Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил подтверждения ввоза товаров для личного пользования на таможенную территорию Евразийского экономического союза обратно после их вывоза с таможенной территории Евразийского экономического союза

Бұйрық · № 237 · қабылданған 19.02.2018
Заңдық күші: Қолданыста · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-119350/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
Об утверждении Правил подтверждения ввоза товаров для личного пользования на таможенную территорию Евразийского экономического союза обратно после их вывоза с таможенной территории Евразийского экономического союза Қолданыста Бұйрық ·№ 237 ·19.02.2018
26.05.2022 редакциясы
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.05.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил подтверждения ввоза товаров для личного пользования на таможенную территорию Евразийского экономического союза обратно после их вывоза с таможенной территории Евразийского экономического союза

Қолданыста Бұйрық ·№ 237 · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил подтверждения ввоза товаров для личного пользования на таможенную территорию Евразийского экономического союза обратно после их вывоза с таможенной территории Евразийского экономического союза
Атауы (қаз.)
Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкеткеннен кейін қайта Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына жеке пайдалануға арналған тауарлардың кері әкелуін растау қағидаларын бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
237
Қабылданған күні
19.02.2018
Көрсетілген редакция
26.05.2022 119350_577363.kaz
Соңғы өзгеріс
26.05.2022
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1800016476
ЭКБ идентификаторы
119350
Редакция идентификаторы
119350_577363
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 01:43

0 Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкеткеннен кейін қайта Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына жеке пайдалануға арналған тауарлардың кері әкелуін растау қағидаларын бекіту туралы

«Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 348-бабы 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса беріліп отырған Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкеткеннен кейін қайта Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына жеке пайдалануға арналған тауарлардың кері әкелуін растау қағидалары бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (А.М. Теңгебаев) заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2

2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмелерін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және енгізу үшін «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

3 3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

4

4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

0 Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкеткеннен кейін қайта Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына жеке пайдалануға арналған тауарлардың кері әкелуін растау қағидалары

Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2018 жылғы 19 ақпандағы
237 бұйрығымен
бекітілген
Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкеткеннен кейін қайта Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына жеке пайдалануға арналған тауарлардың кері әкелуін растау қағидалары

1 1-тарау. Жалпы ережелер

1

1. Осы Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкеткеннен кейін қайта Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына жеке пайдалануға арналған тауарлардың кері әкелуін растау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 348-бабы 2-тармағына сәйкес әзірленген және Еуразиялық экономикалық одақтың (бұдан әрі – ЕАЭО) кедендік аумағынан әкеткеннен кейін қайта ЕАЭО кедендік аумағына жеке пайдалануға арналған тауарлардың кері әкелуін растау тәртібін айқындайды.

2 2-тарау. Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкеткеннен кейін қайта Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына жеке пайдалануға арналған тауарлардың кері әкелуін растау тәртібі

2 2. ЕАЭО кедендік аумағына келу орындарында жеке тұлғалар ЕАЭО кедендік аумағынан әкеткеннен кейін қайта ЕАЭО кедендік аумағына жеке пайдалануға арналған тауарлардың кері әкелуін (бұдан әрі – кері әкелінетін жеке пайдалануға арналған тауарлар) растайды.

3

3. Осы мақсаттар үшін аумақтық мемлекеттік кірістер органының лауазымды адамы (бұдан әрі – уәкілетті лауазымды адам) кедендік бақылауды жүргізу кезінде жеке тұлға кері әкелінетін жеке пайдалануға арналған тауарларға қатысты уәкілетті лауазымды адамға кедендік баждарды, салықтарды төлемей жеке пайдалануға арналған тауарларды әкелуге негіз болатын құжаттарды немесе мәліметтерді ұсынады.

4

4. ЕАЭО кедендік аумағына кедендік баждарды, салықтарды төлемей жеке пайдалануға арналған тауарларды кері әкелу үшін негіз болатын құжаттар мен мәліметтерге счет-фактура, инвойс, чек және олардың ЕАЭО мүше мемлекеттердің аумағында сатып алынғанын немесе ЕАЭО тауарлары ретінде, осындай тауарлардың мәртебесін растайтын өзге де құжаттар және (немесе) мәліметтер жатады.

5 5. Уәкілетті лауазымды адам осы Қағидалардың 4-тармағында көрсетілген құжаттар мен мәліметтерді алған сәттен бастап он минут ішінде тауарлардың мәртебесі туралы растауды қабылдау не қабылдамау туралы шешім қабылдайды.

Егер жеке тұлға ұсынған құжаттар мен мәліметтер ЕАЭО тауарлары ретінде, тауарлардың мәртебесін растамаса, онда осындай тауарлар шетелдік тауарлар ретінде қарастырылады.

6 6. Уәкілетті лауазымды адамның қабылдаған шешімі туралы жеке тұлға ауызша нысанда дереу хабардар етіледі.

Қолданыстағы