Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в некоторые постановления акимата Бейнеуского района

Қаулы · № 27 · қабылданған 12.02.2018
Заңдық күші: Қолданыста · 21.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-119504/on/2026-08-21/
Басып шығарылды 2026-08-21 · adilet.kz
О внесении изменений в некоторые постановления акимата Бейнеуского района Қолданыста Қаулы ·№ 27 ·12.02.2018
30.07.2021 редакциясы
21.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.07.2021. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в некоторые постановления акимата Бейнеуского района

Қолданыста Қаулы ·№ 27 · 21.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в некоторые постановления акимата Бейнеуского района
Атауы (қаз.)
Бейнеу ауданының әкімдігінің кейбір қаулыларына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
27
Қабылданған күні
12.02.2018
Көрсетілген редакция
30.07.2021 119504_533350.kaz
Соңғы өзгеріс
30.07.2021
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V18MC003537
ЭКБ идентификаторы
119504
Редакция идентификаторы
119504_533350
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 01:50

0 Бейнеу ауданының әкімдігінің кейбір қаулыларына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңына сәйкес Бейнеу ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Бейнеу ауданының әкімдігінің кейбір қаулыларына мынадай өзгерістер енгізілсін:

1

1) 2017 жылғы 17 мамырдағы №94 «Барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгілеу туралы» қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 3379 нөмірімен тіркелген, 2017 жылғы 26 маусымда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде жарияланған):
кіріспе бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының 28-бабының 6-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 36-1 бабына сәйкес, барлық кандидаттар үшін тең құқықтарды қамтамасыз ету мақсатында, Бейнеу аудандық сайлау комиссиясымен бірлесіп Бейнеу ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:»;

2

2

2. «Бейнеу ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі (Г.Бақытова) осы қаулының Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын, аудан әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы қаулының орындалысын бақылау Бейнеу ауданы әкімінің орынбасары К.Машырықовқа жүктелсін.

4 4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Бейнеу аудандық сайлау
комиссиясының төрайымы
Аймағамбет Күләнда
«12» 02 2018 жыл

Қолданыстағы