Об установлении квоты рабочих мест для инвалидов
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении квоты рабочих мест для инвалидов
- Атауы (қаз.)
- Мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 91
- Қабылданған күні
- 14.02.2018
- Қолданысқа енгізілген күні
- 17.03.2018
- Көрсетілген редакция
- 19.04.2019 119142_410595.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 19.04.2019
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V18GH003722
- ЭКБ идентификаторы
- 119142
- Редакция идентификаторы
- 119142_410595
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 01:49
0 Мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабы 1 тармағының 14) тармақшасына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 9 бабы 6) тармақшасына, 27 бабы 1 тармағының 1) тармақшасына сәйкес, мүгедектерді жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету мақсатында, Т.Рысқұлов ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыс орындарын есептемегенде, жұмыс орындары санының екі пайыз мөлшерiнде мүгедектер үшiн жұмыс орындарына қосымшаға сәйкес квота белгiленсін.
2
2. «Мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 10 ақпандағы № 37 қаулысының (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3316 болып тіркелген, «Құлан таңы» газетінде 2017 жылы 27 ақпанда №17 (7291) жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Әлпеисов Бейсенбек Әшімалыұлына жүктелсін.
4 4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғаш ресми жарияланған күнінен күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
5 Мүгедектер үшін жұмыс орындарының квоталары
Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің
2018 жылғы 14 ақпандағы
№ 91 қаулысына қосымша
Мүгедектер үшін жұмыс орындарының квоталары
№
Ұйымның атауы
Жұмыс орындары-ның саны
Квота мөлше-рі
Квота белгіленген жұмыс орындары-ның саны
1
«Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің білім бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
72
2%
1
2
«Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің білім бөлімінің Ш. Уалиханов атындағы шағын орталықты орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
65
2%
1
3
«Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің білім бөлімінің Абай атындағы шағын орталықты орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
81
2%
2
4
«Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің білім бөлімінің Райымбек Смаилов атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
66
2%
1
5
"Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің білім бөлімінің "Алтын сақа" бөбекжай-бақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны
50
2%
1
6
«Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің білім бөлімінің Қ.Сұлтанбеков атындағы шағын орталықты орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
75
2%
1
7
«Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің білім бөлімінің Ақбұлақ шағын орталықты орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
81
2%
2
8
«Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің білім бөлімінің №5 шағын орталықты орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
63
2%
1
9
«Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің білім бөлімінің А. Байтұрсынов атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
80
2%
2
10
«Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің білім бөлімінің №3 шағын орталықты орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
65
2%
1
11
«Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің білім бөлімінің Қорағаты шағын орталықты орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
65
2%
1
Барлығы:
763
14