Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнений в некоторые приказы Министра юстиции Республики Казахстан

Бұйрық · № 130 · қабылданған 25.01.2018
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-119133/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнений в некоторые приказы Министра юстиции Республики Казахстан Қолданыста Бұйрық ·№ 130 ·25.01.2018
25.01.2018 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.01.2018. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнений в некоторые приказы Министра юстиции Республики Казахстан

Қолданыста Бұйрық ·№ 130 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнений в некоторые приказы Министра юстиции Республики Казахстан
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
130
Қабылданған күні
25.01.2018
Көрсетілген редакция
25.01.2018 119133_296614.kaz
Соңғы өзгеріс
25.01.2018
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1800016352
ЭКБ идентификаторы
119133
Редакция идентификаторы
119133_296614
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 02:01

0 Қазақстан Республикасы

Әділет министрінің кейбір
бұйрықтарына өзгерістер мен
толықтырулар енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:

1 1. «Сот сарапшысы біліктілігін беру үшін емтихандарды қабылдау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің

2017 жылғы 30 наурыздағы № 335 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15031 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2017 жылғы 3 мамырда жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
жоғарыда көрсетілген бұйрықпен бекітілген Сот сарапшысы біліктілігін беру үшін емтихандарды қабылдау қағидасында:
2, 3 және 4-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Емтихан тапсыру кестесін «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот сараптамалары орталығы» Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының (бұдан әрі – Орталық) басшысы не оны алмастыратын адам бекітеді.
3. Емтиханды тапсыру кестесінің көшірмесі сот сарапшысы біліктілігін алуға үміткер адамды таныстыру үшін Орталықтың аумақтық бөлімшелеріне жіберіледі.
4. Біліктілік емтиханын тапсырғанға дейін адам он бір жұмыс күнінен бұрын Орталыққа «электрондық үкімет» www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы келесі құжаттарды ұсынады:
1) осы Қағиданың 1-қосымшасына сәйкес электрондық құжат нысанындағы өтініш;
2) осы Қағиданың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша мәліметтер.»;
12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«12. Комиссия біліктілік емтихан өткеннен кейін үш жұмыс күні ішінде, біліктілік емтиханынан өткен адамға:
сот сарапшыларға – осы Қағиданың 4-қосымшасына сәйкес нысан бойынша сот сараптамасының белгілі бір түрін жүргізу құқығына сот сарапшысының біліктілік куәлігін;
сот–медициналық, сот–наркологиялық, сот–психиатриялық мамандықтарының сот сарапшыларына – осы Қағиданың 5-қосымшасына сәйкес нысан бойынша сот сараптамасының белгілі бір түрін жүргізу құқығына біліктілік куәлігін береді.
Қосымша сарапшылық мамандығын алу кезінде біліктілік емтиханы өткеннен кейін үш жұмыс күні ішінде:
сот сарапшыларға – осы Қағиданың 6-қосымшасына сәйкес нысан бойынша сот сараптамасының белгілі бір түрін жүргізу құқығына сот сарапшысының біліктілік куәлігіне қосымша;
сот–медициналық, сот–наркологиялық, сот–психиатриялық мамандықтарының сот сарапшыларына – осы Қағиданың 7-қосымшасына сәйкес нысан бойынша сот сараптамасының белгілі бір түрін жүргізу құқығына біліктілік куәлігіне қосымша ресімделеді.»;
15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«15. Біліктілік куәлігі немесе біліктілік куәлігіне қосымша жоғалған немесе зақымдалған (бүлінген) жағдайда, адамның жоғалтуға, зақымдалуға (бүлінуге) әкеп соққан жағдайларды көрсете отырып, негізделген арызының негізінде біліктілік куәлігінің немесе біліктілік куәлігіне қосымшаның телнұсқасы (бұдан әрі – телнұсқа) беріледі.
Телнұсқа порталдағы тиісті ақпараттық жүйелерден біліктілік куәлігі немесе біліктілік куәлігіне қосымша туралы мәліметтер алуға мүмкіндік болмаған жағдайда ғана арыз келіп түскеннен кейін үш жұмыс күні ішінде қағаз нысанында беріледі.
Телнұсқаға біліктілік комиссиясының төрағасы қол қояды.»;
2, 4, 5-қосымшалар осы бұйрыққа 1, 2, 3-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
осы бұйрыққа 4, 5-қосымшаларға сәйкес редакцияда 6, 7-қосымшалармен толықтырылсын.

2

2. «Сот сарапшыларын аттестаттау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2017 жылғы 30 наурыздағы № 336 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15033 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2017 жылғы 28 сәуірде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
жоғарыда көрсетілген бұйрықпен бекітілген Сот сарапшыларын аттестаттау қағидасында:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Заңның 20-бабында белгіленген біліктілік талаптарына сот сарапшысының сәйкес келмеу фактілері анықталған кезде оны кезектен тыс аттестаттайды.
Кезектен тыс аттестацияны өткізу туралы шешімді Қағиданың 11-тармағымен белгіленген тәртіпте «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот сараптамалары орталығы» Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының (бұдан әрі – Орталық) басшысы қабылдайды.»;
5, 6, 7 және 8-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Аттестаттауға жататын сот сарапшыларының тізімі мен аттестаттаудан өту кестесін Орталықтың басшысы не оны алмастыратын адам бекітеді.
6. Орталық аттестаттауға жіберілген сот сарапшыларын аттестаттауды өткізудің орны, уақыты, тәртібі туралы оны өткізу басталғанға дейін күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей жазбаша хабардар етеді.
7. Аттестаттауға жататын сот сарапшылары, Сот сарапшыларын аттестаттау, оның ішінде кезектен тыс аттестаттау жөніндегі комиссияға (бұдан әрі – Комиссия) құжаттарын жазбаша хабарламаны алған кезден бастап аттестаттау өткізілетін күнге дейін он бір жұмыс күнінен кешіктірмей жолдайды.
8. Сот сарапшылар аттестаттаудан өту үшін «электрондық үкімет» www.egov.kz веб-порталы арқылы Комиссияға мынадай құжаттарды:
1) осы Қағиданың 1-қосымшасына сәйкес электрондық құжат нысанындағы өтініш;
2) Орталықтың аумақтық бөлімшесінің басшысы не оны алмастыратын адам қол қойған, сот сарапшысының кәсіптік даярлығы деңгейін көрсететін мінездеменің электрондық көшірмесі;
3) соңғы жылдағы сот сарапшысының қорытындыларына рецензиялардың электрондық көшірмесі;
4) осы Қағиданың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша мәліметтерді ұсынады.»;
21 және 22-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«21. Аттестаттау комиссиясының шешімі:
сот сарапшыларға – осы Қағиданың 4-қосымшасына сәйкес нысан бойынша аттестаттау комиссиясының қорытындысы (бұдан әрі – қорытынды) түрінде;
сот–медициналық, сот–наркологиялық, сот–психиатриялық мамандықтарының сот сарапшыларына – осы Қағиданың 5-қосымшасына сәйкес нысан бойынша аттестаттау куәлігі (бұдан әрі – куәлік) түрінде ресімделеді.
22. Қорытынды немесе куәлік сот сарапшысына аттестаттау өткізілген күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде беріледі.»;
2, 4-қосымшалар осы бұйрыққа 6, 7-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
осы бұйрыққа 8-қосымшаға сәйкес редакцияда 5-қосымшасымен толықтырылсын.

3 3. Сараптама қызметін ұйымдастыру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуді;

2

2) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және орналастыру үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

3 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

4 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Әділет министрінің орынбасарына жүктелсін.

5 5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ақпарат және коммуникациялар
министрі
__________________ Д. Абаев
2018 жылғы «___» ___________
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
__________________ Т. Сулейменов
2018 жылғы «___» ___________

1 Мәліметтер нысаны

Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2018 жылғы 25 қаңтардағы
№130 бұйрығына
1-қосымша
Сот сарапшысы біліктілігін беру
үшін емтихандарды
қабылдау қағидаларына
2-қосымша
Мәліметтер нысаны
Өтінім бойынша деректер

1 1. Өтініш нөмірі______________

2 2. Қалыптастыру күні______________

Негізгі мәліметтер

3 3. Ғылыми дәрежесі, атағы ______________

4 4. Ғылыми еңбектері мен жаңалықтары______________

5 5. Соңғы бес жылда жүргізілген сараптамаларының саны_____

Жеке басын куәландыратын құжат туралы мәліметтер

6 6. ЖСН______________

7 7. Тегі______________

8 8. Аты______________

9 9. Әкесінің аты (ол болған жағдайда) ______________

10 10. Жеке басын куәландыратын құжаттың түрі______________

11 11. Нөмірі______________

12 12. Сериясы______________

13 13. Берілген күні______________

14 14. Аяқталу күні______________

15 15. Берген орган______________

Жоғары кәсіптік білімі туралы дипломы

16 16. Білімі______________

17 17. Дипломның нөмірі

18 18. Дипломның сериясы

19 19. Үміткердің оқыған елі______________

20 20. Түскен жылы______________

21 21. Бітірген жылы______________

22 22. Диплом бойынша мамандығы______________

23 23. Диплом бойынша біліктілігі______________

24 24. Дипломның нострификациясы (қажет болған жағдайда) ______________

Мәлімделген мамандық бойынша интернатура немесе резидентура, не қайта даярлау өткендігі туралы мәліметтер (сот-медициналық, сот-наркологиялық, сот-психиатриялық мамандықтарының сот сарапшылары үшін)

25 25. Нөмірі_______________

26 26. Мамандығы_______________

27 27. Цикл атауы_______________

28 28. Оқытқан ұйымның атауы_______________

29 29. Оқудың басталуы_______________

30 30. Оқудың аяқталуы_______________

31 31. Оқудың сағат бойынша көлемі_______________

32 32. Берілген күні

Соңғы бес жылда біліктілік даярлығын (біліктілік арттыру) өткендігі туралы мәліметтер

33 33. Сот сарапшыларының біліктілігін даярлаудың (біліктілігін арттырудың) өту орны_____________

34 34. Мамандығы_____________

35 35. Сот сарапшыларының біліктілігін даярлаудың (біліктілігін арттырудың) басталу күні_____________

36 36. Сот сарапшыларының біліктілігін даярлаудың (біліктілігін арттырудың) аяқталған күні_____________

37 37. Сот сарапшыларының біліктілігін даярлау (біліктілігін арттыру) өткен уақытта зерделеген материалдар_____________

38 38. Сот сарапшыларының біліктілігін даярлау (біліктілігін арттыру) басшысының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), лауазымы_____________

39 39. Сот сарапшыларының біліктілігін даярлау (біліктілігін арттыру) өткендігі туралы есеп_____________

Мекенжайы

40 40. Пошталық индексі______________

41 41. Ел, облысы, ауданы, елді мекені______________

42 42. Көшенің аты______________

43 43. Үйдің, ғимараттың нөмірі______________

44 44. Пәтердің, кеңсенің нөмірі______________

Телефондардың нөмірі______________

2 Сот сараптамасының белгілі бір түрін жүргізу құқығына сот сарапшысының біліктілік куәлігі №_____

Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2018 жылғы 25 қаңтардағы
№130 бұйрығына
2-қосымша
Сот сарапшысы біліктілігін беру
үшін емтихандарды
қабылдау қағидаларына
4-қосымша
Нысан
Сот сараптамасының
белгілі бір түрін жүргізу құқығына сот сарапшысының
біліктілік куәлігі №_____
Осы куәлік __________________________________________________ берілді
(Т.А.Ә. (ол болған жағдайда)
өйткені, оған біліктілік комиссиясының 20__ жылғы «__» ________ шешімімен:
1. _______________________________________
2. _______________________________________
мамандығы бойынша сот сараптамасын жүргізу құқығымен сот сарапшысы біліктілігі берілді.
____________________________________________________________
(комиссия төрағасының қолы немесе ЭЦҚ)

3 Сот сараптамасының белгілі бір түрін жүргізу құқығына біліктілік куәлігіне қосымша №____

Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2018 жылғы 25 қаңтардағы
№130 бұйрығына
3-қосымша
Сот сарапшысы біліктілігін беру
үшін емтихандарды
қабылдау қағидаларына
5-қосымша
Нысан
Сот сараптамасының
белгілі бір түрін жүргізу құқығына
біліктілік куәлігіне қосымша №____
Осы куәлік __________________________________________________ берілді
(Т.А.Ә. (ол болған жағдайда)
өйткені, оған біліктілік комиссиясының 20__ жылғы «__» ________ шешімімен:
1. _______________________________________
2. _______________________________________
мамандығы бойынша сот сараптамасын жүргізу құқығымен сот сарапшысы біліктілігі берілді.
______________________________________________________________
(комиссия төрағасының қолы немесе ЭЦҚ)

4 Сот сараптамасының белгілі бір түрін жүргізу құқығына сот сарапшысының біліктілік куәлігіне қосымша №____

Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2018 жылғы 25 қаңтардағы
№130 бұйрығына
4-қосымша
Сот сарапшысы біліктілігін беру
үшін емтихандарды
қабылдау қағидаларына
6-қосымша
Нысан
Сот сараптамасының
белгілі бір түрін жүргізу құқығына сот сарапшысының
біліктілік куәлігіне қосымша №____
Осы куәлік __________________________________________________ берілді
(Т.А.Ә. (ол болған жағдайда)
өйткені, оған біліктілік комиссиясының 20__ жылғы «__» ________ шешімімен:
1. _______________________________________
2. _______________________________________
мамандығы бойынша сот сараптамасын жүргізу құқығымен сот сарапшысы біліктілігі берілді.
_____________________________________________________________
(комиссия төрағасының қолы немесе ЭЦҚ)

5 Сот сараптамасының белгілі бір түрін жүргізу құқығына біліктілік куәлігіне қосымша №____

Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2018 жылғы 25 қаңтардағы
№130 бұйрығына
5-қосымша
Сот сарапшысы біліктілігін беру
үшін емтихандарды
қабылдау қағидаларына
7-қосымша
Нысан
Сот сараптамасының
белгілі бір түрін жүргізу құқығына
біліктілік куәлігіне қосымша №____
Осы куәлік __________________________________________________ берілді
(Т.А.Ә. (ол болған жағдайда)
өйткені, оған біліктілік комиссиясының 20__ жылғы «__» ________ шешімімен:
1. _______________________________________
2. _______________________________________
мамандығы бойынша сот сараптамасын жүргізу құқығымен сот сарапшысы біліктілігі берілді.
_____________________________________________________________
(комиссия төрағасының қолы немесе ЭЦҚ)

6 Мәліметтер нысаны

Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2018 жылғы 25 қаңтардағы
№130 бұйрығына
6-қосымша
Сот сарапшыларын
аттестаттау қағидаларына
2-қосымша
Мәліметтер нысаны
Өтінім бойынша деректер

1 1. Өтініш нөмірі ______________

2 2. Қалыптастыру күні ______________

Негізгі мәліметтер

3 3. Ғылыми дәрежесі, атағы ______________

4 4. Ғылыми еңбектері мен жаңалықтары______________

5 5. Соңғы бес жылда жүргізілген сараптамаларының саны_____

Жеке басын куәландыратын құжат туралы мәліметтер

6 6. ЖСН______________

7 7. Тегі______________

8 8. Аты______________

9 9. Әкесінің аты (ол болған жағдайда) ______________

10 10. Жеке басын куәландыратын құжаттың түрі______________

11 11. Нөмірі______________

12 12. Сериясы______________

13 13. Берілген күні______________

14 14. Аяқталу күні______________

15 15. Берген орган______________

Жоғары кәсіптік білімі туралы дипломы

16 16. Білімі______________

17 17. Дипломның нөмірі

18 18. Дипломның сериясы

19 19. Үміткердің оқыған елі______________

20 20. Түскен жылы______________

21 21. Бітірген жылы______________

22 22. Диплом бойынша мамандығы______________

23 23. Диплом бойынша біліктілігі______________

24 24. Дипломның нострификациясы (қажет болған жағдайда) ______________

Соңғы бес жылда біліктілік даярлығын (біліктілік арттыру) өткендігі туралы мәліметтер

25 25. Сот сарапшыларының біліктілігін даярлаудың (біліктілігін арттырудың) өту орны_____________

26 26. Мамандығы_____________

27 27. Сот сарапшыларының біліктілігін даярлаудың (біліктілігін арттырудың) басталу күні_____________

28 28. Сот сарапшыларының біліктілігін даярлаудың (біліктілігін арттырудың) аяқталған күні_____________

29 29. Сот сарапшыларының біліктілігін даярлау (біліктілігін арттыру) өткен уақытта зерделеген материалдар_____________

30 30. Сот сарапшыларының біліктілігін даярлау (біліктілігін арттыру) басшысының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), лауазымы_____________

31 31. Сот сарапшыларының біліктілігін даярлау (біліктілігін арттыру) өткендігі туралы есеп_____________

Қызметті жүзеге асыруы туралы мәліметтер

32 32. Сот сараптама қызметін жүзеге асырудың өз тәсіліңізді таңдаңыз

-көрсетілетін қызметті берушінің, Орталықтың қызметкері
Біліктілік куәлігі (оған қосымшасымен бірге) номері
Рұқсат беру құжатының мерзімі
Мамандығы
-сот-сараптама қызметін лицензия негізінде жүзеге асыратын адам
Лицензия нөмірі
Лицензия берген күні
Қазіргі уақыттағы жұмыс орны туралы мәліметтер:

33 33. Мәлімделген мамандық бойынша еңбек өтілі (жылы, айы, күні)_____________

34 34. Жалпы еңбек өтілі (жылы, айы, күні)_____________

35 35. Қазіргі уақыттағы жұмыс орны_____________

36 36. Атқаратын лауазымы_____________

37 37. Осы лауазымға тағайындалған күні_____________

Мәлімделген мамандық бойынша еңбек өтілі
Жұмысқа қабылданған күні
Жұмыстан босатылған күні
Жұмыс орны
Атқаратын қызметі
Жұмысы туралы мәліметтер
Бұйрықтың №
Бұйрықтың шығарылған күні
Тәртіптік, әкімшілік жазалар, көтермелеу туралы мәліметтер (соңғы алты айда)
Тәртіптік жазалардың болуы туралы мәліметтер (қажеттісінің астын сызу)

1 1) Ескерту

2 2) Сөгіс

3 3) Қатаң сөгіс

4 4) Еңбек шартын бұзу

Көтермелеу_____________
Мекенжайы

38 38. Пошталық индексі______________

39 39. Ел, облысы, ауданы, елді мекені______________

40 40. Көшенің аты______________

41 41. Үйдің, ғимараттың нөмірі______________

42 42. Пәтердің, кеңсенің нөмірі______________

Телефондардың нөмірі______________
Электрондық пошта_____________

7 Аттестаттау комиссиясының қорытындысы №___

Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2018 жылғы 25 қаңтардағы
№130 бұйрығына
7-қосымша
Сот сарапшыларын
аттестаттау қағидаларына
4-қосымша
Нысан
Аттестаттау комиссиясының
қорытындысы №___
20___жылғы « ____ » _________________
____________________ қаласы
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің (не болмаса оны алмастыратын адамның) 20__ жылғы «__»_______№ ____ бұйрығы негізінде әрекет ететін комиссиясы құрамында:
Төраға _________________________________________
Комиссия мүшелері _________________________________________
_________________________________________
_________________________________________
Хатшы _________________________________________
___________________________________________________ құжаттарын қарастырып,
(Тегі, аты, әкесінің аты, (ол болған жағдайда),
сот сарапшысының лауазымы және жұмыс орны)
Былай деп шешті:_______________________
(аттестаттаудың нәтижесі)
________________________________________
(Комиссия төрағасының қолы немесе ЭЦҚ)

8 Аттестаттау куәлігі №___

Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2018 жылғы 25 қаңтардағы
№130 бұйрығына
8-қосымша
Сот сарапшыларын
аттестаттау қағидаларына
5-қосымша
Нысан
Аттестаттау куәлігі №___
20___жылғы « ____ » _________________
____________________ қаласы
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің (не болмаса оны алмастыратын адамның) 20__ жылғы «__»_______№ ____ бұйрығы негізінде әрекет ететін комиссиясы құрамында:
Төраға _______________________________________
Комиссия мүшелері _______________________________________
_______________________________________
_______________________________________
Хатшы _______________________________________
_______________________________________________ құжаттарын қарастырып,
(Тегі, аты, әкесінің аты, (ол болған жағдайда),
сот сарапшысының лауазымы және жұмыс орны)
Былай деп шешті:_______________________
(аттестаттаудың нәтижесі)
_______________________________________
(Комиссия төрағасының қолы немесе ЭЦҚ)

Қолданыстағы