О снятии ограничительных мероприятий на территории сел Базартобе и Кызылжар Базартюбинского сельского округа Акжаикского района
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О снятии ограничительных мероприятий на территории сел Базартобе и Кызылжар Базартюбинского сельского округа Акжаикского района
- Атауы (қаз.)
- Ақжайық ауданы Базартөбе ауылдық округінің Базартөбе және Қызылжар ауылдары аумағына шектеу іс-шараларын тоқтату туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 2
- Қабылданған күні
- 13.02.2018
- Көрсетілген редакция
- 13.02.2018 119026_295524.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 13.02.2018
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V18ZBO05066
- ЭКБ идентификаторы
- 119026
- Редакция идентификаторы
- 119026_295524
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 01:49
0 Ақжайық ауданы Базартөбе
ауылдық округінің Базартөбе және
Қызылжар ауылдары аумағына шектеу
іс-шараларын тоқтату туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», 2002 жылғы 10 шілдедегі «Ветеринария туралы» Заңдарына сәйкес және «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрлігі «Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің Ақжайық аудандық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесінің бас мемлекеттік ветеринариялық – санитариялық инспекторының міндетін атқарушысының
2017 жылғы 28 желтоқсандағы №984 ұсынысы негізінде ауылдық округ
әкімінің міндетін атқарушысы ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. Ақжайық ауданы Базартөбе ауылдық округінің Базартөбе және Қызылжар ауылдары аумағындағы ұсақ мал арасында бруцеллез ауруы пайда болуына байланысты белгіленген шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.
2 2. Ақжайық ауданы Базартөбе ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушысының 2015 жылғы 17 тамыздағы №8 «Ақжайық ауданы Базартөбе ауылдық округінің Базартөбе және Қызылжар ауылдары аумағына шектеу іс-шараларын белгілеу туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу
тізілімінде №3992 тіркелген, 2015 жылғы 27 тамызда «Жайық таңы»
газетінде жарияланған) шешімінің және Ақжайық ауданы Базартөбе ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушысының 2015 жылғы 8 қыркүйектегі №11 «Ақжайық ауданы Базартөбе ауылдық округі әкімінің міндетін
атқарушысының 2015 жылғы 17 тамыздағы №8 «Ақжайық ауданы Базартөбе ауылдық округінің Базартөбе және Қызылжар ауылдары аумағына шектеу іс-шараларын белгілеу туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы (Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу тізілімінде №4079 тіркелген, 2015 жылғы 16 қазанда «Әділет» ақпараттық құқықтық жүйесінде жарияланған) шешімнің күштері жойылды деп танылсын.