Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнений в некоторые решения Правительства Республики Казахстан

Қаулы · № 911 · қабылданған 15.09.1998
Заңдық күші: Күшін жойған · 20.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-1192/on/2026-09-20/
Басып шығарылды 2026-09-20 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнений в некоторые решения Правительства Республики Казахстан Күшін жойған 20.09.1998 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

О внесении изменений и дополнений в некоторые решения Правительства Республики Казахстан

Күшін жойған Қаулы № 911 20.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнений в некоторые решения Правительства Республики Казахстан
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
911
Қабылданған күні
15.09.1998
Көрсетілген редакция
20.09.1998 AI1192_1.kaz
Соңғы өзгеріс
20.09.1998
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P980000911_
ЭКБ идентификаторы
1192
Редакция идентификаторы
AI1192_1
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
05.08.2026 01:32
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
20.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.09.1998. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0 Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

📌 Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 21.09.1998 № 929 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1) "Қазақстан Республикасы Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігінің Міндетті медициналық сақтандыру қорын құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1995 жылғы 29 қыркүйектегі N 1295 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., N 31, 393-құжат):

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігінің Міндетті медициналық сақтандыру қоры туралы ереженің "Қазақстан Республикасы Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігінің Міндетті медициналық сақтандыру қорын басқару" деген 5-тарауында:
мынадай мазмұндағы үшінші азатжолмен толықтырылсын:
"Қор дирекциясының қызметін жалпы үйлестіру мен оған басшылық жасауды Қазақстан Республикасы Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігінің Денсаулық сақтау комитеті жүзеге асырады.";
он бірінші азатжолдағы "Қазақстан Республикасының Үкіметі тағайындайтын" деген сөздермен "Қазақстан Республикасы Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрі тағайындайтын" деген сөздермен ауыстырылсын;

2) "Қазақстан Республикасының Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігі Денсаулық сақтау комитетінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 24 сәуірдегі N 384 қаулысында:

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігінің Денсаулық сақтау комитеті туралы ережеде:
17-тармақ мынадай мазмұндағы екінші азатжолмен толықтырылсын:
"Комитеттің төрағасы Қазақстан Республикасы Білім, мәдениет және
денсаулық сақтау министрлігінің Міндетті медициналық сақтандыру қоры
Дирекциясының қызметін жалпы үйлестіруді және оған басшылық жасауды жүзеге
асырады.";

3) "Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Міндетті медициналық

сақтандыру қорының 1998 жылға арналған бюджеті туралы" Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 29 шілдедегі N 713 қаулысында:
атауы мен мәтініндегі "Үкіметінің жанындағы" деген сөздер "Білім,
мәдениет және денсаулық сақтау министрлігінің" деген сөздермен
ауыстырылсын.