О переименовании улиц и переулка поселка Шидерты города Экибастуза
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О переименовании улиц и переулка поселка Шидерты города Экибастуза
- Атауы (қаз.)
- Екібастұз қаласы Шідерті поселкесінің көшелерін және тұйық көшесін қайта атау туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 1-03/2
- Қабылданған күні
- 08.02.2018
- Көрсетілген редакция
- 08.02.2018 119252_298274.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 08.02.2018
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V18PCM05871
- ЭКБ идентификаторы
- 119252
- Редакция идентификаторы
- 119252_298274
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 01:53
0 Екібастұз қаласы Шідерті
поселкесінің көшелерін және
тұйық көшесін қайта атау туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 14-бабы 4) тармақшасына сәйкес, Шідерті поселкесі тұрғындарының пікірін ескере отырып және 2017 жылғы 25 қазандағы облыстық ономастика комиссиясының қорытындысы негізінде, Екібастұз қаласы Шідерті поселкесі әкімінің міндетін атқарушы ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. Екібастұз қаласы Шідерті поселкесінің келесі көшелері мен тұйық көшесі:
«Водопроводная» көшесі «Құрманғазы» көшесі;
«Горняков» көшесі «Кеншілер» көшесі;
«Графтио» көшесі «Әлия Молдағұлова» көшесі;
«Железнодорожная» көшесі «Сұлтанмахмұт Торайғыров» көшесі;
«Калинин» көшесі «Достық» көшесі;
«Комсомольская» көшесі «Бейбітшілік» көшесі;
«Ленин» көшесі «Қаныш Сәтбаев» көшесі;
«Маргулан» көшесі «Әлкей Марғұлан» көшесі;
«Мир» көшесі «Бөгенбай батыр» көшесі;
«Сельская» көшесі «Қабанбай батыр» көшесі;
«Спортивная» көшесі «Мәшһүр Жүсіп» көшесі;
«Степная» көшесі «Желтоқсан» көшесі;
«Центральная» көшесі «Қажымұқан Мұңайтпасұлы» көшесі;
«Юность» көшесі «Жастар» көшесі;
«Юбилейная» көшесі «Ыбырай Алтынсарин» көшесі;
«Мир» тұйық көше «Бірлік» тұйық көшесі болып қайта аталсын.