Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил управления бесхозяйными отходами, признанными решением суда поступившими в коммунальную собственность Железинского района

Ереже · № 199/6 · қабылданған 26.02.2018
Заңдық күші: Күшін жойған · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-119432/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
Об утверждении Правил управления бесхозяйными отходами, признанными решением суда поступившими в коммунальную собственность Железинского района Күшін жойған Ереже ·№ 199/6 ·26.02.2018
16.11.2021 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 16.11.2021. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил управления бесхозяйными отходами, признанными решением суда поступившими в коммунальную собственность Железинского района

Күшін жойған Ереже ·№ 199/6 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил управления бесхозяйными отходами, признанными решением суда поступившими в коммунальную собственность Железинского района
Атауы (қаз.)
Сот шешімімен Железин ауданының коммуналдық меншігіне түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидаларын бекіту туралы
Акт түрі
Ереже
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
199/6
Қабылданған күні
26.02.2018
Көрсетілген редакция
16.11.2021 119432_546447.kaz
Соңғы өзгеріс
16.11.2021
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V18PF005903
ЭКБ идентификаторы
119432
Редакция идентификаторы
119432_546447
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 01:38

0 Сот шешімімен Железин ауданының

коммуналдық меншігіне түскен
болып танылған иесіз қалдықтарды
басқару қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 19-1-бабы 3) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес, Железин аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1 1. Қоса беріліп отырған сот шешімімен Железин ауданының коммуналдық меншігіне түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидалары бекітілсін.

2 2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың әлеуметтік-экономикалық дамыту және бюджет мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

3 3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

4 Сот шешімімен Железин ауданының коммуналдық меншігіне түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидалары

Железин аудандық мәслихатының
2018 жылғы 26 ақпандағы
№ 199/6 шешімімен бекітілген
Сот шешімімен Железин ауданының коммуналдық меншігіне
түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидалары

1 1-тарау. Жалпы ережелер

1

1. Осы сот шешімімен Железин ауданының коммуналдық меншігіне түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 20-1-бабы 5) тармақшасына сәйкес әзірленді және сот шешiмiмен коммуналдық меншiкке түскен болып танылған иесiз қалдықтарды (бұдан әрі – қалдықтар) басқару тәртiбiн айқындайды.

2 2. Қалдықтарды коммуналдық меншікке беру сот шешімінің негізінде жүзеге асырылады.

3 3. Қалдықтарды басқару – бұл қалдықтарды бағалау, есепке алу, одан әрі пайдалану, сату, кәдеге жарату және жою бойынша қызмет.

4 4. Қалдықтарды басқару Железин ауданының әкімдігімен (бұдан әрі – жергілікті атқарушы орган) жүзеге асырылады.

5 5. Қалдықтарды басқару мақсатында жергілікті атқарушы орган мүдделі мемлекеттік органдардың өкілдерінен комиссия құрады (бұдан әрі - Комиссия).

Қалдықтарды басқару бойынша жұмыстарды ұйымдастыратын орган «Железин ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі болып табылады.

2 2-тарау. Сот шешімімен коммуналдық меншікке түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару тәртібі

6

6. Қалдықтарды бағалау, есепке алу, одан әрi пайдалану және сату Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 26 шілдедегі № 833 қаулысымен бекітілген Жекелеген негiздер бойынша мемлекет меншiгiне айналдырылған (түскен) мүлiктi есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрi пайдалану қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.

7 7. Талап етілмеген қалдықтарды қауіпсіз кәдеге жарату және жою бойынша жұмыстарды ұйымдастыруды жергілікті атқарушы орган Комиссияның ұсыныстарын ескере отырып Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасының талаптарына сәйкес жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырады.

8 8. Қалдықтарды кәдеге жарату және жою бойынша көрсетілетін қызметтерді жеткізушіні таңдау Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

9 9. Қалдықтар сатылғаннан, кәдеге жаратылғаннан, жойылғаннан кейін қалдықтардың орналасқан аумақтарын қалпына келтіру Қазақстан Республикасы жер заңнамасының талаптарына сәйкес жүргізіледі.

3 3-тарау. Қорытынды ережелер

10 10. Қалдықтармен жұмыс iстеу барысында Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасында көзделген талаптар сақталады.

Қолданыстағы