Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил регистрации предварительных решений о происхождении товара в журнале регистрации предварительных решений о происхождении товара, а также формы заявления лица о принятии предварительного решения о происхождении товара

Бұйрық · № 201 · қабылданған 16.02.2018
Заңдық күші: Қолданыста · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-119398/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
Об утверждении Правил регистрации предварительных решений о происхождении товара в журнале регистрации предварительных решений о происхождении товара, а также формы заявления лица о принятии предварительного решения о происхождении товара Қолданыста Бұйрық ·№ 201 ·16.02.2018
02.04.2019 редакциясы
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 02.04.2019. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил регистрации предварительных решений о происхождении товара в журнале регистрации предварительных решений о происхождении товара, а также формы заявления лица о принятии предварительного решения о происхождении товара

Қолданыста Бұйрық ·№ 201 · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил регистрации предварительных решений о происхождении товара в журнале регистрации предварительных решений о происхождении товара, а также формы заявления лица о принятии предварительного решения о происхождении товара
Атауы (қаз.)
Тауардың шығарылған жері туралы алдын ала шешімдерді тіркеу журналында тауардың шығарылған жері туралы алдын ала шешімдерді тіркеу қағидаларын, сондай-ақ тұлғаның тауардың шығарылған жері туралы алдын ала шешімді қабылдау туралы өтінішінің нысанын бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
201
Қабылданған күні
16.02.2018
Көрсетілген редакция
02.04.2019 119398_400114.kaz
Соңғы өзгеріс
02.04.2019
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1800016500
ЭКБ идентификаторы
119398
Редакция идентификаторы
119398_400114
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 01:45

0 Тауардың шығарылған жері туралы алдын ала шешімдерді тіркеу журналында тауардың шығарылған жері туралы алдын ала шешімдерді тіркеу қағидаларын, сондай-ақ тұлғаның тауардың шығарылған жері туралы алдын ала шешімді қабылдау туралы өтінішінің нысанын бекіту туралы

«Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 26 желтоқсандағы Кодексінің 61-бабы 1 және 6-тармақтарына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Мыналар:

1 1) осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес тауардың шығарылған жері туралы алдын ала шешімдерді тіркеу журналында тауардың шығарылған жері туралы алдын ала шешімдерді тіркеу қағидалары;

2 2) осы бұйрықтың 2-қосымшаға сәйкес тұлғаның тауардың шығарылған жері туралы алдын ала шешімді қабылдау туралы өтінішінің нысаны бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (А.М. Теңгебаев) заңнамада белгіленген тәртіпте:

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2

2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдануын;

3 3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

4

4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

1 Тауардың шығарылған жері туралы алдын ала шешімдерді тіркеу журналында тауардың шығарылған жері туралы алдын ала шешімдерді тіркеу қағидалары

Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2018 жылғы 16 ақпандағы
№ 201 бұйрығына
1-қосымша
Тауардың шығарылған жері туралы алдын ала шешімдерді тіркеу журналында тауардың шығарылған жері туралы алдын ала шешімдерді тіркеу қағидалары

1

1. Осы тауардың шығарылған жері туралы алдын ала шешімдерді тіркеу журналында тауардың шығарылған жері туралы алдын ала шешімдерді тіркеу қағидалары «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 26 желтоқсандағы Кодексінің 61-бабы 6-тармағына сәйкес әзірленді және тауардың шығарылған жері туралы алдын ала шешімдерді тіркеу журналында (бұдан әрі – Тіркеу журналы) тауардың шығарылған жері туралы алдын ала шешімдерді тіркеу тәртібін айқындайды.

2 Тауардың шығарылған жері туралы алдын ала шешімді тіркеу журналы

2. Тауардың шығарылған жері туралы алдын ала шешімдердің тіркеуін лауазымды (функционалды) міндеттеріне сәйкес осындай тауардың шығарылған жері туралы алдын ала шешімдерді беруге уәкілетті мемлекеттік кірістер органдарының лауазымды адамдары осы қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша бекітілген Тіркеу журналында жүзеге асырады.
Тауардың шығарылған жері туралы алдын ала қабылданған шешімдердің барлығы тіркеуге жатады.
Тіркеу журналында тауардың шығарылған жері туралы алдын ала шешімге реттік нөмір жазылады.
Әрбір келесі жылдың бірінші қаңтарынан бастап Тіркеу журналының нөмірі бірден басталады.
Тіркеу журналының парақтары нөмірленеді, тігіледі және мөр басылады.
Тауардың шығарылған
жері туралы алдын ала шешімдерді тіркеу журналында тауардың шығарылған жері туралы алдын ала шешімдерді тіркеу қағидалары
қосымша
нысан
Тауардың шығарылған жері туралы алдын ала шешімді тіркеу
журналы

Кі­ріс хат-ха­бар­дың нө­мі­рі
Өті­ніш бе­ру­ші (же­ке сәй­кестен­ді­ру нө­мі­рі/ биз­нес-сәй­кестен­ді­ру нө­мі­рі)
Өті­ніш бе­ру­ші­нің ме­кен-жайы
Та­у­ар­дың ата­уы
Еура­зи­я­лық эко­но­ми­ка­лық ода­ғы Сырт­қы эко­но­ми­ка­лық та­у­ар но­мен­кла­ту­ра­сы бой­ын­ша та­у­ар ко­ды
Та­у­ар­дың шы­ға­ры­л­ған же­рі ту­ра­лы ал­дын ала ше­шім­нің тір­кеу нө­мі­рі
Та­у­ар­дың шы­ға­ры­л­ған же­рі ту­ра­лы сер­ти­фи­кат
Шы­ғыс хат-ха­бар­дың нө­мі­рі
Төлем­нің со­ма­сы
Чек­тің, тө­лем тап­сыр­ма­сы­ның, тү­бір­тек­тің өмі­рі
Орын­да­у­шы­ның те­гі, аты, әке­сі­нің аты (ол болған кез­де) және оның қо­лы
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
Ескертпе: Тауардың шығарылған жері туралы алдын ала шешімді тіркеу журналының нысанын толтыру бойынша түсініктеме, тауардың шығарылған жері туралы алдын ала шешімді Тіркеу журналы нысанына қосымшаға сәйкес.
Тауардың
шығарылған жері
туралы алдын ала шешімдерді Тіркеу журналының нысанына
қосымша
Тауардың шығарылған жері туралы алдын ала шешімді тіркеу
журнал нысанын толтыру бойынша түсініктеме

1 1) 1-бағанда Тауардың шығарылған жері туралы алдын ала шешімдердің реттік нөмірі көрсетіледі;

2 2) 2-бағанда мемлекеттік кірістер органының кеңсесі қойған құжаттың кіріс нөмірі көрсетіледі;

3 3) 3-бағанда тауардың шығарылған жері туралы алдын ала шешімдерді қабылдау туралы өтінішін берген тұлға туралы көрсетіледі:

жеке кәсіпкерлік түрінде қызметті жүзеге асыратын жеке тұлға үшін, оның ішінде дара кәсіпкер үшін жеке сәйкестендіру нөмірі не заңды тұлға үшін және (немесе) оның құрылымдық бөлімшесінің бизнес-сәйкестендіру нөмірі;

4 4) 4-бағанда мекен-жай туралы мәлімет көрсетіледі (заңды тұлғаның орналасқан жері немесе жеке тұлғаның тұрғылықты жері);

5 5) 5-бағанда өтініш иесінің сұрау салуында көрсетілген тауардың атауы көрсетіледі;

6 6) 6-бағанда оған қатысты кемінде алғашқы төрт белгі деңгейіндегі белгі мөлшерімен тауардың шығарылған жері туралы алдын ала шешім қабылданған Еуразиялық экономикалық одақтың Сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасына сәйкес тауардың коды көрсетіледі;

7 7) 7-бағанда мынадай схема бойынша қалыптастырылған тауардың шығарылған жері туралы алдын ала шешімнің тіркеу нөмірі көрсетіледі:

ХХ / ХХХХХ / ХХХХХХ / ХХХХ, мұнда
1 2 3 4
«1» элементі – мемлекеттік кірістер органы әлем елдерінің жіктеуішіне сәйкес тауардың шығарылған жері туралы алдын ала шешімді қабылдаған Қазақстан Республикасының коды;
«2» элементі – Қазақстан Республикасында қолданылатын мемлекеттік кірістер органдарының жіктеуішіне сәйкес тауардың шығарылған жері туралы алдын ала шешімді қабылдаған мемлекеттік кірістер органының коды;
«3» элементі – тауардың шығарылған жері туралы алдын ала шешімді қабылдау күнінің Күні Айы Жылы форматында – күнтізбелік жылдың соңғы екі цифры;
«4» элементі – мемлекеттік кірістер органында тауардың шығарылған жері туралы алдын ала шешімнің реттік нөмірі (бірліктен бастап бір күнтізбелік жылдың ішінде өтпелі нөмірлеуі);
7-бағанда барлық элементтер «/» деген бөлгіш белгісі арқылы көрсетіледі, элементер арасында бос орын қойылмайды;

8 8) 8-бағанда тауардың шығарылған жері туралы алдын ала шешімнің негізінде қабылданған тауардың шығарылған жері туралы сертификаттың нөмірі мен күні, сондай-ақ осы тауардың шығарылған жері туралы сертификатты берген уәкілетті органның атауы көрсетіледі;

9 9) 9-бағанда өтініш берушіге жолданатын ілеспе хатқа мемлекеттік кірістер органының кеңсесімен берілген шығыс нөмірі көрсетіледі;

10

10) 10-бағанда «Мемлекеттік кірістер органдары алатын кедендік алымдардың ставкаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 5 сәуірдегі № 171 қаулысына сәйкес белгілі бір маркасын, моделін, артикулі мен модификациясын қамтитын әрбір тауар атауына 32 000 теңге мөлшерінде тауарды сыныптау туралы алдын ала шешімді қабылдағаны үшін кедендік алымның сомасы көрсетіледі;

11 11) 11-бағанда алдын ала шешімді қабылдағаны үшін кедендік алымның төленгенін растайтын құжаттың нөмірі, күні көрсетіледі;

12 12) 12-бағанда тауардың шығарылған жері туралы алдын ала шешімді қабылдаған лауазымды адамның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде), және оның қолы көрсетіледі.

2 Тұлғаның тауардың шығарылған жері туралы алдын ала шешімді қабылдау туралы өтініші*

Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2018 жылғы 16 ақпандағы
№ 201 бұйрығына
2-қосымша
нысан
Тұлғаның тауардың шығарылған жері туралы алдын ала шешімді
қабылдау туралы өтініші*
1. Өтініш иесі (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде), жеке тұлғаның жеке сәйкестендіру нөмірі, тұрғылықты жері немесе заңды тұлғаның атауы, бизнес-сәйкестендру нөмірі, заңды мекен-жайы,)
2. Импорттаушы (атауы, мекен-жайы) (ол болған кезде)
3. Экспорттаушы (атауы, мекен-жайы) (ол болған кезде)
4. Өндіруші (атауы, мекен-жайы) (ол болған кезде)
5. Тауар туралы мәлімет**
6. Сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасына сәйкес тауар коды:
7. Тауарды дайындау үшін жасалған өндірістік және технологиялық операциялар туралы мәліметтер***
8. Тауардың шығарылған жері туралы алдын ала шешім қабылдау үшін кедендік алымның төленгені туралы мәлімет
9. Тауар дайындалған материалдар, олардың шығарылған жері, Тауарларды сипаттау мен кодтаудың үйлестірілген жүйесіне сәйкес кодтары, құны
10. Тауардың шығарылған жерін айқындауға ықпал ететін ұсынылған қосымшалар****
11. Бұдан бұрын сіз бірдей немесе осындай тауарлар туралы алдын ала шешімге өтініш бердіңіз бе? Ия Жоқ
12. Мен, осы нысан бойынша мәлімделеген барлық ақпарат және өтінішке қосымша шынайы, нақты және дұрыс болып табылатынын мәлімдеймін
13. Өтініш иесінің қолы:
14. Күні:
15. Телефон: Факс: Электрондық пошта:
* Аталғанөтініш «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 61-бабы 3-тармағына сәйкес құжаттардың сканерден өткізілген көшірмелерімен қоса өтініш иесінің электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған электрондық құжатнемесе қағаз жеткізгіштегітүрінде беріледі.
Мемлекеттік кірістер органының ақпараттық жүйесі енгізілгенге дейін немесе істен шығу туындаған жағдайда өтініш қағаз жеткізгіштегі түрінде беріледі.
** Аталған бағанда «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 61-бабы 2-тармағы 2-тармақшасына сәйкес тауар туралы мәліметтер көрсетіледі.
*** Аталған бағанда тауарды дайындау үшін оған жасалған операциялар туралы мәліметтер көрсетіледі.
**** Аталған бағанда «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 61-бабы 3-тармағына сәйкес өтінішке қоса берілетін құжаттар тізімі көрсетіледі.

Қолданыстағы