О повышении базовых ставок земельного налога и единого земельного налога на не используемые земли сельскохозяйственного назначения
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О повышении базовых ставок земельного налога и единого земельного налога на не используемые земли сельскохозяйственного назначения
- Атауы (қаз.)
- Пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелерін және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін жоғарылату туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 26/6-VI
- Қабылданған күні
- 14.02.2018
- Көрсетілген редакция
- 28.02.2020 119313_448266.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 28.02.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V18VA005521
- ЭКБ идентификаторы
- 119313
- Редакция идентификаторы
- 119313_448266
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 01:48
0 Пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы
мақсатындағы жерлерге жер
салығының базалық мөлшерлемелерін
және бірыңғай жер салығының
мөлшерлемелерін жоғарылату туралы
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Кодексінің 509-бабының 5 тармағына, 704-бабының 3 тармағына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 1 тармағының 15) тармақшасына сәйкес Өскемен қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1
1. Өскемен қаласы бойынша Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Қазақстан Республикасы кодексінің 503, 704-баптарында белгіленген жер салығының және бірыңғай жер салығының базалық мөлшерлемелері он есе жоғарылатылсын.
2
2. «Пайдаланылмайтын ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелерін және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін жоғарылату туралы» Өскемен қалалық мәслихатының 2016 жылғы 23 маусымдағы № 6/4-VI (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 4610 нөмірімен тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2016 жылғы 1 тамызда электрондық түрде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.