Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил исчисления стажа работы по специальности для работников государственных учреждений системы статистики, не являющихся государственными служащими

Бұйрық · № 53 · қабылданған 14.04.2002
Заңдық күші: Күшін жойған · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-11931/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
Об утверждении Правил исчисления стажа работы по специальности для работников государственных учреждений системы статистики, не являющихся государственными служащими Күшін жойған Бұйрық ·№ 53 ·14.04.2002
24.07.2009 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 24.07.2009. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил исчисления стажа работы по специальности для работников государственных учреждений системы статистики, не являющихся государственными служащими

Күшін жойған Бұйрық ·№ 53 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил исчисления стажа работы по специальности для работников государственных учреждений системы статистики, не являющихся государственными служащими
Атауы (қаз.)
Статистика жүйесіндегі мемлекеттік мекемелердің мемлекеттік қызметшілері болып табылмайтын қызметкерлер үшін мамандығы бойынша жұмыс стажын есептеу Ережесін бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
53
Қабылданған күні
14.04.2002
Көрсетілген редакция
24.07.2009 AI11931_2.kaz
Соңғы өзгеріс
24.07.2009
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V020001829_
ЭКБ идентификаторы
11931
Редакция идентификаторы
AI11931_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
04.08.2026 23:09

0 Статистика жүйесіндегі мемлекеттік мекемелердің мемлекеттік қызметшілері болып табылмайтын қызметкерлер үшін мамандығы бойынша жұмыс стажын есептеу Ережесін бекіту туралы

Күші жойылды - ҚР Статистика агенттігі Төрайымының 2009.07.24 N 113 Бұйрығымен.
БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса беріліп отырған статистика жүйесіндегі мемлекеттік

мекемелердің мемлекеттік қызметшілері болып табылмайтын қызметкерлер үшін мамандығы бойынша жұмыс стажын есептеу Ережесі бекітілсін.

2 Статистика жүйесіндегі мемлекеттік мекемелердің мемлекеттік қызметшілері болып табылмайтын қызметкерлер үшін мамандығы бойынша жұмыс стажын есептеу ЕРЕЖЕСІ

2. Осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткен сәттен бастап іске қосылады және 2002 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған қатынастарға қолданылады.
Келісілді                        Қазақстан Республикасының
Қазақстан Республикасы        Статистика жөніндегі агенттігінің
еңбек және халықты             2002 жылғы 15 сәуірдегі N 53
әлеуметтік қорғау                  бұйрығымен бекітілген
министрлігі
11.04.2002 ж.
Статистика жүйесіндегі мемлекеттік мекемелердің мемлекеттік қызметшілері болып табылмайтын қызметкерлер үшін мамандығы бойынша жұмыс стажын есептеу ЕРЕЖЕСІ
Осы Ереже статистика жүйесіндегі мемлекеттік мекемелердің мемлекеттік қызметшілері болып табылмайтын қызметкерлердің мамандығы бойынша жұмыс стажын есептеудің тәртібі мен шарттарын реттейді.

1 1. Мамандығы бойынша жұмыс стажына, сол мамандық бойынша статистика жүйесі саласындағы мемлекеттік мекемелерде және ұйымдық-құқықтық нысанына байланысты емес басқа да ұйымдарда істеген барлық жұмыс уақыты кіреді, сондай-ақ:

1 1) сол мамандықтар бойынша мемлекеттік қызметте болған;

2

2) КСРО Қарулы Күштеріндегі қызметі, КСРО-ның ішкі істер мен мемлекеттік қауіпсіздік органдарындағы, сондай-ақ, интернационалдық борышын орындау, соның ішінде әскери комиссариаттың анықтамасы болған жағдайда, әскери қызметшінің тұтқында болған, теріс себептермен қызметтен шығарылған адамдардан басқа, офицерлік құрамдағы адамдардың, прапорщиктердің, мичмандардың, Қарулы Күштердегі мерзімсіз қызметтегі әскери қызметшілердің, ішкі, шекара әскерлерінде, Қазақстан Республикасы азаматтық қорғаныс басқармалары органдары мен бөлімшелерінде, Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметінде және Қазақстан Республикасының Республикалық ұланында міндетті әскери қызметін өтеген;

3 3) Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты, мәслихат депутаты өкілеттігін жүзеге асырған уақыт;

4 4) заңдарға сәйкес жүктілігі мен босануы бойынша, сондай-ақ баланы күту бойынша жалақысы сақталмайтын қосымша демалыс берілген;

5 5) жұмыстан заңсыз шығарылған және кейіннен жұмысқа қайта алынған кездегі еріксіз жұмысқа шықпай қалған;

6 6) мемлекеттік мекемелердің жолдамасы бойынша кадрларды даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру курстарында жұмыстан қол үзіп отырып оқыған;

7 7) мамандық профилі бойынша ұйымдардағы ғылыми жұмыспен айналысқан;

8 8) қызмет саласына байланыссыз, оның еңбек жолы өткен ұқсас мамандықтар бойынша лауазымдардағы жұмыс уақыты.

2 2. Осы Ережеге сәйкес есепке алынатын мамандығы бойынша жұмыс стажы күнтізбелік есептеуде ескеріледі.

3 3. Күнтізбелік ай ішінде лауазымдық жалақысын көбейту құқығы туындаған қызметкерлерге стажын ескере отырып лауазымдық жалақысын есептеу, осындай құқық туындаған күннен бастап жүзеге асырылады.

4 4. Мамандығы және мамандықтардың ұқсастығы бойынша жұмыс стажын, құрамын тиісті мемлекеттік мекеменің басшысы бекітетін еңбек стажын белгілеу жөніндегі мемлекеттік мекеменің комиссиясы анықтайды.

5 5. Мамандығы бойынша жұмыс стажын белгілеу туралы комиссия шешімі хаттамамен ресімделеді. Шешімнен үзінділер екі данадан жасалады және: бір данасы кадр қызметіне, екіншісі - бухгалтерияға беріледі.

6 6. Мамандығы бойынша жұмыс стажын анықтау үшін қызметкердің еңбек қызметін растайтын құжаттар еңбек кітапшасы (ол бар болғанда) немесе жеке еңбек шарты не жұмысқа қабылдау және жұмыстан босату туралы бұйрықтардан үзінділер болып табылады.

Қолданыстағы