Об определении видов и порядка поощрения граждан, а также размера денежного вознаграждения, участвующих в обеспечении общественного порядка в Ескельдинском районе
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об определении видов и порядка поощрения граждан, а также размера денежного вознаграждения, участвующих в обеспечении общественного порядка в Ескельдинском районе
- Атауы (қаз.)
- Ескелді ауданында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібін, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшерін айқындау туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 23
- Қабылданған күні
- 07.02.2018
- Көрсетілген редакция
- 07.02.2018 119147_296441.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 07.02.2018
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V18DI004531
- ЭКБ идентификаторы
- 119147
- Редакция идентификаторы
- 119147_296441
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 01:53
0 Ескелді ауданында
қоғамдық тәртіпті қамтамасыз
етуге қатысатын азаматтарды
көтермелеудің түрлері мен
тәртібін, сондай-ақ оларға
ақшалай сыйақының мөлшерін
айқындау туралы
«Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге азаматтардың қатысуы туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының 3-бабының 2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес, Ескелді ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес, Ескелді ауданында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібі, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшері айқындалсын.
2 2. «Ескелді ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1 1) осы қаулының Алматы облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін;
2
2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электронды түрдегі көшірмелерін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне енгізу және ресми жариялау үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
3 3) осы қаулыны мемлекеттік тіркелген күннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін ресми жариялауға Ескелді ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарға жолдауын;
4 4) осы қаулыны Ескелді ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында оның ресми жарияланғаннан кейін орналастыруын қамтамасыз етсін.
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Әлібаев Қайырғали Айтжанұлына жүктелсін.
4 4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
9 Ескелді ауданы әкімдігінің
2018 жылғы 07 ақпандағы «Ескелді ауданында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібін, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшерін айқындау туралы» № 23
қаулысына қосымша
Ескелді ауданында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібі, сондай-ақ оларға
ақшалай сыйақының мөлшері