О признании утратившим силу некоторых постановлений акимата района Т.Рыскулова
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О признании утратившим силу некоторых постановлений акимата района Т.Рыскулова
- Атауы (қаз.)
- Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 90
- Қабылданған күні
- 14.02.2018
- Қолданысқа енгізілген күні
- 17.03.2018
- Көрсетілген редакция
- 14.02.2018 119141_296655.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 14.02.2018
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V18GH003721
- ЭКБ идентификаторы
- 119141
- Редакция идентификаторы
- 119141_296655
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 01:48
0 Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің кейбір
қаулыларының күші жойылды деп
тану туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37 бабына және «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 27 бабына сәйкес Т.Рысқұлов ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
2 2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің аппарат басшысы Оразхан Руслан Қонысбайұлына жүктелсін.
3 3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
4 Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің күші жойылды деп танылған қаулыларының тізімі.
Т. Рысқұлов ауданы әкімдігінің
2018 жылғы 14 ақпандағы
№ 90 қаулысына қосымша
Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің күші жойылды деп танылған қаулыларының тізімі.
1
1. «Т.Рысқұлов ауданының ауылдық округтер әкімі аппараттары коммуналдық мемлекеттік мекемелерінің Ережелерін бекіту туралы» Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 16 ақпандағы №42 қаулысының (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2569) болып тіркелген, «Құлан таңы» газетінде 2015 жылы 10 сәуірінде №31 (7075) жарияланған);
2
2. «Субсидияланатын басым ауыл шаруашылық дақылдарының әрбір түрі бойынша субсидия алуға өтінімді ұсыну мерзімдерін айқындау туралы» Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 16 қыркүйектегі №303 қаулысының (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3162) болып тіркелген, «Құлан таңы» газетінде 2016 жылы 27 қыркүйекте №86-87 (7237-7238) жарияланған);
3
3. «Субсидияланатын басым ауыл аруашылығы дақылдарының әрбір түрi бойынша субсидия алуға өтінімді ұсыну мерзімдерін айқындау туралы Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 16 қыркүйектегі № 303 қаулысына толықтырулар енгізу туралы» Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 21 қарашадағы №383 қаулысының (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3235) болып тіркелген, «Құлан таңы» газетінде 2016 жылы 09 желтоқсанда №116 (7267) жарияланған);
4
4. «Ауыл шаруашылығы дақылдарын себудің оңтайлы мерзімдерін белгілеу туралы» Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 10 ақпандағы №39 қаулысының (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3346) болып тіркелген, «Құлан таңы» газетінің 2017 жылғы 24 наурызында № 23 (7297) жарияланған).