Құжат мәтініне өту

Об определении уполномоченных органов на принятие предварительных решений о классификации товара и о происхождении товара, а также случая принятия территориальным органом государственных доходов решения о классификации товара в несобранном или разобранном виде, в том числе в некомплектном или незавершенном виде, ввоз которого предполагается различными товарными партиями в течение определенного периода времени

Бұйрық · № 203 · қабылданған 16.02.2018
Заңдық күші: Қолданыста · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-119408/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
Об определении уполномоченных органов на принятие предварительных решений о классификации товара и о происхождении товара, а также случая принятия территориальным органом государственных доходов решения о классификации товара в несобранном или разобранном виде, в том числе в некомплектном или незавершенном виде, ввоз которого предполагается различными товарными партиями в течение определенного периода времени Қолданыста Бұйрық ·№ 203 ·16.02.2018
18.09.2019 редакциясы
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 18.09.2019. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об определении уполномоченных органов на принятие предварительных решений о классификации товара и о происхождении товара, а также случая принятия территориальным органом государственных доходов решения о классификации товара в несобранном или разобранном виде, в том числе в некомплектном или незавершенном виде, ввоз которого предполагается различными товарными партиями в течение определенного периода времени

Қолданыста Бұйрық ·№ 203 · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об определении уполномоченных органов на принятие предварительных решений о классификации товара и о происхождении товара, а также случая принятия территориальным органом государственных доходов решения о классификации товара в несобранном или разобранном виде, в том числе в некомплектном или незавершенном виде, ввоз которого предполагается различными товарными партиями в течение определенного периода времени
Атауы (қаз.)
Тауарды сыныптау туралы және тауардың шығарылған жері туралы алдын ала шешімдерді қабылдауға уәкілетті органдарды, сондай-ақ аумақтық мемлекеттік кірістер органдары белгілі бір уақыт кезеңі ішінде әртүрлі тауар партияларымен әкелінуі болжанатын, құрастырылмаған немесе бөлшектелген түрдегі, оның ішінде жасақталмаған немесе жасалып бітпеген түрдегі тауарды сыныптау туралы шешімді қабылдау жағдайын айқындау туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
203
Қабылданған күні
16.02.2018
Көрсетілген редакция
18.09.2019 119408_421708.kaz
Соңғы өзгеріс
18.09.2019
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1800016486
ЭКБ идентификаторы
119408
Редакция идентификаторы
119408_421708
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 01:45

0

Тауарды сыныптау туралы және тауардың шығарылған жері туралы алдын ала шешімдерді қабылдауға уәкілетті органдарды, сондай-ақ аумақтық мемлекеттік кірістер органдары белгілі бір уақыт кезеңі ішінде әртүрлі тауар партияларымен әкелінуі болжанатын, құрастырылмаған немесе бөлшектелген түрдегі, оның ішінде жасақталмаған немесе жасалып бітпеген түрдегі тауарды сыныптау туралы шешімді қабылдау жағдайын айқындау туралы
«Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 26 желтоқсандағы Кодексінің 44-бабы 2-тармағына, 49-бабы 1-тармағына, 59-бабы 1-тармағына және 60-бабы 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Мыналар:

1 1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес тауарды сыныптау туралы және тауардың шығарылған жері туралы алдын ала шешімдерді қабылдауға уәкілетті органдар;

2

2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес аумақтық мемлекеттік кірістер органдары белгілі бір уақыт кезеңі ішінде әртүрлі тауар партияларымен әкелінуі болжанатын, құрастырылмаған немесе бөлшектелген түрдегі, оның ішінде жасақталмаған немесе жасалып бітпеген түрдегі тауарды сыныптау туралы шешімді қабылдау жағдайы айқындалсын.

2 2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (А.М. Теңгебаев) заңнамада белгіленген тәртіпте:

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2

2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдануын;

3 3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

4

4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

1 Тауарды сыныптау туралы және тауардың шығарылған жері туралы алдын ала шешімдерді қабылдауға уәкілетті органдар

Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2018 жылғы 16 ақпандағы
№ 203 бұйрығына
1-қосымша
Тауарды сыныптау туралы және тауардың шығарылған жері туралы алдын ала шешімдерді қабылдауға уәкілетті органдар

Мемлекеттік кірістер органдарының атауы
1
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті
2
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Ақтөбе облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті
3
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті
4
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті
5
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті
6
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Жамбыл облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті
7
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті
8
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті
9
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті
10
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Қызылорда облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті
11
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті
12
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті
13
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Павлодар облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті
14.
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті
15.
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті
16
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті
17.
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті

2 Аумақтық мемлекеттік кірістер органдары белгілі бір уақыт кезеңі ішінде әртүрлі тауар партияларымен әкелінуі болжанатын, құрастырылмаған немесе бөлшектелген түрдегі, оның ішінде жасақталмаған немесе жасалып бітпеген түрдегі тауарды сыныптау туралы шешімді қабылдау жағдайы

Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2018 жылғы 16 ақпандағы
№ 203 бұйрығына
2-қосымша
Аумақтық мемлекеттік кірістер органдары белгілі бір уақыт кезеңі ішінде әртүрлі тауар партияларымен әкелінуі болжанатын, құрастырылмаған немесе бөлшектелген түрдегі, оның ішінде жасақталмаған немесе жасалып бітпеген түрдегі тауарды сыныптау туралы шешімді қабылдау жағдайы
Декларациялау ерекшеліктері «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 26 желтоқсандағы Кодексінің 190-бабында көзделген, аумақтық мемлекеттік кірістер органдары белгілі бір уақыт кезеңі ішінде әртүрлі тауар партияларымен әкелінуі болжанатын, құрастырылмаған немесе бөлшектелген түрдегі, оның ішінде жасақталмаған немесе жасалып бітпеген түрдегі тауарды сыныптау туралы шешім, егер сыртқы сауда шартының (келісімшарттың) сомасы 200 000 (екі жүз мың) Америка Құрама Штаттарының доллардан кем немесе тең болған жағдайда, жазбаша өтініш негізінде қабылданады.

Қолданыстағы