О переименовании составных частей села Кенарал Косаральского сельского округа Федоровского района
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О переименовании составных частей села Кенарал Косаральского сельского округа Федоровского района
- Атауы (қаз.)
- Федоров ауданы Қосарал ауылдық округінің Кеңарал ауылының құрамдас бөліктерін қайта атау туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 1
- Қабылданған күні
- 09.02.2018
- Көрсетілген редакция
- 09.02.2018 119251_297583.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 09.02.2018
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V18NTG07556
- ЭКБ идентификаторы
- 119251
- Редакция идентификаторы
- 119251_297583
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 01:52
0 Федоров ауданы Қосарал ауылдық округінің Кеңарал ауылының құрамдас бөліктерін қайта атау туралы
«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 4) тармақшасына сәйкес, Федоров ауданы Қосарал ауылдық округі халқының пікірін ескере отырып, облыстық ономастика комиссиясының 2017 жылғы 4 желтоқсандағы қорытындысы негізінде Қосарал ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. Қосарал ауылдық округінің Кеңарал ауылында қайта аталсын:
Советская көшесі Бірлік көшесіне;
Комсомольская көшесі Болашақ көшесіне;
50 лет Октября көшесі Еңбек көшесіне;
60 лет Октября көшесі Достық көшесіне.
2 2. «Федоров ауданы Қосарал ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі:
1 1) осы шешімнің аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
2
2) осы шешім мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;