О сроках оптимального посева сельскохозяйственной культуры
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О сроках оптимального посева сельскохозяйственной культуры
- Атауы (қаз.)
- Ауыл шаруашылығы дақылдарын себудің оңтайлы мерзімдерін белгілеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 92
- Қабылданған күні
- 14.02.2018
- Қолданысқа енгізілген күні
- 11.03.2018
- Көрсетілген редакция
- 14.02.2018 119015_295151.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 14.02.2018
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V18GH003715
- ЭКБ идентификаторы
- 119015
- Редакция идентификаторы
- 119015_295151
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 01:48
0 Ауыл шаруашылығы дақылдарын
себудің оңтайлы мерзімдерін белгілеу
туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31 бабына, «Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру туралы» 2004 жылғы 10 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 5 бабы 3 тармағының 3) тармақшасына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес 2018 жылы Т.Рысқұлов ауданының аумағында өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыруға жататын өсiмдiк шаруашылығы өнiмдерiнiң түрлерi бойынша егiс жұмыстардың басталуы мен аяқталуының оңтайлы мерзiмдерi белгiленсін.
2 2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Тлепов Манарбек Әмреұлына жүктелсін.
3 3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғаш ресми жарияланған күнінен күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
4 2018 жылы Т.Рысқұлов ауданының аумағында өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыруға жататын өсiмдiк шаруашылығы өнiмдерiнiң түрлерi бойынша егiс жұмыстардың басталуы мен аяқталуының оңтайлы мерзiмдерi
Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің
2018 жылғы 14 ақпандағы № 92
қаулысына қосымша
2018 жылы Т.Рысқұлов ауданының аумағында өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыруға жататын өсiмдiк шаруашылығы өнiмдерiнiң түрлерi бойынша егiс жұмыстардың басталуы мен аяқталуының оңтайлы мерзiмдерi
№
Өсімдік шаруашылығы өнімдерінің түрі
Егiс жұмыстардың басталуы мен аяқталуы
1
Күздік бидай
2018 жылғы 10 қыркүйек - 20 қараша аралығы
2
Жаздық арпа
2018 жылғы 15 наурыз – 15 сәуір аралығы
3
Сұлы
2018 жылғы 15 наурыз – 15 сәуір аралығы
4
Қант қызылшасы
2018 жылғы 01 – 20 сәуір аралығы
5
Жүгері
2018 жылғы 25 сәуір –15 мамыр аралығы
6
Мақсары
2018 жылғы 20 наурыз – 20 сәуір аралығы
7
Соя
2018 жылғы 1 -10 мамыр аралығы
Ескертпе: Үстіміздегі жылы көктем мерзімінің қалай шығуына байланысты өсімдік дәнін сіңіретін топырақ қабатының температурасы төмен және ауа-райының құбылмалы болуына орай, аталмыш себу мерзімі 10-15 күнге ауытқуы мүмкін.