Об утверждении классификаторов
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении классификаторов
- Атауы (қаз.)
- Жіктеуіштерді бекіту туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 259
- Қабылданған күні
- 21.02.2018
- Көрсетілген редакция
- 30.04.2021 119339_525583.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 30.04.2021
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1800016512
- ЭКБ идентификаторы
- 119339
- Редакция идентификаторы
- 119339_525583
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 01:42
0 Жіктеуіштерді бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» 2017 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 9-бабы 2-тармағына сәйке БҰЙЫРАМЫН:
1 1. Мыналар:
1 1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес кедендік декларациялау кезінде пайдаланылатын тыйым салулар мен шектеулердің сақталуын растайтын код жіктеуіштері;
2 2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес кедендік сәйкестендіру нөмірін қалыптастыру жіктеуіші;
3 3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес мәміле сипатының жіктеуіші;
4 4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес сыртқы экономикалық мәмілелер ерекшеліктерінің жіктеуіші;
5 5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес тауарларға арналған декларацияның 33-бағанының екінші және үшінші бөлімдерінде толтырылатын зияткерлiк меншiк объектiлерi бар тауарлар кодтарының жіктеуіші;
6 6) осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес зияткерлiк меншiк объектiлерi құқықтарын қорғау бойынша электрондық өтінішті беру үшін қолданатын, құжаттардың және мәліметтердің жіктеуіші бекітілсін.
2 2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (А.М. Теңгебаев) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркеген күнінен бастап күнтізбек он күн ішінде оның көшірмелерін қағаз және электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнің «Республикалық құқықтық ақпараттық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;
3 3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
4
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрық ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
1 Кедендік декларациялау кезінде пайдаланылатын тыйым салулар мен шектеулердің сақталуын растайтын код жіктеуіштері
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2018 жылғы 21 ақпандағы
№ 259 бұйрығына
1-қосымша
Кедендік декларациялау кезінде пайдаланылатын тыйым салулар мен шектеулердің сақталуын растайтын код жіктеуіштері
Код жіктеуіштері
Тыйым салулар мен шектеулердің атауы
A
Тауарларды әкелуге және (немесе) әкетуге тыйым салу
B
Тауарларды әкелуге және (немесе) әкетуге мөлшерлемелік шектеулер
C
Тауарларды әкелуге және (немесе) әкетуге рұқсат беру тәртібі
D
Техникалық реттеу
E
Санитарлық шаралар
F
Ветеринариялық-санитариялық шаралар
G
Карантиндік фитосанитариялық шаралар
H
Қосарлы және әскери қолданыстағы (мақсаттағы) тауарлар және технологиялар
Тауарларды әкелуге және (немесе) әкетуге тыйым салу
ТЕР коды
Сипаттама
A01
Уақытша тыйым салулар
A0100
Уақытша тыйым салулар қолданылмайтын тауарларды кедендік рәсімдермен орналастыру
A0110
Экспортқа және (немесе) импортқа уақытша тыйым салулар енгізілген тауарларды кедендік рәсіммен орналастыру
A02
Әкелуге және әкетуге тыйым салынған озон қабатын бұзатын заттар мен құрамында озон қабатын бұзатын заттары бар өнімдер
A0210
Озон қабатын бұзатын заттар мен құрамында озон қабатын бұзатын заттары бар өнімдерді әкелуге және әкетуге тыйым салынған
A0215
Жеке пайдалануға арналған тауарлар ретінде жеке тұлғалардың озон қабатын бұзатын заттар мен құрамында озон қабатын бұзатын заттары бар өнімдер
A03
Әкелуге тыйым салынған қауіпті ұсақ қалдықтар
A0310
Қауіпті ұсақ қалдықтарды әкелуге тыйым салынған
A0311
Жеке пайдалануға арналған тауарлар ретінде қауіпті ұсақ қалдықтарды жеке тұлғалардың әкелуі және (немесе) әкетуі
A0312
«Тарифтік емес реттеу шаралары туралы» Еуразиялық экономикалық комиссиясы Алқасының 2015 жылғы 21 сәуірдегі №30 шешіміне 2-қосымшаға сәйкес көму және залалсыздандыру мақсатында Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелу және (немесе) Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкетудің рұқсат ету тәртібі белгіленген Тауарлар тізбесінің (бұдан әрі – Бірыңғай тізбе) 2.3-бөліміне енгізілген қауіпті ұсақ қалдықтарды әкелу
A04
Әкелуге және әкетуге тыйым салынған баспа басылымдарындағы, дыбыс-бейнелеу және өзге де ақпарат тасымалдағышындағы ақпарат
A0400
Тыйым салынған ақпараттарды қамтымайтын, әкелінетін және (немесе) әкетілетін баспа басылымдары және дыбыс-бейнелеу материалдары
A0410
Әкелінетін және (немесе) әкетілетін тыйым салынған ақпараттарды қамтитын, баспа басылымдарына және дыбыс-бейнелеу материалдарына – тыйым слынған.
A05
Әкелуге тыйым салынған, өсімдіктерді қорғау құралдары және өзге де орнықты органикалық ластағыштар
A0510
2001 жылғы 22 мамырдағы Орнықты органикалық ластағыштар туралы Стокгольм конвенциясының А және В қосымшаларының әрекетіне жататын өсімдіктерді қорғау құралдары және өзге де орнықты органикалық ластағыштар
A06
Ағаш материалдарын, регенерирленетін қағаз, картон, макулатураны Еуразиялық экономикалық одағының (бұдан әрі – ЕАЭО) кедендік аумағынан әкетуге тыйым салынған
A0600
Тыйым салу белгіленбеген, ағаш материалдарын, регенерирленетін қағаз, картон, макулатураны кедендік рәсіммене орналастыру
A0610
Ағаш материалдарын, регенерирленетін қағаз, картон, макулатураны кедендік рәсіммене орналастыру
A07
Әкелуге және (немесе) әкетуге тыйым салынған қызметтік және азаматтық қару, оның негізгі бөлшектері және оның патрондары
A0710
Әкелінетін және (немесе) әкетілетін қызметтік және азаматтық қарулар, олардың негізгі бөлшектері және оның патрондарына – тыйым салынған
A08
Әкелуге тыйым салынған, су биологиялық ресурстарын табу (аулау) құралдары
A0800
Бірыңғай тізбеге 1-қосымшаға сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелуге және (немесе) Еуразиялық
экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкетуге тыйым салу белгіленген Тауарлар тізбесінің 1.7-бөлімінде көрсетілмеген су биологиялық ресурстарын табу (аулау) құралдарын әкелу
A0810
Әкелуге тыйым салынған су биологиялық ресурстарын табу (аулау) құралдары
A09
Әкелуге тыйым салынған, гренланды итбалығынан жасалған бұйымдар және гренланды итбалығының төлі
A0900
Гренланды итбалығынан жасалмаған бұйымдарды және гренланды итбалығының төлін әкелу
A0910
Гренланды итбалығынан жасалған бұйымдарды және гренланды итбалығының төлін әкелу
A0911
Гренланды итбалығынан жасалған бұйымдарды (гренланды итбалығының төлін: ақ үрпек, хохлуш және серокты қоспағанда), егер осындай бұйымдар, қазіргі уақытта олар арктикалық және субарктических аудандардың байырғы халықтары немесе байырғы халықтардың дәстүрлі құқығына ие деп түсінілетін, байырғы халықтар жүзеге асырылатын дәстүрлі аң аулау нәтижесінде алынса әкелуге рұқсат етіледі, оның ішінде бұл юпики, инупиаты (Аляска), инуиты, инувиалуиты (Канада), калааллиты (Гренландия) Еуразиялық экономикалық комиссиясымен келісілген нысан бойынша берілетін тауардың шығарылған елінің уәкілетті органының сертификатымен расталады.
A0912
Гренланды итбалығынан жасалған бұйымдарды (гренланды итбалығының төлін: ақ үрпек, хохлуш және серокты қоспағанда), егер жеке тұлғалар жеке пайдалануы үшін (коммерциялық мақсатта емес) әкелсе, осындай бұйымдарды әкелуге рұқсат беріледі
A10
Әкетуге тыйым салынған тірі бұлғындар
A1010
Тірі бұлғындарды әкету
A11
Нормативтік-құқықтық актілерде регламенттелген әкелуге және (немесе) әкетуге өзге тыйым салулар
A1110
Жеке пайдалануға арналған тауар ретінде минералдық шикізаттарды жеке тұлғалардың әкетуі
A1111
Жеке пайдалануға арналған тауар ретінде улы заттарды жеке тұлғалардың әкелуі
A1112
Жеке пайдалануға арналған тауар ретінде арнайы техникалық құралдарды жеке тұлғалардың әкелуі және (немесе) әкетуі
A1113
Жеке пайдалануға арналған тауар ретінде адамның биологиялық материалдары үлгілерін қоспағанда, адам мүшелері мен тінін, қаны мен оның компоненттерін жеке тұлғалардың әкелуі және (немесе) әкетуі
A1114
Жеке пайдалануға арналған тауар ретінде жер қойнауы туралы
ақпаратты жеке тұлғалардың әкетуі
A1115
Жеке пайдалануға арналған тауар ретінде өсімдікті қорғау құралдарын (пестицидтер) жеке тұлғалардың әкелуі
A12
Ұлттық мүдделерге негізделе отырып енгізілетін өзге де тыйым салулар мен шектеулер
Тауарларды әкелуге және (немесе) әкетуге мөлшерлік шектеулер
ТЕР коды
Сипаттама
B01
Еуразиялық экономикалық одағының (бұдан әрі – ЕАЭО) кедендік аумағына ауыл шаруашылығы тауарларының жекелеген түрлерін әкелу
B0110
Тарифтік квота белгіленген ауыл шаруашалығы тауарларының жекелеген түрлерін кедендік рәсіммен орналастыру
B02
ЕАЭО кедендік аумағына дәмдік-хош иісі немесе бояғыш қоспалары жоқ шикі құрақ қантын әкелу
B0200
Кедендік әкелу бажын өндіріп алудан босатпай Қазақстан Республикасының аумағында өнеркәсіптік қайта өндеу үшін дәмдік-хош иісі немесе бояғыш қоспалары жоқ шикі құрақ қантын кедендік рәсіммен орналастыру
B0210
Кедендік әкелу бажын өндіріп алудан босата отырып Қазақстан Республикасының аумағында өнеркәсіптік қайта өндеу үшін дәмдік-хош иісі немесе бояғыш қоспалары жоқ шикі құрақ қантын кедендік рәсіммен орналастыру
Тауарларды әкелуге және (немесе) әкетуге рұқсат ету тәртібі
ТЕР коды
Сипаттама
C01
Озон қабатын бұзатын заттар
C0100
Озон қауіпсіздігі заттарды және құрамында озон қауіпсіздігі заттары бар өнімдерді кедендік рәсіммен орналастыру
C0110
Озон қабатын бұзатын заттарды және құрамында озон қабатын бұзатын заттары бар өнімдерді кедендік рәсіммен орналастыру
C0111
Әуе, теңіз (өзен), автомобиль, теміржол көлік құралының техникалық құрылғыларын және жабдықтарды қалыпты пайдалану үшін, оның ішінде олардың техникалық сипаттамаларына сәйкес пайдалану үшін озон қабатыны бұзатын заттар қажет тоңазытқыш жабдығына, ауа баптағыш жүйесіне, өрт сөндіру құралдарына және өзге де жабдықтарға және техникалық құрылғыларға құю, қосымша
құю үшін қажетті мақсатта және мөлшерде, осы көлік құралымен бірге өткізілетін озон қабатын бұзатын заттарды әкелу және (немесе) әкету
C0112
Әуе, теңіз (өзен), теміржол көлік құралдарының жадбықтары мен техникалық құрылғысын қалыпты пайдалануды қамтамасыз ету үшін қажетті мөлшердегі керек-жарақтар ретінде құрамында озон қабатын бұзатын заттары бар және пайдаланатын өнімдерді әкелу және (немесе) әкету
C0113
Автомобиль көлік құралымен, осы көлік құралының жабдықтар мен техникалық құрылғыларын қалыпты пайдалануды қамтамасыз ету үшін қажетті мөлшерде өткізілетін құрамында озон қабатын бұзатын заттары бар өнімдерді әкелу және (немесе) әкету
C0114
Озон қабатын бұзатын болып табылмайтын химиялық заттардың өндірісі үшін шикізат ретінде ғана пайдаланылатын озон қабатын бұзатын заттарды әкелу және (немесе) әкету
C0115
1987 жылғы 16 қыркүйектегі, Озон қабатын бұзатын заттар жөніндегі Монреаль Хаттамасына сәйкес оларды қолдану мақсатында озон қабатын бұзатын заттарды әкелу және (немесе) әкету
C0116
Рециркуляцияланған, қайта қалпына келтірілген және (немесе) кәдеге жаратылған болып табылатын озон қабатын бұзатын заттарды әкелу және (немесе) әкету
C0117
Құрамында Бірыңғай тізбенің 1.1-бөлімінің А тізіміндегі II тобында көрсетілген заттар қамтылған, жылжымалы өрт сөндіргішті әкелу және (немесе) әкету
C0118
Метилхлороформды (МХФ) әкелу және (немесе) әкету жағдайында, яғни ЕАЭО СЭҚ ТН 2903191000 коды бойынша 1,1,1-трихлорэтан, C2H3Cl3 формуласы 1,1,2-трихлорэтанға жатпайды
C02
Өсімдіктерді қорғау құралдары (пестицидтер)
C0200
Өсімдіктердің қорғау құралдары (пестицидтер) болып табылмайтын химиялық және (немесе) биологиялық препараттарды кедендік рәсіммен орналастыру
C0210
Тіркелген өсімдіктердің қорғау құралдарын (пестицидтер) кедендік рәсіммен орналастыру
C0211
Тіркелмеген өсімдіктердің қорғау құралдарын (пестицидтер) кедендік рәсіммен орналастыру
C03
Қауіпті ұсақ қалдықтар
C0300
Ұсақ қалдықтар болып табылмайтын тауарларды кедендік рәсіммен орналастыру
C0310
Қауіпті ұсақ қалдықтарды кедендік рәсіммен орналастыру
C04
Минералогия және палеонтология бойынша коллекциялар мен
коллекциялау заттары, қазба жануарларының сүйектері
C0400
Минералогия, палеонтология бойынша коллекциялау материалдары, қазба жануарларының сүйектері болып табылмайтын тауарларды кедендік рәсіммен орналастыру
C0410
Минералогия, палеонтология бойынша коллекциялау материалдарын, қазба жануарларының сүйектерін кедендік рәсіммен орналастыру
C0411
Жеке пайдалануға арналған тауарлар ретінде коллекциялау материалдарын жеке тұлғалардың әкетуі қорытынды (рұқсат беру құжаты) болған кезде жүзеге асырылады
C05
Жабайы тірі аңдар
C0500
Үй тұрмысындағы тірі жануарларды және (немесе) өсімдіктерді кедендік рәсіммен орналастыру
C0510
Жабайы тірі жануарларды және (немесе) жабайы өсетін өсімдіктерді кедендік рәсіммен орналастыру
C0511
Ғылыми зерттеу үшін жабайы тірі жануарларды және (немесе) жабайы өсетін өсімдіктердің үлгілерін ғылыми мекемелерге, сондай-ақ алмасу, сыйға беру мен гендік қорларды толтыру мақсатында жабайы тірі жануарларды және (немесе) жабайы өсетін өсімдіктерді хайуанаттар бағына, көшеттер мен ботаникалық бақтарға әкету
C0512
Жеке пайдалануға арналған тауарлар ретінде жабайы тірі жануарларды және (немесе) жабайы өсетін өсімдіктерді жеке тұлғалардың әкетуі
C0513
Бір түрдегі 3 данадан көп емес мөлшердегі, сондай-ақ 1 кг-дан көп емес қабықтағы самырсын жаңғақтарын, 0,5 кг-дан көп емес салмақтағы қабықсыз самырсын жаңғақтарын жабайы тірі жануарларды және (немесе) жабайы өсетін өсімдіктерді жабайы тірі жануарлардың және (немесе) жабайы өсетін өсімдіктердің бірлі-жарым үлгісінде жеке пайдалануға арналған тауарлар ретінде жеке тұлғалардың әкетуі
C06
Сирек кездесетін жабайы тірі жануарларды және (немесе) жабайы өсетін өсімдіктерді әкету
C0600
Үй тұрмысындағы тірі жануарларды және (немесе) өсімдіктері кедендік рәсіммен орналастыру
C0610
Құрып кету қаупінде тұрған жабайы фауна және флора түрлерімен халықаралық сауда
C0611
Жеке және үй тұрмысындағы заттар болып табылатын, құрып кету қаупінде тұрған жабайы фауна және флора түрлері
C0612
Әкелінетін және (немесе) әкетілетін жапсырмасы бар, коммерциялық емес негізде уақытша пайдалану үшін, сыйға немесе ғалымдар немесе ғылыми мекемелермен арасында алмасу тәртібімен, гербарии үлгілері, басқа консервіленген, кептірілген
немесе спиртке салынған мұражай үлгілері және тірі өсімдіктер материалы
C0613
Рұқсатсыз немесе сертификат үлгілерінсіз жүріп-тұруы жылжымалы хайуанаттар бағы, цирк, айуанхана, өсімдіктер көрмесі немесе басқа жылжымалы көрмелер бөлігі болып табылатын жағдайда, барлық мәліметтерімен мұндай үлгілерді Әкімшілік органда экспортер немесе импортер тіркейді
C07
Қызыл кітаптағы жануарлар мен өсімдіктер
C0710
Сирек кездесетін тірі жабайы жануарлар және (немесе) жабайы өсетін өсімдіктерді кедендік рәсіммен орналастыру
C0711
Жеке пайдалануға арналған тауарлар ретінде сирек кездесетін тірі жабайы жануарлар және (немесе) жабайы өсетін өсімдіктерді жеке тұлғардың әкетуі
C08
Асыл тастар
C0810
Бірыңғай тізбенің 2.9-бөлімінің 1-кестесінде көрсетілген асыл тастарды кедендік рәсіммен орналастыру
C0811
Бірыңғай тізбенің 2.9-бөлімінің 2-кестесінде көрсетілген асыл тастарды кедендік рәсіммен орналастыру
C0812
ЕАЭО мүше мемлекеттің бағалы металдары мен асыл тастарын мемлекеттік қорды толықтыруға арналған бағалы металдар мен асыл тастарды мүше мемлекеттер субъектілерінің (федеративті мемлекет субъектілер үшін) бағалы металдар мен асыл тастары мемлекеттік қорына және (немесе) көрсетілген қордан асыл тастарды әкету кезінде, сондай-ақ мүше мемлекеттердің орталық (ұлттық) банктері асыл тастарды әкелу және (немесе) әкету кезінде, асыл тастарды әкелу
C0813
Жеке пайдалануға арналған тауарлар ретінде асыл тастарды жеке тұлғардың әкелуі және (немесе) әкетуі
C09
Бағалы металдар
C0900
Бағалы металдарға және (немесе) бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған бұйымдарға жатпайтын тауарларды орналастыру
C0910
Бірыңғай тізбенің 2.10-бөлімінің 1-кестесінде көрсетілген тауарларды кедендік рәсіммен орналастыру
C0911
Бірыңғай тізбенің 2.10-бөлімінің 2-кестесінде көрсетілген тауарларды кедендік рәсіммен орналастыру
C0912
Бірыңғай тізбенің 2.10-бөлімінің 3-кестесінде көрсетілген тауарларды кедендік рәсіммен орналастыру
C0913
Мүше мемлекеттердің ұлттық (орталық) банктерімен бағалы металдар мен құрамында бағалы металдары бар шикізат тауарларды әкелуі және (немесе) әкетуі
C0914
Мүше мемлекеттердің аумағында заңды төлем құралы болып табылатын, бағалы металдардан жасалған монеттерді мүше
мемлекеттердің ұлттық (орталық) банктерінің әкелуі және (немесе) әкетуі
C0915
Жеке пайдалануға арналған тауарлар ретінде бағалы металдарды жеке тұлғардың әкелуі және (немесе) әкетуі
C10
Минералдық шикізаттардың түрлері
C1000
Бірыңғай тізбенің 2.11-бөлімінде көрсетілмеген минералдық шикізаттарды кедендік рәсіммен орналастыру
C1010
Минералдық шикізаттарды кедендік рәсіммен орналастыру
C11
Есірткі құралдары
C1100
Есірткі құралдарына, психотроптық заттарға және оның прекурсорларына жатпайтын тауарларды кедендік рәсіммен орналастыру
C1110
Есірткі құралдарын, психотроптық заттарды және оның прекурсорларын кедендік рәсіммен орналастыру
C1111
Мүше мемлекеттердің заңнамасында айқындалған көлемде тауардың атауы мен мөлшері, сондай-ақ жеке пайдалануға арналған тауарлар ретінде прекурсорлар көрсетілген, растайтын медициналық құжаттары болған кезде медициналық көрсеткіштер бойынша жеке қолдану үшін дәрілік құралдар түрінде шектелген мөлшерде есірткі құралдарын, психотроптық заттарды және олардың прекурсорларын жеке тұлғалардың әкелуі және (немесе) әкетуі,
C1112
Төтенше жағдайлар кезінде шұғыл көмек көрсету үшін арналған, есірткі құралдарын, психотроптық заттарды және оның прекурсорларын мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес әкелу және (немесе) әкету
C1113
«Мүше мемлекеттің заңнамасында айқындалған шектеулі мөлшерде көлік құралында алғашқы жәрдем жинақтарында болатын осындай көлік құралдарын тіркеу:
- теңіз (өзен) кемелерінде және халықаралық қатынастағы әуе кемелерінде болатын есірткі құралдары, психотроптық заттар және олардың прекурсорлары;
- халықаралық қатынастағы теміржол және автомобиль көлігінде болатын психотроптық заттар мен прекурсорлар»
C1114
Әуе, теңіз (өзен), теміржол көлік құралдарының жабдықтары мен техникалық құрылғысын қалыпты пайдалануды қамтамасыз ету үшін қажетті мөлшердегі керек-жарақ ретінде пайдаланатын прекурсорларды әкелу және (немесе) әкету.
C12
Улы заттар
C1200
Улы заттар болып табылмайтын тауарларды кедендік рәсіммен орналастыру
C1210
Улы заттарды кедендік рәсіммен орналастыру
C1211
Тіркелген және ғылыми зерттеулер, сынақтар, сараптамалар жүргізу мақсатында және өзге де мақсаттарда әкелінген үлгілер болып
табылатын улы заттарды кедендік рәсіммен орналастыру
C13
Дәрілік құралдар
C1300
Дәрілік құралдар және медициналық мақсаттағы және медициналық техника бұйымдары болып табылмайтын тауарларды кедендік рәсіммен орналастыру
C1310
Тіркелген дәрілік құралдарды кедендік рәсіммен орналастыру
C1311
Тіркелмеген дәрілік құралдарды кедендік рәсіммен орналастыру
C1312
Төтенше жағдайлар кезінде гуманитарлық көмек (жәрдем) және (немесе) көмек көрсету үшін арналған, тіркелген немесе тіркелмеген дәрілік құралдарды әкелу
C1313
Клиникалық зерттеулер және (немесе) сынақтарға арналған дәрілік құралдардың нақты партиясын әкелу
C1314
Нақты пациентке өмірлік көрсеткіштері бойынша медициналық көмек көрсету не сирек және (немесе) аса ауыр патологиямен пациенттің шектелген контигентіне медициналық көмек көрсетуге арналған, тіркелмеген дәрілік құралдарды әкелу
C1315
Төтенше жағдайлардың алдын алу және (немесе) салдарын жою үшін арналған, тіркелмеген дәрілік құралдарды әкелу
C1316
Инновациялық медициналық технологияларды енгізу, медицинада ғылыми және өзге де зерттеулер мен әзірлемелерді жүргізуге арналған тіркелмеген дәрілік құралдарды әкелу
C1317
Тіркелген медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы кедендік рәсіммен орналастыру
C1318
Тіркелмеген медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы кедендік рәсіммен орналастыру
C1319
Нақты пациентке өмірлік көрсеткіштері бойынша медициналық көмек көрсету не сирек және (немесе) аса ауыр патологиямен пациенттің шектелген контигентіне медициналық көмек көрсетуге арналған, тіркелмеген медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы әкелу
C1320
Инновациялық медициналық технологияларды ендіру, медицинада ғылыми және өзге де зерттеулер мен әзірлемелерді жүргізуге арналған тіркелмеген медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы әкелу
C14
Радиоэлектронды құралдар
C1400
Азаматтық мақсаттағы, оның ішінде ішіне орнатылған не басқа тауарлардың құрамына кіретін радиоэлектронды құралдардың және жоғары жиілікті қондырғылар болып табылмайтын тауарларды кедендік рәсіммен орналастыру
C1410
Радиоэлектронды құралдардың және жоғары жиілікті қондырғыларды кедендік рәсіммен орналастыру
C1411
Азаматтық мақсаттағы, оның ішінде «Тарифтік емес реттеу шаралары туралы» Еуразиялық экономикалық комиссиясы
Алқасының 2015 жылғы 21 сәурдегі № 30 шешіміне 15-қосымшаға сәйкес орнатылған не басқа тауарлардың құрамына кіретін радиоэлектронды құралдардың және жоғары жиілікті қондырғыларды ЕАЭО кедендік аумағына әкелу туралы ережеге 2-қосымшада көзделген тізбеге енгізілген радиоэлектронды құралдарды және (немесе) жоғары жиілікті қондырғыларды кедендік рәсіммен орналастыру
C1412
Тауарларды уақытша әкелу (жіберу) радиоэлектрондық құралдар және (немесе) жоғары жиілікті құрылғыларды құрамында борттық жабдықты, әуе, теңіз (өзен) кемелерін, сондай-ақ құрамында қосалқы бөлшектер мен жабдықтарды орнатуға арналған әуе, теңіз (өзен) кемесін ауыстыру үшін ақаулы радиоэлектрондық құралдарды және (немесе) жоғары жиілікті құрылғыларды құрамынан борттық жабдық, кейіннен ЕАЭО кедендік аумағынан әкетумен ауыстырылған (алып тасталған) радиоэлектрондық құралдар мен (немесе) жоғары жиілікті құрылғыларды кедендік рәсіммен орналастыру
C1413
Жеке пайдалануға арналған тауарлар ретінде жеке тұлғалардың радиоэлектронды құралдарды және (немесе) жоғары жиілікті қондырғыларды әкелуі
C1414
ЕАЭО кедендік аумағында жөндеу немесе ЕАЭО кедендік аумағынан дайындалатын көлік және басқа да техникалық құралдарға орнату үшін көзделген және ЕАЭО кедендік аумағынан дайындау нәтижесінде немесе радиоэлектрондық құралдар және (немесе) жоғары жиілікті құрылғыларды жөндеуден кейін алынған көлік және басқа да техникалық құралдар құрамында кері әкетуге жататын радиоэлектрондық құралдар және (немесе) жоғары жиілікті құрылғылар, оларды пайдалану (қолдану, пайдалану) құқығынсыз әкелінеді
C1415
Бірыңғай тізбенің 2.16-бөліміне енгізілген, құрамында бар шифрлау (криптографиялық) құралдары бар азаматтық мақсаттағы радиоэлектронды құралдар және (немесе) жоғары жиілікті қондырғыларды, немесе егер шифрлау (криптографиялық) құралдар осындай радиоэлектронды құралдар және (немесе) жоғары жиілікті қондырғылардың құрамына кірсе, кедендік рәсіммен орналастыру
C15
Арнайы техникалық құралдар
C1500
Арнайы техникалық құралдар болып табылмайтын тауарларды кедендік рәсіммен орналастыру
C1510
Арнайы техникалық құралдарды кедендік рәсіммен орналастыру
C1511
Бірыңғай тізбенің 2.17-бөліміне енгізілген, олардың құрамында арнайы техникалық құралдар болған жағдайда, радиоэлектронды құралдар және (немесе) жоғары жиілікті қондырғыларды кедендік рәсіммен орналастыру
C16
Шифрлау (криптографиялық) құралдар
C1600
Шифрлау (криптографиялық) құралдар болып табылмайтын тауарларды кедендік рәсіммен орналастыру
C1610
Шифрлау (криптографиялық) құралдарын кедендік рәсіммен орналасытру
C1611
Шифрлау (криптографиялық) құралдарын өз қажеттіліктерін қамтамасыз ету мақсатында шифрлау (криптографиялық) саласындағы үшінші тұлғаларға тарату және оларға қызмет көрсету құқығынсыз кедендік рәсіммен орналастыру
C1612
20 данадан астам мөлшерде халықаралық алмасу мақсатында мәтіндік сим-картаның үлгісін ұялы байланыс оперторының кедендік рәсіммен орналастыруы
C17
Мәдени құндылықтар
C1700
Мәдени құндылықтар болып табылмайтын тауарларды кедендік рәсіммен орналастыру
C1710
Мәдени құндылықтарды кедендік рәсіммен орналастыру
C1711
Мәдени құндылыққа ие, бірақ антикварлық қаруға жатпайтын қаруларды кедендік рәсіммен орналастыру
C1712
ЕАЭО кедендік аумағына бұрын уақытша әкелінген, жеке пайдалануға арналған тауар ретінде мәдени құндылықтарды жеке тұлғалардың әкетуі
C1713
Жеке пайдалануға арналған тауар ретінде, мәдени құндылыққа ие, бірақ антикварлық қаруға жатпайтын қаруларды жеке тұлғалардың әкетуі
C1714
Жеке пайдалануға арналған тауар ретінде мәдени құндылықтарды жеке тұлғалардың әкетуі
C1715
Бағалы металдары және (немесе) асыл тастары бар мәдени құндылықтарды кедендік рәсіммен орналастыру
C1716
Мәдени құндылықтар бар коллекциялық материалдарды кедендік рәсіммен орналастыру
C1717
1989 жылдың соңына дейін жасалған атыс, лақтырылатын және пневматикалық қаруды (орталық ұрыстың унитарлы патрондарымен ату үшін жасалған атыс қаруынан басқа) және 1945 жылдың соңына дейін жасалған суық қаруларды әкету
C18
Адам ағзалары және тіндері
C1810
Бірыңғай тізбенің 2.21-бөліміне енгізілген, туыстық емес транслантациялау, жыныс жасушалары және эмбриондарды жүргізу мақсатында адамдардың биологиялық материалдарын, гемопоэтикалық дің жасушаларды, сүйек кемігі, донорлық лимфоциттерді қоспағанда, адам ағзалары мен тіндерін, қандары мен оның компоненттерін кедендік рәсіммен орналастыру
C1811
Бірыңғай тізбенің 2.21-бөліміне енгізілген, туыстық емес транслантацияны, жыныс жасушалары және эмбриондарды жүргізу мақсатында адамдардың биологиялық материалдарын, гемопоэтикалық дің жасушаларды, сүйек кемігі, донорлық лимфоциттерді кедендік рәсіммен орналастыру
C1812
Жеке пайдалануға арналған тауар ретінде адамдардың биологиялық материалдар үлгілерін жеке тұлғалардың әкелуі және (немесе) әкетуі
C1813
Зерттеу ретінде, оның ішінде референс-зерттеуді жүргізу үшін, немесе биомедициналық және (немесе) клиникалық зерттеулерді жүргізу кезінде алынған сыртқы бақылауды жүргізу үшін арналған диагностикалық және ғылыми мақсаттарға пайдаланылуға ғана әкелу және (немесе) әкету, Бірыңғай тізімнің 2.21-бөліміне енгізілген адамның биологиялық материалдарының үлгілерін кедендік рәсіммен орналастыру
C1814
Кадаверлік материалдарды кедендік рәсіммен орналастыру
C19
Қызметтік және азаматтық қарулар
C1900
Қарулар болып табылмайтын тауарларды кедендік рәсіммен орналастыру
C1910
Қаруларды кедендік рәсіммен орналастыру
C1911
Антикварлық қарулардың көшірмелері мен пікірлерін кедендік рәсіммен орналастыру
C1912
Жеке пайдалануға арналған тауар ретінде қаруларды жеке тұлғаларлың әкелуі және (немесе) әкетуі
C20
Жер қойнауы туралы ақпараттар
C2000
Жер қойнауы туралы ақпарат болып табылмайтын тауарларды кедендік рәсіммен орналастыру
C2010
Жер қойнауы туралы ақпаратты кедендік рәсіммен орналастыру
Техникалық реттеу
ТЕР коды
Сипаттама
D01
Техникалық реттеу
D0100
Сәйкестігін міндетті бағалауға (растауға) жатпайтын тауарларды (өнімдерді) кедендік рәсіммен орналастыру
D0110
Сәйкестігін міндетті бағалауға (растауға) жататын тауарларды (өнімдерді) кедендік рәсіммен орналастыру
D0111
Сертификациялау жөніндегі аккредиттелген органдармен (аккредиттелген сынақ зертханалары (орталықтар)) жасалған шарттың көшірмесін немесе әкелінетін (әкелінген) өнімдердің (тауарлардың) санын (салмағы мен көлемі) осы мақсат үшін қажетті растайтын осындай сертификациялау жөніндегі аккредиттелген органдардың (аккредиттелген сынақ зертханалары (орталықтар)) хатын кеден органына ұсыну кезінде зерттеу мен сынақтарды жүргізу үшін сынамалар мен үлгілер ретінде тауарларды (өнімдерді) кедендік рәсіммен орналастыру
D0112
ЕАЭО кедендік аумағына бұрын әкелінген дайын өнімдерге қызмет көрсету мен жөндеу үшін, осындай дайын өнімдердің сәйкестігін бағалау (растау) туралы құжаттардың көшірмесін кеден органына ұсыну шарты кезінде оларға қатысты кеден органдарына ұсыну шарты кезінде міндетті талаптарға сәйкестігі расталған қосалқы бөлшектер ретінде дайындаушымен немесе дайындаушының уәкілетті өкілімен тауарларды (өнімдерді) кедендік рәсіммен орналастыру
D0113
Дипломатиялық өкілдіктері, консулдық мекемелер, өзге де шетел мемлекеттердің ресми өкілдіктерінің, мемлекетаралық және үкіметаралық ұйымдардың мекен-жайына, тек осындай өкілдіктер, мекемелер, ұйымдар ғана тұтыну (пайдалану) туралы дәлелді өтінішті олардың кеден органдарына ұсыну шарты кезінде тауарларды (өнімдерді) ЕАЭО кедендік аумағына әкелу
D0114
Гуманиарлық және техникалық көмек ретінде тауарларды (өнімдерді) кедендік рәсіммен орналастыру
D0115
Дүлей зілзалалар мен өзге де төтенше жағдайлардың алдын алу мен жою үшін арналған тауарлар ретінде тауарларды (өнімдерді) кедендік рәсіммен орналастыру
D0116
Контейнерлерді, орамаларды, тұғырықтарды кедендік рәсіммен орналастыру
D0117
Көрмелерге, жәрмеңкелер мен халықаралық кездесулерге таныстыру үшін арналған, сондай-ақ өнімдерді (тауарларды) осы таныстыру кезінде пайдалану үшін не көрмелерде, жәрмеңкелер мен халықаралық кездесулерде пайдалану үшін арналған қосалқы жабдықтар мен материалдарды кедендік рәсіммен орналастыру
D0118
Тек қана осы түрдегі өнімдерге (тауарларға) тапсырыстарды алу мақсаты және оларға тазартылмайтын таңбалаумен, жыртқыштармен, тесіктермен немесе қандай да бір өзге тәсілмен зақым келтіру жолымен қамтамасыз етілу басқа да мақсаттарға пайдалану үшін жарамсыз тауарлық үлгілерді кедендік рәсіммен орналастыру
D0119
Сынақтар, тексерулар, эксперименттер жүргізу және қасиеттері мен сипаттамаларын көрсету үшін арналған өнімдерді
(тауарларды) кедендік рәсіммен орналастыру
D0120
Жарнамалық баспа өнімдерін кедендік рәсіммен орналастыру
D0121
Егер осындай өнімдерді шетел тұлғалары әкелсе (әкелген) және ЕАЭО кедендік аумағында оларды қолданатын болса, әртістерге, театр труппаға және оркестрлерге (қойылымдар барысында қолданылатын заттар, музыкалық инструменттер, декорацялар мен костюмдер)қажетті жабдықтарды кедендік рәсіммен орналастыру
D0122
Егер осындай кәсіби жабдықтар, құрылғылар мен керек-жарақтарды шетелдік тұлға әкелсе (әкелген) және ЕАЭО кедендік аумағында олар пайдаланатын болса, кәсіптік кинематографиялық жабдықтарды, баспасөз, радио немесе теледидар жабдықтарын, осы жабдықтардың қосалқы құрылғыларды және керек-жарақтарды кедендік рәсіммен орналастыру
D0123
Егер осындай өнімдерді (тауарларды) шетелдік тұлға әкелсе (әкелген) және ЕАЭО кедендік аумағында олар пайдаланатын болса, спорт жарыстарына, көрнекті спорт шараларына немесе жаттығуларға арналған өнімдерді (тауарларды) кедендік рәсім орналастыру
D0124
Кедендік рәсімменоларды орналастыруын жүзеге асыратын, мүше мемлекеттің аумағында өндірілетін өнімдерге арналған жиынтықтаушы тауарлар немесе шикізаттар (материалдар) ретінде өнімдерді (тауарларды) кедендік рәсіммен орналастыру
D0125
Бұрын қолданылған (пайдаланылған) өнімдерді (тауарларды) кедендік рәсімменорналастыру
D0126
Декларантпен тек жеке пайдалану үшін (оның ішінде ғылыми-зерттеу не кәдесыйлар немесе жарнамалық материалдар ретінде өкілдік мақсаттар үшін) бір сыртқы сауда келісім-шартында көзделген, бірлі-жарым данадағы (мөлшерде) өнімдерді (тауарларды) кедендік рәсіммен орналастыру
D0127
Қаржылық лизинг келісім-шарты бойынша әкелгенді қоспағанда, ЕАЭО кедендік аумағына оны уақытша орналастырған жағдайда өнімдерді (тауарларды) кедендік рәсіммен орналастыру
D0128
Жеке пайдалану үшін жеке тұлғалардың өнімдерді (тауарларды) кедендік рәсіммен орналастыру
D0129
Тауарларды шығарғаннан кейін құжаттарды ұсынуға байланысты пайдалану және (немесе) иелік ету бойынша шектеулермен сәйкестігін міндетті бағалауға (растауға) жататын тауарларды (өнімдерді) кедендік рәсіммен орналастыру
Санитарлық шаралар
ТЕР коды
Сипаттама
E01
Санитарлық шаралар
E0100
Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауға (бақылауға) жатпайтын өнімдерді (тауарларды) кедендік рәсіммен орналастыру
E0110
Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауға (бақылауға) жататын өнімдерді (тауарларды) кедендік рәсіммен орналастыру
E0111
Мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті ресімдеу мақсатында санитариялық-эпидемиологиялық сараптаманы жүргізу үшінарналған өнімдерді үлгілерін кедендік рәсіммен орналастыру
E0112
Темекі өнімдерінің өндірісі үшін пайдаланылатын темекі емес шикізаттарын, темекі емес материалдарды және ингредиенттерді кедендік рәсіммен орналастыру
E0113
Зертханалық реактивтер, зертханалық ыдыстар ретінде (радиациялық қауіпті және құрамында бар нативті инфекциялық материалдарды қоспағанда) пайдалану үшін арналған өнімдерді (тауарларды) кедендік рәсіммен орналастыру
E0114
Тағамдық заттарды әзірлеу үшін пайдаланылатын тағамдық шикізаттарды (тауық, қаз жұмыртқасы және өзге) кедендік рәсіммен орналастыру
E0115
Кәдесый өнімдерін, косметикалық аксессуарларды кедендік рәсіммен орналастыру
E0116
ЕАЭО кедендік аумағында сату және пайдалану үшін арналмаған өнімдердің көрмелік және жарнамалық үлгілерін кедендік рәсіммен орналастыру
E0117
Ұлттық және халықаралық фестивальдарға қатысу үшін арналған, оқу мекемеснәің оқушылары мен студенттері жасаған коллекцияларды кедендік рәсіммен орналастыру
E0118
Гумантарлық көмек ретінде әкелінген тауарларды кедендік рәсіммен орналастыру
Ветеринариялық-санитариялық шаралар
ТЕР коды
Сипаттама
F01
Ветеринариялық-санитариялық шаралар
F0100
Ветеринариялық бақылауға (қадағалауға) жатпайтын тауарларды кедендік рәсіммен орналастыру
F0110
Ветеринариялық бақылауға (қадағалауға) жататын тауарларды кедендік рәсімменорналастыру
Карантиндік фитосанитариялық шаралар
ТЕР коды
Сипаттама
G01
Карантиндік фитосанитариялық шаралар
G0110
Карантиндік фитосанитариялық бақылауға (қадағалауға) жатпайтын тауарларды кедендік рәсімменорналастыру Карантиндік өнімдерді кедендік рәсіммен орналастыру
G0111
Карантиндік фитосанитариялық бақылауға (қадағалауға) жататын, төменгі фитосанитарлық тәуекелімен карантиндік өнімдерді (карантиндік жүктер, карантиндік материалдар, карантиндік тауарлар) кедендік рәсіммен орналастыру
G0112
Ғылыми-зерттеу мақсатындағы карантиндік объектілерді кедендік рәсімдерге орналастыру
Экспорттық бақылау
ТЕР коды
Сипаттама
H01
Экспорттық бақылау
H0100
Кедендік рәсіммен экспорттық бақылауға жатпайтын тауарларды орналастыру
H0101
Әскери мақсатқа жатпайтын тауарларды кедендік рәсіммен орналастыру
H0110
Кедендік рәсіммен экспорттық бақылауға жататын өнімдерді орналастыру
H0111
Экспорттық бақылауға жататын өнімдерді Қазақстан Республиксасының аумағынан әкету
H0112
Кедендік рәсіммен әскери мақсатқа жататын өнімдерді орналастыру
H0113
Коммерциялық құндылығы жоқ экспорттық бақылауға жататын, осы шикізаттар мен өндірістік өнімдерге мүмкіндік сұранысын айқындау мақсатында зерттеу (сертификациялау) жүргізу үшін, экспорттық бақылауға жататын шикізаттардың не өндірістік өнімдердің аздау мөлшердегі үлгілерін, сондай-ақ Қазақстан Республикасымен ратифицияланған халықаралық шарттарды орындау бойынша халықаралық ұйымдардың инспекторларымен алынған сынама үлгілерін көрмелерде таныстыру үшін өнімдерді Қазақстан Республикасының аумағынан әкету
H0114
Қазақстан Республикасының ұлттық контингетінің жұмыс жасаулары және бітімгершілік дайындықты жүргізу үшін қажетті әдеттегі қару-жарақ пен әскери техникаларды Қазақстан Республикасының аумағына әкелу (аумағынан әкету)
2 Кедендік сәйкестендіру нөмірін қалыптастыру жіктеуіші
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2018 жылғы 21 ақпандағы
№ 259 бұйрығына
2-қосымша
Кедендік сәйкестендіру нөмірін қалыптастыру жіктеуіші
Кедендік сәйкестендіру нөмірі жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) немесе бизнес сәйкестендіру нөмірі (БСН) негізінде қалыптастырылады:
ЖСН
жеке тұлға, оның ішінде жеке кәсіпкерлік түріндегі қызметті жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер.
БСН
бірлескен кәсіпкерлік түріндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдар (филиалдар мен өкілдіктер) мен дара кәсіпкерлер.
Ескертпе: Қазақстан Республикасының бейрезиденттері үшін кедендік нөмір кедендік транзит кедендік рәсімімен тауарлар мен көлік құралдарын орналастыру жағдайын қоспағанда, «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 76-бабы 7-тармағына сәйкес тіркеу кезінде берілген ЖСН/БСН егізінде қалыптастырылады.
3 Мәміле сипатының жіктеуіші
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2018 жылғы 21 ақпандағы
№ 259 бұйрығына
3-қосымша
Мәміле сипатының жіктеуіші
Коды
Атауы
001
Қазақстан Республикасының ұлтық валютасында есептеумен тауарларды өткізу
Еркін айырбасталатын валютада (бұдан әрі – ЕАВ) есептеу
021
ЕАВ есептелген Тауарларды өткізу (мемлекеттік несиеден (сыртқы қарыз) және мемлекеттік несиені (сыртқы қарыз) өтеуден басқа)
023
Мемлекеттік несие (сыртқы қарыз) бойынша тауарларды өткізу
026
Мемлекеттік несиені өтеуде (сыртқы қарыз) тауарларды өткізу
Клиринг бойынша есеп айырысу
031
Тауарларды клиринг валютада есеп айырыса отырып (мемлекеттік несие (сыртқы қарыз) және мемлекеттік несиені өтеуден (сыртқы қарыз) басқа) өткізу
033
Тауарларды мемлекеттік несие (сыртқы қарыз) бойынша өткізу
036
Тауарларды мемлекеттік несиені (сыртқы қарыз) өтеуде өткізу
Тұйық валютада есеп айырысу
041
Тауарларды тұйық валютада есеп айырыса отырып (мемлекеттік несиеден (сыртқы қарыз) басқа өткізу
043
Тауарларды мемлекеттік несие (сыртқы қарыз) бойынша өткізу
Басқа коммерциялық операциялар бойынша тауарлардың өткізу
051
Тікелей тауар айналымы (бартерлік мәміле) тәртібінде тауарларды өткізу
052
Жұмыстар мен қызметтерді ұсыну есебінен тауарларды өткізу
054
Басқа елдер аумағы бойынша транзитпен газ өткізу
Кәсіпорындар мен объектілер құрылысын салудағы ынтымақтастық туралы келісім бойынша міндеттемелер есебіне тауарларды өткізу
071
Клиринг валютада есеп айырыса отырып өтемақы міндеттемесінің есебіне тауарларды өткізу
072
Қазақстан мен Тәуелсіз мемлекеттер достастығы елдерінің міндеттемесі есебіне тауарларды өткізу
078
ЕАВ-мен есеп айырыса отырып өтемақылық міндеттемесі есебіне тауарларды өткізу
Өзге
080
Басқа
081
Сыртқы экономикалық мәміле шеңберінде емес тауарларды өткізу
082
Тауарларды өтеусіз негізде өткізу
Ескертпе: Шарт (келесім-шарт) шетел валютасында жасалған, ал төлем ақы Қазақстан Республикасының ұлттық валютасында жүзеге асырылған жағдайларда мәміле сипатының коды шетел валютасы үшін көрсетіледі.
4 Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2018 жылғы 21 ақпандағы
№ 259 бұйрығына
4-қосымша
Сыртқы экономикалық мәмілелер ерекшеліктерінің жіктеуіші
Кодтары
Есеп айырысу нысаны
00
аванстық төлем
10
аккредитив
20
инкассо
30
аудару
40
аккредитив/инкассо
50
аккредитив/ аудару
60
инкассо/ аудару
70
аккредитив/инкассо/ аудару
80
өтеусіз жеткізу
99
өзге есеп айырысу түрлері
1 Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2018 жылғы 21 ақпандағы
№ 259 бұйрығына
5-қосымша
Кодтар
Сипаты
I0100
Зияткерлiк меншiк объектiлерi жоқ тауарлар
I0110
Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің зияткерлік меншік объектілерінің бірыңғай кедендік тізіліміне және Қазақстан Республикасының зияткерлік меншік объектілерінің кедендік тізіліміне енгізілген зияткерлік меншік объектілері бар тауарлар
I0200
Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің зияткерлік меншік объектілерінің бірыңғай кедендік тізіліміне және Қазақстан Республикасының зияткерлік меншік объектілерінің кедендік тізіліміне енгізілмеген зияткерлік меншік объектілері бар тауарлар
2 Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2018 жылғы 21 ақпандағы
№ 259 бұйрығына
6-қосымша
Кодтар
Сипаты
I0001
Зияткерлік меншік құқығының бар екендігін және тиесілілігін растайтын құжаттар
I0002
Құқық иеленуші өзінің мүдделерін білдіретін тұлғаға берген сенімхат
I0003
Құқық иеленушінің немесе құқық иеленушінің мүдделерін білдіретін өзге тұлғаның мүліктік зиянды өтеу туралы міндеттемесі
I0004
Өтініш иесінің басқа тұлғаларға зиян келтіргені үшін жауапкершілікті сақтандыру шарты
I0005
«Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 461-бабына сәйкес басқа құжаттар