Об определении юридического лица, обеспечивающего передачу сведений о денежных расчетах в оперативном режиме в органы государственных доходов по сетям телекоммуникаций общего пользования
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об определении юридического лица, обеспечивающего передачу сведений о денежных расчетах в оперативном режиме в органы государственных доходов по сетям телекоммуникаций общего пользования
- Атауы (қаз.)
- Ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желілері бойынша мемлекеттік кірістер органдарына ақшалай есеп айырысулар туралы мәліметтерді жедел режимде беруді қамтамасыз ететін заңды тұлғаны айқындау туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 205
- Қабылданған күні
- 16.02.2018
- Көрсетілген редакция
- 25.03.2021 119295_522042.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 25.03.2021
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1800016468
- ЭКБ идентификаторы
- 119295
- Редакция идентификаторы
- 119295_522042
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 01:46
0 Ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желілері бойынша мемлекеттік кірістер органдарына ақшалай есеп айырысулар туралы мәліметтерді жедел режимде беруді қамтамасыз ететін заңды тұлғаны айқындау туралы
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің
(Салық кодексі) 165-бабының 16) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1 1. Ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желілері бойынша мемлекеттік кірістер органдарына ақшалай есеп айырысулар туралы мәліметтерді жедел режимде беруді қамтамасыз ететін заңды тұлғалар болып келесі заңды тұлғалар айқындалсын:
1 1) «Қазақтелеком» акционерлік қоғамы;
2 2) «Транстелеком» акционерлік қоғамы;
3 3) «Кар-Тел» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.
2 2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (А.М. Теңгебаев) заңнамада белгiленген тәртіпте:
1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2
2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеген күнінен бастап күнтізбек он күн ішінде оның көшірмелерін қағаз және электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу және ресми жариялау үшін Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнің «Республикалық құқықтық ақпараттық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;
3 3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
4 4) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың
1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ақпарат және коммуникациялар министрі
Д. Абаев ______________________
2018 жылғы «____» ____________