Құжат мәтініне өту

Об установлении квоты рабочих мест для трудоустройства лиц, освобожденных из мест лишения свободы и лиц, состоящих на учете службы пробации

Қаулы · № 05/01 · қабылданған 06.02.2018
Заңдық күші: Күшін жойған · 18.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-119100/on/2026-08-18/
Басып шығарылды 2026-08-18 · adilet.kz
Об установлении квоты рабочих мест для трудоустройства лиц, освобожденных из мест лишения свободы и лиц, состоящих на учете службы пробации Күшін жойған Қаулы ·№ 05/01 ·06.02.2018
10.01.2019 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
18.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 10.01.2019. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об установлении квоты рабочих мест для трудоустройства лиц, освобожденных из мест лишения свободы и лиц, состоящих на учете службы пробации

Күшін жойған Қаулы ·№ 05/01 · 18.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об установлении квоты рабочих мест для трудоустройства лиц, освобожденных из мест лишения свободы и лиц, состоящих на учете службы пробации
Атауы (қаз.)
Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды және пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
05/01
Қабылданған күні
06.02.2018
Көрсетілген редакция
10.01.2019 119100_387298.kaz
Соңғы өзгеріс
10.01.2019
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V18KK004618
ЭКБ идентификаторы
119100
Редакция идентификаторы
119100_387298
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 01:54

0 Бас бостандығынан айыру

орындарынан босатылған
адамдарды және пробация
қызметінің есебінде тұрған
адамдарды жұмысқа
орналастыру үшін жұмыс
орындарына квота
белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі Қылмыстық-атқару кодексінің 18 бабының 1 тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексінің 18 бабының 7) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 9 бабының 7), 8) тармақшаларына, «Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 26 мамырдағы бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №13898 болып тіркелген) сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Жұмыс орындарының квотасы белгіленсін:

1 1) Бұқар жырау ауданында қылмыстық - атқару жүйесінің пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін жұмыс орындарының тізімдік санының 1% мөлшерінде 1 қосымшаға сәйкес;

2 2) бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін жұмыс орындарының тізімдік санының 1% мөлшерінде 2 қосымшаға сәйкес.

2 2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Арман Шалиевич Дардаковқа жүктелсін.

3 3. Осы қаулы оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

1 Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы

Бұқар жырау ауданы әкімдігінің
2018 жылғы 6 ақпандағы
№ 05/01 қаулысына
1-қосымша
Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы
№р/с
Ұйымдардың атауы
Жұмыскерлердің тізімдік саны (адам)
Квоталанған жұмыс орындарының саны (бірлік)
1
«Шатан» шаруашылық қожалығы
24
1
2
Бұқар жырау ауданы әкімиятының (шаруашылық жүргізу құқығындағы) «Ботақара су қожылығы» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорыны
33
1

2 Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы

Бұқар жырау ауданы әкімдігінің
2018 жылғы 6 ақпандағы
№ 05/01 қаулысына
2-қосымша
Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы
№р/с
Ұйымдардың атауы
Жұмыскерлердің тізімдік саны (адам)
Квоталанған жұмыс орындарының саны (бірлік)
1
«Шатан» шаруашылық қожалығы
24
1
2
Бұқар жырау ауданы әкімиятының (шаруашылық жүргізу құқығындағы) «Ботақара су қожылығы» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорыны
33
1

Қолданыстағы