттеу шараларының сақталуын растау мақсаттары үшін техникалық реттеу саласындағы уәкілетті орган мен уәкілетті органның әкелінетін тауарлардың Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенттерінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкестігін растайтын құжаттар туралы мәліметтерді, сондай-ақ осындай құжаттардан алынған мәліметтерді алмасу жөніндегі ақпараттық өзара іс-қимыл қағидаларын бекіту туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 74
- Қабылданған күні
- 26.01.2018
- Көрсетілген редакция
- 07.06.2022 118986_604507.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 07.06.2022
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G18E0000074
- ЭКБ идентификаторы
- 118986
- Редакция идентификаторы
- 118986_604507
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 02:00
0
Техникалық реттеу шараларының сақталуын растау мақсаттары үшін техникалық реттеу саласындағы уәкілетті орган мен уәкілетті органның әкелінетін тауарлардың Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенттерінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкестігін растайтын құжаттар туралы мәліметтерді, сондай-ақ осындай құжаттардан алынған мәліметтерді алмасу жөніндегі ақпараттық өзара іс-қимыл қағидаларын бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 8-бабы 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:
1
1. Қоса беріліп отырған Техникалық реттеу шараларының сақталуын растау мақсаттары үшін техникалық реттеу саласындағы уәкілетті орган мен уәкілетті органның әкелінетін тауарлардың Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенттерінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкестігін растайтын құжаттар туралы мәліметтерді, сондай-ақ осындай құжаттардан алынған мәліметтерді алмасу жөніндегі ақпараттық өзара іс-қимыл қағидалары бекітілсін.
2 2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (А.М. Теңгебаев) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1
1) осы бұйрық бекітілген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның мемлекеттік және орыс тілдерінде қағаз және электрондық нысандағы көшірмелерін Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3 3) осы бұйрыққа қол қойылған күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасына және Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитетінің төрағасына жүктелсін.
4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
0 Техникалық реттеу шараларының сақталуын растау мақсаттары үшін техникалық реттеу саласындағы уәкілетті орган мен уәкілетті органның әкелінетін тауарлардың Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенттерінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкестігін растайтын құжаттар туралы мәліметтерді, сондай-ақ осындай құжаттардан алынған мәліметтерді алмасу жөніндегі ақпараттық өзара іс-қимыл қағидалары
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2018 жылғы 26 қаңтардағы № 74 және
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің 2018 жылғы
19 ақпандағы № 113 бірлескен
бұйрығымен бекітілген
Техникалық реттеу шараларының сақталуын растау мақсаттары үшін техникалық реттеу саласындағы уәкілетті орган мен уәкілетті органның әкелінетін тауарлардың Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенттерінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкестігін растайтын құжаттар туралы мәліметтерді, сондай-ақ осындай құжаттардан алынған мәліметтерді алмасу жөніндегі ақпараттық
өзара іс-қимыл қағидалары
1 1-тарау. Жалпы ережелер
1
1. Осы Қағидалар «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 8-бабы 2-тармағына сәйкес әзірленді және техникалық реттеу шараларының сақталуын растау мақсаттары үшін техникалық реттеу саласындағы уәкілетті орган мен уәкілетті органның әкелінетін тауарлардың Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенттерінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкестігін растайтын құжаттар туралы мәліметтерді, сондай-ақ осындай құжаттардан алынған мәліметтерді алмасу жөніндегі ақпараттық өзара іс-қимыл тәртібін (бұдан әрі – Қағидалар) айқындайды.
2 2-тарау. Техникалық реттеу шараларының сақталуын растау мақсаттары үшін техникалық реттеу саласындағы уәкілетті орган мен уәкілетті органның әкелінетін тауарлардың Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенттерінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкестігін растайтын құжаттар туралы мәліметтерді, сондай-ақ осындай құжаттардан алынған мәліметтерді алмасу жөніндегі ақпараттық өзара іс-қимыл тәртібі
2
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті ай сайынғы негізде есепті айдан кейінгі айдың 5-і күніне дейінгі мерзімде Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитетіне қорғалған байланыс арналары бойынша «Қызмет бабында пайдалану үшін» белгісімен ілеспе хат ресімдей отырып, осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитетіне беруі үшін шартты түрде шығарылған тауарларды қоса алғанда, тауарлар импорты бойынша сыртқы сауда саласындағы мәліметтер тізбесін ұсынады.
3
3. Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті күн сайын есепті күннен кейінгі жұмыс күні сағат 10.00-ге дейін Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетіне қорғалған байланыс арналары бойынша осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетіне беруі үшін техникалық реттеу шараларының сақталуын растау үшін қажетті міндетті талаптарға әкелінетін тауарлардың сәйкестігінің сақталуын растайтын Құжаттар тізілімінен алынған мәліметтер тізбесін жолдайды.
4 4. Ақпарат (XML, EXCEL, DBF, SQL) форматында жолданады.
5 5. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті мен Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті (бұдан әрі – мемлекеттік органдар) мәліметтерді уақтылы жинауды және ұсынуды қамтамасыз етеді.
6 6. Мемлекеттік органдар ресми хаттармен алмасу кезінде мәліметтерді дайындау, беру және қабылдау үшін жауапты лауазымды адамдарды тағайындау туралы бір біріне хабардар етеді.
3 3-тарау. Қорытынды ережелер
7 7. Мемлекеттік органдар осы Қағидалардың шеңберінде алынған мәліметтердің құпиялылығын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сақтайды.
1 Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитетіне беруі үшін шартты түрде шығарылған тауарларды қоса алғанда, тауарлар импорты бойынша сыртқы сауда саласындағы мәліметтер тізбесі
Техникалық реттеу
шараларының сақталуын растау
мақсаттары үшін техникалық
реттеу саласындағы уәкілетті
орган мен уәкілетті органның
әкелінетін тауарлардың
Еуразиялық экономикалық
одақтың техникалық
регламенттерінде, сондай-ақ
Қазақстан Республикасының
техникалық реттеу саласындағы
заңнамасында белгіленген
талаптарға сәйкестігін растайтын
құжаттар туралы мәліметтерді,
сондай-ақ осындай құжаттардан
алынған мәліметтерді алмасу
жөніндегі ақпараттық өзара
іс-қимыл қағидаларына
1-қосымша
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитетіне беруі үшін шартты түрде шығарылған тауарларды қоса алғанда, тауарлар импорты бойынша сыртқы сауда саласындағы мәліметтер тізбесі
1 1. Жөнелтуші ел.
2 2. Тауарларға арналған декларацияның тіркеу нөмірі.
3 3. Декларациялаған Мемлекеттік кірістер департаменті.
4 4. Тауар шығарылған ел.
5 5. Бизнес-әріптес.
6 6. Сыртқы экономикалық қызметке қатысушы.
7 7. Сыртқы экономикалық қызметке қатысушының жеке сәйкестендіру
нөмірі/бизнес сәйкестендіру нөмірі.
8 8. Сыртқы экономикалық қызметке қатысушының заңды мекенжайы.
9 9. Еуразиялық экономикалық одақтың Сыртқы экономикалық қызметі Тауар номенклатурасы бойынша тауар коды.
10 10. Тауардың атауы.
11 11. Тауарларға арналған декларациядан тауарды сипаттау.
12 12. Тауардың салмағы, нетто (килограммен).
13 13. Қосымша өлшем бірлігіндегі мөлшері.
14 14. Тауардың орналасқан жері.
15 15. Сәйкестік туралы сертификат немесе әкелінетін өнімдерге сәйкестік
туралы декларация берілген күні және нөмірі.
16 16. Тауардың шартты шығарылуы бойынша таңбасы.
17 17. Транзиттік декларациядан шекараны кесіп өткен күні (болған жағдайда).
2 Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетіне беруі үшін техникалық реттеу шараларының сақталуын растау үшін қажетті міндетті талаптарға әкелінетін тауарлардың сәйкестігінің сақталуын растайтын Құжаттар тізілімінен алынған мәліметтер тізбесі
Техникалық реттеу
шараларының сақталуын растау
мақсаттары үшін техникалық
реттеу саласындағы уәкілетті
орган мен уәкілетті органның
әкелінетін тауарлардың
Еуразиялық экономикалық
одақтың техникалық
регламенттерінде, сондай-ақ
Қазақстан Республикасының
техникалық реттеу саласындағы
заңнамасында белгіленген т
алаптарға сәйкестігін растайтын
құжаттар туралы мәліметтерді,
сондай-ақ осындай құжаттардан
алынған мәліметтерді алмасу
жөніндегі ақпараттық өзара
іс-қимыл қағидаларына
2-қосымша
Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетіне беруі үшін техникалық реттеу шараларының сақталуын растау үшін қажетті міндетті талаптарға әкелінетін тауарлардың сәйкестігінің сақталуын растайтын Құжаттар тізілімінен алынған мәліметтер тізбесі
Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетіне ұсынатын техникалық реттеу шараларының сақталуын растау үшін қажетті Құжаттар тізілімінен алынған мәліметтер тізбесі:
1 1) өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)/атауы, мекенжайы, Жеке сәйкестендіру нөмірі/Бизнес сәйкестендіру нөмірі;
2 2) дайындаушының (өндірушінің) атауы;
3 3) Еуразиялық экономикалық одақтың cыртқы экономикалық қызметі nауар номенклатурасы бойынша тауар коды (кодтары);
4 4) тауарлар бойынша сандық мәліметтер;
5 5) талаптар сәйкестігіне сәйкестікті растау жүргізілген нормативтік құқықтық актілер және нормативтік құжаттар туралы ақпарат;
6
6) нормативтік құқықтық актілердің талаптарына өнімдердің сәйкестігіне дәлел ретінде сәйкестікті растау жөніндегі органға өтініш берушінің ұсынған құжаттары туралы ақпарат, жүргізілген зерттеулер (сынақтар) және өлшеулер (сынақ хаттамасының күні, нөмірі, сынақ хаттамасын берген сынақ зертханасының атауы және аккредиттелген аттестатының нөмірі, шетелдік сертификаттың күні, нөмірі, оны берген органның атауы) туралы ақпарат;