Об утверждении перечня объектов Костанайской области, уязвимых в террористическом отношении
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении перечня объектов Костанайской области, уязвимых в террористическом отношении
- Атауы (қаз.)
- Қостанай облысының террористік тұрғыдан осал объектілерінің тізбесін бекіту туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 45
- Қабылданған күні
- 02.02.2018
- Көрсетілген редакция
- 29.01.2020 119149_442648.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 29.01.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V18N0007533
- ЭКБ идентификаторы
- 119149
- Редакция идентификаторы
- 119149_442648
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 01:56
0 Қостанай облысының террористік тұрғыдан осал объектілерінің тізбесін бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы 1-тармағының 26-2) тармақшасына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Қостанай облысының террористік тұрғыдан осал объектілерінің қоса беріліп отырған тізбесі бекітілсін (қызмет бабында пайдалану үшін).
2 2. «Қостанай облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1 1)осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
2
2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;
3 3) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Қостанай облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4 4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
«Қазақстан Республикасы Ішкі істер
министрлігі Қостанай облысының
ішкі істер департаменті» мемлекеттік
мекемесінің бастығы
__________________ Б. Аймағамбетов
«КЕЛІСІЛДІ»
«Қазақстан Республикасы Ұлттық
қауіпсіздік комитетінің Қостанай облысы
бойынша департаменті» мемлекеттік
мекемесінің бастығы
___________________ Ж. Қадырбеков