Об утверждении Правил, формы и сроков уведомления органов государственных доходов о получении денег и (или) иного имущества от иностранных государств, международных и иностранных организаций, иностранцев, лиц без гражданства Күшін жойған
Басқа 0
Шет мемлекеттерден, халықаралық және шетелдік ұйымдардан, шетелдіктерден, азаматтығы жоқ адамдардан ақша және (немесе) өзге де мүлік алғаны туралы мемлекеттік кірістер органдарына хабарлау қағидаларын, нысанын және мерзімдерін бекіту туралы
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Кодексінің (Салық кодексі) 29-бабы 1-тармағы бөлігінің 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Мыналар:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес шет мемлекеттерден, халықаралық және шетелдік ұйымдардан, шетелдіктерден, азаматтығы жоқ адамдардан ақша және (немесе) өзге де мүлік алғаны туралы мемлекеттік кірістер органдары хабарламаларының қағидалары және мерзімдері;
Тармақша 2
2) осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес шет мемлекеттерден, халықаралық және шетелдік ұйымдардан, шетелдіктерден, азаматтығы жоқ адамдардан ақша және (немесе) өзге де мүлік алғаны туралы мемлекеттік кірістер органдары хабарламаларының нысаны бекітілсін.
Тармақ 2
2. «Жеке және заңды тұлғалардың және (немесе) заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшелерінің шет мемлекеттерден, халықаралық және шетелдік ұйымдардан, шетелдіктерден, азаматтығы жоқ адамдардан ақша және (немесе) өзге де мүлік алғаны туралы мемлекеттік кірістер органдары хабарламаларының қағидаларын, нысанын және мерзімдерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 19 қазандағы № 553 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №14381 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 14 қарашада жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (А.М. Теңгебаев) заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеген күнінен бастап он күнтізбек күн ішінде оның көшірмелерін қағаз және электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпараттық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
Тармақша 3
3) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелгеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялануын;
Тармақша 4
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы
тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 0. Шет мемлекеттерден, халықаралық және шетелдік ұйымдардан, шетелдіктерден, азаматтығы жоқ адамдардан ақша және (немесе) өзге де мүлік алғаны туралы мемлекеттік кірістер органдары хабарламаларының
қағидалары және мерзімдері
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2018 жылғы 20 ақпандағы
№ 241 бұйрығына
1-қосымша
Шет мемлекеттерден, халықаралық және шетелдік ұйымдардан, шетелдіктерден, азаматтығы жоқ адамдардан ақша және (немесе) өзге де мүлік алғаны туралы мемлекеттік кірістер органдары хабарламаларының
қағидалары және мерзімдері
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ереже
1-тарау. Жалпы ереже
Тармақ 1
1. Осы Құрылымдық бөлімшелерінің шет мемлекеттерден, халықаралық және шетелдік ұйымдардан, шетелдіктерден, азаматтығы жоқ адамдардан ақша және (немесе) өзге де мүлік алғаны туралы мемлекеттік кірістер органдары хабарламаларының қағидалары және мерзімдері (бұдан әрі – Қағидалар) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Кодексінің (Салық кодексі) 29-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес әзірленген және жеке және заңды тұлғалардың және (немесе) заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшелерінің (бұдан әрі – субъект) шет мемлекеттерден, халықаралық және шетелдік ұйымдардан, шетелдіктерден, азаматтығы жоқ адамдардан (бұдан –көз) ақша және (немесе) өзге де мүлік алғаны туралы мемлекеттік кірістер органдары хабарламаларының (бұдан әрі - Хабарлама) тәртібі мен мерзімдерін айқындайды.
Тарау 2. 2-тарау. Хабарламаларды ұсыну тәртібі және мерзімдері
2-тарау. Хабарламаларды ұсыну тәртібі және мерзімдері
Тармақ 2
2. Субъектілер көздерден 1 теңгеден асатын мөлшерде, олармен жасалған мәмілелер бойынша ақша және (немесе) өзге де мүліктерді алғаны және мынадай қызмет түрлеріне:
заңдық көмек көрсетуге, оның ішінде құқықтық ақпарат беруге, азаматтармен ұйымдардың мүдделерін қорғауға және білдіруге, сондай-ақ оларға консультация беруге;
қоғамдық пікірге сауалнамаларды, әлеумет танушылық сауалнамаларды (коммерциялық мақсатта жүргізілетін қоғамдық пікірге сауалнамалар мен әлеуметтанушылық сауалнамаларды қоспағанда) зерделеуге және жүргізуге, сондай-ақ олардың нәтижелерін таратуға және орналастыруға;
аталған қызмет коммерциялық мақсаттарда жүзеге асырылатын жағдайларды қоспағанда, ақпаратты жинауға, талдауға және таратуға бағытталғаны туралы орналасқан/тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік кірістер органдарын хабардар етеді.
Тармақ 3
3. Хабарлама алынуға жататын деректерді міндетті түрде толтырып, көздерден алынған ақша және (немесе) өзге де мүлік алынған күннен кейінгі күнен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұсынылады.
Тармақ 4
4. Алу сомасын, міндеттемелерді орындау мерзімін өзгерту бөлігінде ақша және (немесе) өзге де мүлік алу шарттарына бұрын өзгерістер енгізілген жағдайда Хабарлама алу шарттарына өзгерістер енгізілген күннен кейінгі күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде ұсынылады.
Тармақ 5
5. Көздерден алынған ақша және (немесе) өзге де мүлік қайтарылған жағдайда негізгі хабарламаның тіркеу нөмірін көрсете отырып және «алу» белгісімен көрсетілген сомалық мәнді көздейтін бағандарды қоспағанда, бұрын барлық деректемелер көрсетілген бағандарды толтырып, қайтару күнінен кейінгі күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде «Қосымша» түрін көрсете отырып Хабарлама жолданады.
Бұл ретте осы Қағидалардың мақсатында тіркеу нөмірінің пішіні мынадай деректерді:
Тармақша 1
1) Салық кодексінің 18-бабы 2-тармағына сәйкес уәкілетті орган бекітетін мемлекеттік кірістер органының кодын;
Тармақша 2
2) хабарламаны қабылдау күнін;
Тармақша 3
3) хабарламаның кіріс нөмірін қамтиды.
Тармақ 6
6. Хабарламаға өзгерістер енгізілген жағдайда, «алу» белгісімен көрсетілген сомалық мәнді көздейтін бағандарды қоспағанда, бұрын барлық деректемелер көрсетілген бағандарды толтырып, «Қосымша» түрін көрсете отырып хабарлама жолданады.
Жаңа жолмен дұрыс деректемелермен және сомалармен бағандарда жаңа мән енгізіледі.
Тармақ 7
7. Хабарламаға толықтырулар енгізілген жағдайда, негізгі хабарламаның тіркеу нөмірін және жаңа мәліметтерді көрсетіп, «Қосымша» түрін көрсете отырып хабарлама ұсынылады, бұл ретте, реттік нөмір кезекті (қосымша) хабарламаның соңғы жолынан кейінгі жолдан басталады.
Тармақ 8
8. Кешенді және тақырыптық тексерулер жүргізу кезеңінде (ұзарту мен тоқтатуды қоса алғанда) тексерілетін салық кезеңі бойынша бұрын берілген хабарламаларға өзгертулер мен толықтырулар енгізуге жол берілмейді.
Тармақ 9
9. Субъектілер өз таңдауы бойынша хабарламаны:
келу тәртібінде - қағаз жеткізгіште;
салық есептілігін қабылдау және өңдеу жүйесі арқылы ақпараттарды компьютерлік өңдеуге жол беретін электрондық нысанда ұсынады.
Тармақ 10
10. Қағаз жеткізгіштегі хабарламаға жеке кәсіпкерлік субъектілеріне жататын заңды тұлғаларды қоспағанда, субъектінің қолы қойылады және оның мөрімен куәландырылады.
Тармақ 11
11. Электрондық нысанда хабарлама салық есептілігін қабылдау және өңдеу жүйесі арқылы табыс етіледі, субъектінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылады.
Хабарламаны ұсыну кезінде:
қағаз жеткізгіште келу тәртібінде - екі данада жасалады, мемлекеттік кірістер органының белгісі қойылған бір данасы салық төлеушіге қайтарылады және міндетті түрде хабарламаның кіріс нөмірі көрсетіледі;
электрондық нысанда - субъект осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша хабарламаны мемлекеттік кірістер органы қабылдағаны немесе қабылдамағаны туралы растаманы алады.
Тармақ 12
12. Электрондық нысанда ұсынылған хабарламаға салық есептілігін қабылдау және өңдеу жүйесі орталық торабының тіркеу нөмірі беріледі.
Тармақ 13
13. Қағаз жеткізгіште ұсынылған хабарламаға тіркеу нөмірі беріледі және мемлекеттік кірістер органдары салық есептілігін қабылдау және өңдеу жүйесіне мәліметтерді енгізуді жүзеге асырады.
Тармақ 14
14. Қағаз жеткізгіште хабарламаны ұсынған кезде хабарламаны мемлекеттік кірістер органдарының қабылдаған күні, электрондық нысанда - салық есептілігін қабылдау және өңдеу жүйесінің орталық торабы қабылдаған күні хабарламаны табыс еткен күн болып табылады.
Тармақ 15
15. Хабарламада, егер:
Тармақша 1
1) мемлекеттік кірістер органының коды көрсетілмесе;
Тармақша 2
2) жеке сәйкестендіру нөмірі (бизнес сәйкестендіру нөмірі)
(бұдан әрі – ЖСН (БСН) көрсетілмесе немесе дұрыс көрсетілмесе;
Тармақша 3
3) ақша және (немесе) өзге де мүлікті берген көздің атауы көрсетілмесе немесе дұрыс көрсетілмесе;
Тармақша 4
4) қағаз жеткізгіште жасалған мәліметтерге жеке кәсіпкерлік субъектілеріне жататын заңды тұлғаларды қоспағанда, субъектілердің қолы қойылмаса, сондай-ақ мөрімен куәландырылмаса, мемлекеттік кірістер органдарына табыс етілмеген болып саналады.
Тарау 3. 3-тарау. Хабарламаларды толтыру жөніндегі түсініктеме
3-тарау. Хабарламаларды толтыру жөніндегі түсініктеме
Тармақ 16
16. «Жеке тұлға, заңды тұлға (құрылымдық бөлімше) туралы жалпы ақпарат» бөлімінде мынадай деректер көрсетіледі:
Тармақша 1
1) ЖСН (БСН) – осы Қағидалардың 3-тармағына сәйкес көздерден ақша және (немесе) өзге де мүлік алған субъектінің жеке сәйкестендіру нөмірі (бизнес сәйкестендіру нөмірі);
Тармақша 2
2) тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде) немесе заңды тұлғаның немесе құрылымдық бөлімшенің атауы - осы Қағидалардың 2-тармағында көрсетілген қызмет түрлерін жүзеге асыруға бағытталған көздерден ақша және (немесе) өзге де мүлік алған субъектінің тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде) немесе атауы;
Тармақша 3
3) хабарламаның түрі.
Тиісті торкөзге өтінішті негізгі немесе қосымша түріне жатқызу есебімен белгі қойылады;
Тармақша 4
4) негізгі хабарламаның кіріс (тіркеу) нөмірі – «қосымша» түрінің
3-жолына белгі қойылған жағдайда толтырылатын негізгі хабарламаның нөмірі.
Тармақ 17
17. «Ақша және (немесе) өзге де мүлік алынғаны туралы ақпарат» бөлімінде:
Тармақша 1
1) А бағанында – көздерден субъектілер ақша және (немесе) өзге де мүлік алғаны туралы деректер көрсетілетін кесте жолының реттік нөмірі;
Тармақша 2
2) В бағанында – алу күніне валюта айырбастаудың нарықтық бағамы бойынша ұлттық валютада алынған ақша сомасы көрсетіледі.
В бағанының қорытынды шамасы «Қорытынды» жолы бойынша көрсетіледі және барлық беттің осы бағанда көрсетілген барлық сомаларын қосу жолымен айқындалады;
Тармақша 3
3) С бағанында – алынған мүліктің атауы;
Тармақша 4
4) D бағанында – алынған мүліктің сәйкестендіру нөмірі (бар болған жағдайда);
Тармақша 5
5) Е бағанында – алынған мүліктің саны;
Тармақша 6
6) F бағанда – алу күніне валюта айырбастаудың нарықтық бағамы бойынша ұлттық валютада алынған мүліктің құны көрсетіледі.
F бағанының қорытынды шамасы «Қорытынды» жолы бойынша көрсетіледі және барлық беттің осы бағанда көрсетілген барлық сомаларын қосу жолымен айқындалады.
Тармақша 7
7) G бағанында – қызметтің түрлері:
А – заңдық көмек көрсетуге, оның ішінде құқықтық ақпарат беруге, азаматтармен ұйымдардың мүдделерін қорғауға және білдіруге, сондай-ақ оларға консультация беру;
В – қоғамдық пікірге сауалнамаларды, әлеумет танушылық сауалнамаларды (коммерциялық мақсатта жүргізілетін қоғамдық пікірге сауалнамалар мен әлеумет танушылық сауалнамаларды қоспағанда) зерделеуге және жүргізуге, сондай-ақ олардың нәтижелерін таратуға және орналастыру;
С – аталған қызмет коммерциялық мақсаттарда жүзеге асырылатын жағдайларды қоспағанда, ақпаратты жинауға, талдауға және тарату;
Тармақша 8
8) Н бағанында – ақшаны және (немесе) өзге де мүлікті алу көзінің коды:
1 – шетел мемлекеті;
2 – халықаралық және шетел ұйымы;
3 – шетелдік;
4 – азаматтығы жоқ тұлға;
Тармақша 9
9) I бағанында – ақшаны және (немесе) өзге де мүлікті алу көзі елінің атауы;
Тармақша 10
10) J бағанында – резиденттік елінде ақша және (немесе) өзге де мүлікті алу көзінің атауы;
Тармақша 11
11) K бағанында – ақша және (немесе) өзге де мүлікті алу көзінің тіркеу нөмірі, азаматтығы жоқ тұлғалар бойынша жеке басын куәландыратын құжатының нөмірі көрсетіледі;
Тармақша 12
12) L бағанында – ақша және (немесе) өзге де мүлікті алу туралы құжаттың күні (бар болған жағдайда);
Тармақша 13
13) М бағанында – ақша және (немесе) өзге де мүлікті алу туралы құжаттың нөмірі (бар болған жағдайда).
Тармақ 18
18. «Жеке тұлғаның, заңды тұлғаның (құрылымдық бөлімшенің) жауапкершілігі» бөлімінде:
Тармақша 1
1) «Жеке тұлғаның немесе заңды тұлға (құрылымдық бөлімше) басшысының тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)» жолында
немесе субъект басшысының тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) көрсетіледі және хабарламаны ұсыну күні көрсетіледі;
Тармақша 2
2) хабарламаны ұсыну күні – хабарламаны мемлекеттік кірістер органына ұсынудың ағымдағы күні;
Тармақша 3
3) орналасқан жері/тұратын жері бойынша мемлекеттік кірістер органының коды;
Тармақша 4
4) «Хабарламаны қабылдаған лауазымды тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)» жолында хабарламаны қабылдаған мемлекеттік кірістер органы қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) және хабарламаны қабылдау күні көрсетіледі;
Тармақша 5
5) хабарламаны қабылдау күні – Салық кодексінің 29-бабы 1-тармағының бірінші бөлігінің 1) тармақшасына сәйкес хабарламаны ұсыну күні;
Тармақша 6
6) хабарламаның кіріс нөмірі – мемлекеттік крістер органы беретін хабарламаның тіркеу нөмірі.
Осы тармақтың 4), 5) және 6) тармақшалары хабарламаны қағаз жеткізгіште қабылдаған мемлекеттік кірістер органының қызметкері толтырады.
Басқа 1
Шет мемлекеттерден, халықаралық және шетелдік ұйымдардан,
шетелдіктерден, азаматтығы жоқ
адамдардан ақша және (немесе) өзге
де мүлік алғаны туралы мемлекеттік
кірістер органдары хабарламаларының
қағидаларына және мерзімдеріне
қосымша
нысан
Жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес сәйкестендіру нөмірі (ЖСН/БСН)
__________________________________________________________
Салық төлеушінің атауы/тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)
________________________________________________________________
Хабарлама нысанының коды _____________________ нұсқа ____________
Хабарлама нысанының түрі _______________________________________
Хабарлама нысанының атауы _______________________________________
Хабарлама берілген жыл ___________________________________________
Қабылдау тәсілі _________________________________________________
Алушы - мемлекеттік кірістер органының коды _______________________
Хабарлама құжатының кіріс (тіркеу) нөмірі: __________________________
Хабарламаны өңдеу
Жүйе
Мәртебесі
Мерзімі/ уақыты
Хабарламаны қабылдау кезіндегі қателіктер:
Қолданбалы сервердің қолтаңбасы
Басқа 2
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2018 жылғы 20 ақпандағы
№ 241 бұйрығына
2-қосымша