Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил подтверждения размещения товаров в местах временного хранения, совершения органами государственных доходов таможенных операций, связанных с регистрацией документов, представленных для помещения товаров на временное хранение, и выдачей подтверждения об их регистрации

Бұйрық · № 215 · қабылданған 16.02.2018
Заңдық күші: Қолданыста · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-119230/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
Об утверждении Правил подтверждения размещения товаров в местах временного хранения, совершения органами государственных доходов таможенных операций, связанных с регистрацией документов, представленных для помещения товаров на временное хранение, и выдачей подтверждения об их регистрации Қолданыста Бұйрық ·№ 215 ·16.02.2018
05.02.2020 редакциясы
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 05.02.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил подтверждения размещения товаров в местах временного хранения, совершения органами государственных доходов таможенных операций, связанных с регистрацией документов, представленных для помещения товаров на временное хранение, и выдачей подтверждения об их регистрации

Қолданыста Бұйрық ·№ 215 · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил подтверждения размещения товаров в местах временного хранения, совершения органами государственных доходов таможенных операций, связанных с регистрацией документов, представленных для помещения товаров на временное хранение, и выдачей подтверждения об их регистрации
Атауы (қаз.)
Тауарларды уақытша сақтау орындарына орналастыруды растау, мемлекеттік кірістер органдарының тауарларды уақытша сақтауға орналастыру үшін ұсынылған құжаттарды тіркеуге және олардың тіркелгені туралы растаманы беруге байланысты кедендік операцияларды жасау қағидаларын бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
215
Қабылданған күні
16.02.2018
Көрсетілген редакция
05.02.2020 119230_444626.kaz
Соңғы өзгеріс
05.02.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1800016473
ЭКБ идентификаторы
119230
Редакция идентификаторы
119230_444626
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 01:45

0 Тауарларды уақытша сақтау орындарына орналастыруды растау, мемлекеттік кірістер органдарының тауарларды уақытша сақтауға орналастыру үшін ұсынылған құжаттарды тіркеуге және олардың тіркелгені туралы растаманы беруге байланысты кедендік операцияларды жасау қағидаларын бекіту туралы

2017 жылғы 26 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 165-бабының 6-тармағына және 171-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса беріліп отырған:

1 1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Тауарларды уақытша сақтау орындарына орналастыруды растау қағидалары;

2

2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Мемлекеттік кірістер органдарының тауарларды уақытша сақтау орындарына орналастыруды растау, мемлекеттік кірістер органдарының тауарларды уақытша сақтауға орналастыру үшін ұсынылған құжаттарды тіркеуге және олардың тіркелгені туралы растаманы беруге байланысты кедендік операцияларды жасау қағидалары бекітілсін.

2

2. «Тауарлар мен көлік құралдарының кедендік транзитінің және оларды уақытша сақтаудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 249 бұйрығының (2015 жылғы 28 шілдеде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10884 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

3 3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (А.М. Теңгебаев) заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2

2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қағаз және электрондық түрде қазақ және орыс тілдеріндегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынына жолдауды;

3 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

4

4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

1 Тауарларды уақытша сақтау орындарына орналастыруды растау қағидалары

Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2018 жылғы 16 ақпандағы
№ 215 бұйрығына
1-қосымша
Тауарларды уақытша сақтау орындарына орналастыруды растау қағидалары

1 1-тарау. Жалпы ережелер

1

1. Осы Тауарларды уақытша сақтау орындарына орналастыруды растау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) 2017 жылғы 26 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 165-бабының 6-тармағына сәйкес әзірленді және тауарларды уақытша сақтау орындарына орналастыруды растау тәртібін айқындайды.

2 2. Осы Қағидаларда қолданылатын өзге де ұғымдар Кодекске сәйкес қолданылады.

2 2-тарау. Тауарларды уақытша сақтау орындарына орналастыруды растау тәртібі

3 3. Тасымалдаушы, тауарға қатысты өкілеттігі бар өзге адамдар болмаса олардың өкілдері тауардың уақытша сақтау орнына орналастырылғанын растайтын құжаттарды бергенге дейін тауарларды және (немесе) көлік құралдарын уақытша сақтау орындарына орналастыра тұрады.

4

4. Тасымалдаушы, тауарға қатысты өкілеттігі бар өзге адамдар немесе олардың өкілдері тауарларды уақытша сақтауға орналастыру үшін мемлекеттік кіріс органдарына тауар туралы, тауарды жөнелтуші (алушы) туралы, тауар жөнелтілетін ел (межеленген) туралы мәліметтер бар көліктік (тасымал), коммерциялық және (немесе) кедендік құжаттарды ұсынады.
Мұндай құжаттар мемлекеттік кіріс органдарына, Еуразиялық экономикалық одақ және (немесе) Қазақстан Республикасы кедендік заңнамада алдын-ала қарастырылған жағдайда, электронды түрде немесе қағаздық жеткізу түрінде ұсынылады.

5 5. Өткізу пунктінде орналасқан мемлекеттік кірістер органдары көліктік (тасымал) және коммерциялық құжаттың екі данада расталған көшірмесін қабылдайды, ал межелі пункті мемлекеттік кірістер органдары транзиттік декларацияны қабылдайды.

Тауарлар теміржол көлігімен жеткізілген жағдайда, өткізу пунктінде орналасқан мемлекеттік кірістер органдары бір үлгідегі теміржол жүкқұжатын, сонымен бірге теміржол жүкқұжатының екі данада расталған көшірмесі мен коммерциялық құжатты қабылдайды, ал межелі пункті мемлекеттік кірістер органдары транзиттік декларацияны қабылдайды.
Экспресс-жүктер әуе көлігімен келген жағдайда, экспресс-тасымалдаушы өткізу пунктте орналасқан мемлекеттік кірістер органдарына осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Экспресс-жүктерді есепке алу тізілімінің 3 данасын табыс етеді, онда бір әуежүкқұжаты бойынша келіп түскен барлық экспресс-жүктер туралы ақпарат көрсетілген.

6 6. Тауарлардың уақытша сақтау орындарына орналастырылғанын растау үшін мемлекеттік кірістер органына ұсынылатын құжаттар мыналарды:

кедендік транзит кедендік рәсімдерінің аяқталғаны туралы белгілерді;
уақытша сақтау орынның атауын және уақытша сақтау орынның есептік нөмірін қамтиды.
Уақытша сақтау орнына орналастырылған тауардың есептік нөмірі мына сызба бойынша қалыптастырылады:
112233/444444,
мұнда:
11 және 22 – тиісінше тіркеу күні мен айы;
33 – ағымдағы жылдың соңғы екі цифры;
444444 – уақытша сақтау орнына орналастырылған тауарларды есепке алу кітабы бойынша реттік нөмірі.

7 7. Кодекстің 165-бабына сәйкес орындарда тауарларды уақытша сақтаған жағдайларда ұсынылған құжаттарда сақтау орнының мекенжайы мен уақытша сақтауға орналастырылған күні көрсетіледі.

Тауарлар мен көлік құралдары Кодекстің 170-бабына сәйкес уақытша сақтау орындарына орналастырылған кезде қосымша:
тауарға қатысты өкілеттіктерге ие адамның ерікті нысандағы жазбаша өтініші;
кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз етуді растайтын құжат;
тауарларды және көлік құралдарын Кодекстің 170-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында көзделген уақытша сақтау орындарына орналастырған кезде, өзге де уақытша сақтау орны орналасқан аумақ алушыға меншік құқығында тиесілі екендігін немесе жалға алу құқығында оны пайдаланатындығын растайтын құжаттың көшірмесі;
тауарларды және көлік құралдарын Кодекстің 170-бабы 1-тармағының
3) тармақшасында көзделген уақытша сақтау орындарына орналастырған кезде, өзге де уақытша сақтау орны орналасқан теміржол учаскесі тауарға қатысты өкілеттіктерге ие адамның меншігі болып табылатындығын не көрсетілген адам жалға алу құқығында пайдаланатындығын растайтын құжаттың көшірмесі ұсынылады.

8

8. Ұсынылған құжаттар мен олардың көшірмелерінің бірінші беттерінің бос орындарына осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік кірістер органы жауапты лауазымды адамының қолымен және жеке нөмірлі мөрінің бедерімен куәландырылатын тіркеу нөмірі, уақытша сақтау орны, тіркеу күні мен уақыты, уақытша сақтау мерзімінің аяқталу күні туралы мәліметтерді қамтитын тауарларды уақытша сақтауға орналастыру туралы құжаттардың тіркелуін растайтын мөртаңба (бұдан әрі – мөртаңба) қою тауарларды және көлік құралдарын уақытша сақтауға орналастыруды растау болып табылады.
Теміржол жүкқұжатын барлық беттерінің, сондай-ақ ұсынылған құжаттардың және олардың көшірмелерінің бірінші беттерінің бос орындарына мөртаңба қою теміржол көлігімен келіп жеткен тауарларды және көлік құралдарын уақытша сақтауға орналастыруды растау болып табылады.
Тауардың уақытша сақтау орнына нақты орналастырылғанын тексеру, тәуекелдік басқару жүйесінің ұсынымдарына сәйкес жүзеге асырылады.

9

9. Өткізу пунктінде орналасқан мемлекеттік кірістер органында тауарларды уақытша сақтауға орналастыру үшін ұсынылған құжаттардың тіркелгенін растау туралы белгілері бар көлік (тасымал) және коммерциялық құжаттар көшірмелерінің бір данасы тасымалдаушыға немесе тауарларға қатысты өкілеттіктерге ие өзге де адамдарға немесе олардың өкілдеріне, ал мемлекеттік кірістер органының тіркеу туралы белгісі бар көшірменің екінші данасы мемлекеттік кірістер органында қалады, ал межелі мемлекеттік кірістер органында мұндай растау мемлекеттік кірістер органының тасымалдаушыға немесе тауарларға қатысты өкілеттіктерге ие өзге де адамдарға немесе олардың өкілдеріне берілетін тіркеу туралы белгілері бар транзиттік декларация болып табылады.
Тауарларды уақытша сақтауға орналастыру үшін ұсынылған құжаттардың тіркелуін растау туралы белгісі бар Экспресс-жүктерді есепке алу тізілімінің даналары, мынадай түрде бөлінеді:
бір данасы уақытша сақтау қоймасының иесіне;
бір данасы экспресс-тасымалдаушыға;
бір данасы тіркеуді жүзеге асырған мемлекеттік кірістер органына.
Тауарларды уақытша сақтау орындарына
орналастыруды растау қағидаларына
1-қосымша
нысан
Ескертпе: мөртаңбаның ұсынылатын мөлшері – 60 мм х 90 мм

1 Тауарларды уақытша сақтау

орындарына орналастыруды
растау қағидаларына
2-қосымша
нысан
Қойманың тіркеу нөмірі ___________________________________________________
Экспресс-тасымалдаушының атауы және бизнес-сәйкестендіру нөмірі _____________________________
Кіріс

Орналас
тыру күні
Жалпы жүкқұжатының нөмірі
Жеке жүкқұжатының нөмірі
Жеке жүкқұжат бойынша жөнелтуші
Жеке жүкқұжат бойынша алушы
Жеке жүкқұжат бойынша тауардың атауы
1
2
3
4
5
6
7
Кестенің жалғасы
Кіріс
Шығыс
Ескертпе
Орындар
дың саны
Брутто салмағы
(килограммен)
Кедендік декларацияның нөмірі
Қоймадан берілген күні
8
9
10
11
12

2 Мемлекеттік кірістер органдарының тауарларды уақытша сақтауға орналастыру үшін ұсынылған құжаттарды тіркеуге және олардың тіркелгені туралы растаманы беруге байланысты кедендік операцияларды жасау қағидалары

Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2018 жылғы 16 ақпандағы
№ 215 бұйрығына
2-қосымша
Мемлекеттік кірістер органдарының тауарларды уақытша сақтауға орналастыру үшін ұсынылған құжаттарды тіркеуге және олардың тіркелгені туралы растаманы беруге байланысты кедендік операцияларды жасау қағидалары

1 1-тарау. Жалпы ережелер

1

1. Осы Мемлекеттік кірістер органдарының тауарларды уақытша сақтауға орналастыру үшін ұсынылған құжаттарды тіркеуге және олардың тіркелгені туралы растаманы беруге байланысты кедендік операцияларды жасау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) 2017 жылғы 26 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 171-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді және мемлекеттік кірістер органдарының тауарларды уақытша сақтауға орналастыру үшін ұсынылған құжаттарды тіркеуге және олардың тіркелгені туралы растаманы беруге байланысты кедендік операцияларды жасау тәртібін айқындайды.

2 2. Осы Қағидаларда қолданылатын өзге де ұғымдар Кодекске сәйкес қолданылады.

2 2-тарау. Мемлекеттік кірістер органдарының тауарларды уақытша сақтауға орналастыру үшін ұсынылған құжаттарды тіркеуге және олардың тіркелгені туралы растаманы беруге байланысты кедендік операцияларды жасау тәртібі

3

3. Мемлекеттік кірістер органының жауапты лауазымды адамы осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша тауарларды және көлік құралдарын уақытша сақтауға орналастыруды растайтын құжатты, уақытша сақтаудағы болатың тауарлар мен көлік құралдарын есепке алу журналын (бұдан әрі – журнал) тіркеуді жүргізеді.

4 4. Тауарларды уақытша сақтауға орналастыруды растайтын құжаттардың тіркеу нөмірі мына сызба бойынша қалыптастырылады:

11111/223344/555555,
мұнда:
11111 – тауарларды және көлік құралдарын уақытша сақтауға орналастыруды растайтын құжатты тіркеген мемлекеттік кірістер органының коды;
22 және 33 – тиісінше тіркелген күні мен айы;
44 – ағымдағы жылдың соңғы екі цифры;
555555 – тіркеу журналы бойынша реттік нөмірі.

5

5. Ұсынылған құжаттар мен көшірмелерінің бірінші беттерінің бос орындарына тауарларды уақытша сақтау орындарына орналастыруды растау бойынша осы Қағидаларға қосымшаларға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік кіріс органы жауапты лауазымды адамының қолымен және жеке нөмірлі мөрінің таңбасымен куәландырылатын тіркеу нөмірі, уақытша сақтау орны, тіркеу күні мен уақыты, уақытша сақтау мерзімінің аяқталу күні туралы мәліметтерді қамтитын тауарларды уақытша сақтауға орналастыру туралы құжаттардың тіркелгенін растайтын мөртаңба қою тауарлар мен көлік құралдарын уақытша сақтаудың тіркеуге алынғанын растау болып табылады.

6 6. Экспресс-жүктерді есепке алу тізілімі бойынша тіркелетін экспресс-жүктерге қатысты Уақытша сақтауда тұрған тауарлар мен көлік құралдарын есепке алу журналын толтыру, мынадай ерекшеліктерді ескере отырып жүзеге асырылады:

4-бағанада экспресс-тасымалдаушының атауы көрсетіледі;
6-бағанада экспресс-жүк атауы көрсетіледі;
7-бағанада Экспресс-жүктерді есепке алу тізілімі бойынша орындардың жалпы саны көрсетіледі;
8-бағанада Экспресс-жүктерді есепке алу тізілімі бойынша экспресс-жүктердің жалпы брутто салмағы (килограмм) көрсетіледі;
13, 14, 15, 16, 17, 18 және 19-бағаналар толтырылмайды;
20-бағанада Экспресс-жүктерді есепке алу тізілімі бойынша соңғы экспресс-жүк шығарылған күні көрсетіледі;
қалған бағаналар бағананың атауына сәйкес ақпаратпен толтырылады.
Тауарларды уақытша сақтау
орындарына орналастыруды
растау, тауарларды уақытша сақтауға
орналастыруды растайтын
құжаттарды қабылдау және
тіркеу қағидаларына
қосымша
нысан

р/р
Уа­қыт­ша сақ­та­у­ға ор­на­ла­сты­ры­л­ған кү­ні
Ор­на­ла­сты­рыл­ды
Тран­зит­тік де­кла­ра­ция неме­се ха­лы­қа­ра­лық жол та­сы­мал­дау кі­тап­ша­сы­ның нө­мі­рі (ха­лы­қа­ра­лық жол та­сы­мал­дау Кон­вен­ци­я­сы­на сәй­кес та­у­ар­лар­ды та­сы­мал­дау ке­зін­де)
Уа­қыт­ша сақ­та­у­ға та­у­ар­лар мен кө­лік құ­рал­да­рын ор­на­ла­сты­ра­тын тұл­ға те­гі, аты және әке­сі­нің аты (ол болған кез­де)
Кө­лік құ­ра­лы­ның (тір­ке­ме­нің) мем­ле­кет­тік тір­кеу нө­мі­рі
Та­у­ар­лар­дың ат­та­ры
Орын са­ны
Та­у­ар сал­ма­ғы брут­то (ки­ло­грамм), кө­лік (та­сы­мал) құ­жа­ты бой­ын­ша өл­шен­ген (жет­кі­зі­л­ген) қо­сым­ша бір­лік кө­ле­мі
Уа­қыт­ша сақ­тау ор­ны­ның ата­уы, ті­зі­лім бой­ын­ша нө­мі­рі
Уа­қыт­ша сақ­тау ор­нын есеп­ке алу жур­на­лы бой­ын­ша тір­кеу нө­мі­рі
Уа­қыт­ша сақ­тау мер­зі­мі
Мем­ле­кет­тік кі­ріс ор­га­ны ла­у­а­зы­мы, те­гі, аты және әке­сі­нің аты (ол болған кез­де) тұл­ға­сы­ның қо­лы
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
кестенің жалғасы:
Шы­ға­рыл­ды
Қал­дық (болған жағ­дай­да)
Ес­керт­пе
Та­у­ар­лар­ға де­кла­ра­ция неме­се тран­зит­тік де­кла­ра­ци­я­ның нө­мі­рі
Та­у­ар­лар­ға де­кла­ра­ция неме­се тран­зит­тік де­кла­ра­ци­я­ның ре­сім­дел­ген кү­ні
Орын са­ны
Та­у­ар сал­ма­ғы брут­то (ки­ло­грамм), кө­лік (та­сы­мал) құ­жа­ты бой­ын­ша өл­шен­ген (жет­кі­зі­л­ген) қо­сым­ша бір­лік өл­ше­мі
Мем­ле­кет­тік кі­ріс ор­га­ны ла­у­а­зы­мы, те­гі, аты және әке­сі­нің аты (ол болған кез­де) тұл­ға­сы­ның қо­лы
Орын са­ны
Та­у­ар сал­ма­ғы брут­то (ки­ло­грамм), кө­лік (та­сы­мал) құ­жа­ты бой­ын­ша өл­шен­ген (жет­кі­зі­л­ген) қо­сым­ша бір­лік өл­ше­мі
13
14
15
16
17
18
19
20

Қолданыстағы