О льготном проезде на общественном транспорте (кроме такси) учащихся очной формы обучения
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О льготном проезде на общественном транспорте (кроме такси) учащихся очной формы обучения
- Атауы (қаз.)
- Күндізгі оқу нысанындағы оқушылардың қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жеңілдікпен жол жүруі туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 246
- Қабылданған күні
- 22.02.2018
- Көрсетілген редакция
- 29.04.2019 119429_404465.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 29.04.2019
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V18KF004638
- ЭКБ идентификаторы
- 119429
- Редакция идентификаторы
- 119429_404465
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 01:42
0 Күндізгі оқу нысанындағы оқушылардың қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жеңілдікпен жол жүруі туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына және Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі «Білім туралы» Заңына сәйкес қалалық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1 1. 2018 жылы қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жеңілдікпен жол жүру Сәтбаев қаласының төмендегі оқушылар санаттарына белгіленсін:
1 1) жалпы білім беру оқу орындарының біріншіден сегізінші сыныпқа дейінгі оқушыларын қосып алғанда – тегін жол жүру (каникул кезеңдерін және әр аптаның демалыс күндерін қоспағанда);
2 2) жалпы білім беру оқу орындарының тоғызыншыдан он бірінші сыныпқа дейінгі оқушыларын қосып алғанда – белгіленген тарифтің 50% төлеумен (каникул кезеңдерін және әр аптаның демалыс күндерін қоспағанда);
3 3) кәсіби мектептердің, колледждердің, жоғары оқу орындарының күндізгі оқу нысаны бойынша оқушыларын – белгіленген тарифтің 50% төлеумен (каникул кезеңдерін және әр аптаның демалыс күндерін қоспағанда);
4
4) әлеуметтік көмек көрсетілетін мына азаматтар санатына жалпы білім беру оқу орындарының біріншіден он бірінші сыныпқа дейінгі оқушыларын қосып алғанда, кәсіби мектептердің, колледждердің, жоғары оқу орындарының күндізгі оқу нысаны бойынша оқушыларына – тегін жол жүру (каникул кезеңдерін және әр аптаның демалыс күндерін қоспағанда):
жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;
даму мүмкіндіктері шектеулі балалар, мүгедектер және бала кезінен мүгедектер, мүгедек балалар;
көп балалы отбасылардың балалары;
кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталықтарындағы балалар;
жалпы және санаторийлік үлгідегі мектеп-интернаттарында, мектеп жанындағы интернаттарда тұратын балалар;
дарынды балаларға арналған мамандандырылған интернаттық білім беру ұйымдарында тәрбиеленетін және білім алатын балалар;
интернаттық ұйымдардың тәрбиеленушілері;
мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан, сондай-ақ мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан балалар;
денсаулық жағдайына байланысты бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру бағдарламалары бойынша ұзақ уақыт бойы үйде немесе стационарлық көмек, сондай-ақ қалпына келтіру емін және медициналық оңалту көрсететін ұйымдарда оқитын балалар;
толық емес отбасынан шыққан балалар.
2
2. «Күндізгі оқу нысанындағы оқушылардың қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жеңілдікпен жол жүруі туралы» Сәтбаев қалалық мәслихатының 2017 жылғы 23 ақпандағы № 135 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4174 болып тіркелген, 2017 жылғы 17 наурыздағы «Шарайна» № 11 (2252) газетінде және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде 2017 жылғы 28 наурызда жарияланған) күші жойылды деп танылсын.