Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил представления органом государственных доходов уполномоченным государственным органам сведений о представленных декларациях о доходах и имуществе, с указанием даты представления и кода органа государственных доходов, лицами, на которых Законом Республики Казахстан «О противодействии коррупции» возложена такая обязанность

Бұйрық · № 220 · қабылданған 16.02.2018
Заңдық күші: Қолданыста · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-119261/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
Об утверждении Правил представления органом государственных доходов уполномоченным государственным органам сведений о представленных декларациях о доходах и имуществе, с указанием даты представления и кода органа государственных доходов, лицами, на которых Законом Республики Казахстан «О противодействии коррупции» возложена такая обязанность Қолданыста Бұйрық ·№ 220 ·16.02.2018
28.07.2022 редакциясы
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.07.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил представления органом государственных доходов уполномоченным государственным органам сведений о представленных декларациях о доходах и имуществе, с указанием даты представления и кода органа государственных доходов, лицами, на которых Законом Республики Казахстан «О противодействии коррупции» возложена такая обязанность

Қолданыста Бұйрық ·№ 220 · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил представления органом государственных доходов уполномоченным государственным органам сведений о представленных декларациях о доходах и имуществе, с указанием даты представления и кода органа государственных доходов, лицами, на которых Законом Республики Казахстан «О противодействии коррупции» возложена такая обязанность
Атауы (қаз.)
Мемлекеттік кірістер органының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» 2015 жылғы 18 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңымен осындай міндет жүктелген адамдар тапсыру күні мен мемлекеттік кірістер органының кодын көрсете отырып, тапсырған кірістер мен мүлік туралы декларациялар туралы мәліметтерді уәкілетті мемлекеттік органдарға беру қағидаларын бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
220
Қабылданған күні
16.02.2018
Көрсетілген редакция
28.07.2022 119261_588217.kaz
Соңғы өзгеріс
28.07.2022
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1800016495
ЭКБ идентификаторы
119261
Редакция идентификаторы
119261_588217
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 01:44

0

Мемлекеттік кірістер органының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен осындай міндет жүктелген адамдар тапсыру күні мен мемлекеттік кірістер органының кодын көрсете отырып, тапсырған кірістер мен мүлік туралы декларациялар туралы мәліметтерді уәкілетті мемлекеттік органдарға ұсыну қағидаларын бекіту туралы
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 30-бабы 3-тармағының 14) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1

1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік кірістер органының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен осындай міндет жүктелген адамдар тапсыру күні мен мемлекеттік кірістер органының кодын көрсете отырып, тапсырған кірістер мен мүлік туралы декларациялар туралы мәліметтерді уәкілетті мемлекеттік органдарға ұсыну қағидалары бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (А.М. Теңгебаев) заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2

2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмелерін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

3 3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

4

4) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік
қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа
қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы
А.Шпекбаев _________________
20___ жылғы «__» _____________

0 Мемлекеттік кірістер органының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен осындай міндет жүктелген адамдар тапсыру күні мен мемлекеттік кірістер органының кодын көрсете отырып, тапсырған кірістер мен мүлік туралы декларациялар туралы мәліметтерді уәкілетті мемлекеттік органдарға ұсыну қағидалары

Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2018 жылғы 16 ақпандағы
№ 220 бұйрығына қосымша
Мемлекеттік кірістер органының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен осындай міндет жүктелген адамдар тапсыру күні мен мемлекеттік кірістер органының кодын көрсете отырып, тапсырған кірістер мен мүлік туралы декларациялар туралы мәліметтерді уәкілетті мемлекеттік органдарға ұсыну қағидалары

1 1-тарау. Жалпы ережелер

1

1. Осы Мемлекеттік кірістер органының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен осындай міндет жүктелген адамдар тапсыру күні мен мемлекеттік кірістер органының кодын көрсете отырып, тапсырған кірістер мен мүлік туралы декларациялар туралы мәліметтерді уәкілетті мемлекеттік органдарға ұсыну қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 30-бабы 3-тармағының 14) тармақшасына сәйкес әзірленді және мемлекеттік кірістер органының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен (бұдан әрі – Заң) осындай міндет жүктелген адамдар тапсыру күні мен мемлекеттік кірістер органының кодын көрсете отырып, тапсырған кірістер мен мүлік туралы декларациялар туралы мәліметтерді (бұдан әрі – Мәлімет) уәкілетті мемлекеттік органдарға ұсыну тәртібін айқындайды.

2 2. Мәлімет уәкілетті мемлекеттік органға Заңның 22-бабын іске асыру мақсатында ұсынылады.

2 2-тарау. Мәліметті тапсыру тәртібі

3

3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (бұдан әрі – Комитет) ақпараттық жүйені әкімшілендіру бойынша қызметкерге (бұдан әрі – әкімші) өкілеттік беру туралы департамент басшылары бұйрықтарының негізінде облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана бойынша мемлекеттік кірістер департаменттерінің (бұдан әрі – департамент) қызметкерлеріне «Кірістер мен мүлік туралы декларацияларды тапсыру туралы мәліметтер» ақпараттық жүйесіне (бұдан әрі – АЖ) қол жеткізуді ұсынады.
Әкімші кірістер мен мүлік туралы декларацияларды табыс ету бойынша міндеттемелерді орындамау фактілерін анықтау бойынша қызметкерге өкілеттік беру туралы мемлекеттік орган актісінің негізінде мемлекеттік органның қызметкеріне (бұдан әрі – пайдаланушы) АЖ қол жеткізуді ұсынады.

4 4. Комитет АЖ-ге қол жеткізуді бұйрықтың көшірмесін және логинін (пайдаланушының интернет-ресурсындағы аты), жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН) көрсете отырып, әкімші туралы ақпаратты алған күннен бастап 3 (үш) күннің ішінде ұсынады.

5 5. АЖ қол жеткізуді алу үшін мемлекеттік орган ағымдағы жылдың 15 наурызынан кешіктірмей актінің көшірмесін және логинін (пайдаланушының интернет-ресурсындағы аты), ЖСН және лауазымын көрсете отырып, пайдаланушы туралы ақпаратты департаментке жолдайды.

6 6. Әкімші АЖ қол жеткізуді осы Қағидалардың 5-тармағында көрсетілген құжаттарды алған күннен бастап 3 (үш) күннің ішінде береді.

7 7. Пайдаланушы және әкімші бойынша мәліметтер өзгерген кезде өзгеріс енгізілген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде:

мемлекеттік органы – департаментке;
департамент – Комитетке хабарлайды.
Пайдаланушының не әкімшінің өкілеттігі тоқтатылған жағдайда, тиісті орган АЖ қол жеткізуді шектеуді 1 (бір) жұмыс күні ішінде қамтамасыз етеді.

3 3-тарау. Қорытынды ереже

8

8. Заңмен кірістер мен мүлік туралы декларацияны тапсыру бойынша міндет жүктелген адамдардың кірістер мен мүлік туралы декларацияны тапсыру мерзімдерін бұзу фактілері анықталған кезде, мемлекеттік органдар ағымдағы жылдың 30 қазанынан кешіктірмей осындай фактілер туралы өзінің орналасқан жері бойынша департаментке не сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша уәкілетті органға хабарлайды.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген ақпарат сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша уәкілетті органға мынадай тәртіпте:
орталық мемлекеттік органдар – орталық аппаратқа;
қалған мемлекеттік органдар – өзінің орналасқан жері бойынша аумақтық бөлімшелерге табыс етеді.

9 9. Мәліметтерді жария еткені үшін Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 473-бабына сәйкес жауаптылық көзделген.

Қолданыстағы