Об утверждении перечня налоговых заявлений, представляемых через Государственную корпорацию «Правительство для граждан»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении перечня налоговых заявлений, представляемых через Государственную корпорацию «Правительство для граждан»
- Атауы (қаз.)
- «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы ұсынылатын салықтық өтініштер тізбесін бекіту туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 239
- Қабылданған күні
- 19.02.2018
- Көрсетілген редакция
- 28.02.2023 119391_621456.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 28.02.2023
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1800016531
- ЭКБ идентификаторы
- 119391
- Редакция идентификаторы
- 119391_621456
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 01:44
0 «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы ұсынылатын салықтық өтініштер тізбесін бекіту туралы
БҰЙЫРАМЫЗ:
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 208-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:
1. Қоса беріліп отырған «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы ұсынылатын салықтық өтініштердің тізбесі бекітілсін.
2. Мыналардың:
1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы ұсынылатын салықтық өтініштер тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 8 желтоқсандағы № 630 және Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 9 желтоқсандағы № 1189 бірлескен бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №12849 болып тіркелген, 2016 жылғы 26 қаңтарында «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде, 2016 жылғы 26 қаңтарында «Заң газеті» газетінде № 9 (2787) жарияланған);
2) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы ұсынылатын салықтық өтініштердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 9 желтоқсандағы № 1189 және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 8 желтоқсандағы № 630 бірлескен бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және даму министрінің 2017 жылғы 12 шілдедегі № 257 және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2017 жылғы 5 шілдедегі № 421 бірлескен бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №15463 болып тіркелген, 2017 жылғы 18 тамызында Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (А.М. Теңгебаев) заңнамада белгіленген тәртіпте:
1) осы бірлескен бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бірлескен бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмелерін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
3) осы бірлескен бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
4. Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің «Электрондық үкіметті» және мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді дамыту департаменті (А.Н. Хатиев):
1) осы бірлескен бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамымен орындалуын;
2) осы бірлескен бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
5. Осы бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
0 «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы ұсынылатын салықтық өтініштер тізбесі
Қазақстан Республикасы
Ақпарат және коммуникациялар
министрінің 2018 жылғы
16 ақпандағы № 47 және Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2018 жылғы 19 ақпандағы
№ 239 бұйрығымен бекітілген
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы
арқылы ұсынылатын салықтық өтініштер тізбесі