Об установлении ограничительных мероприятий
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении ограничительных мероприятий
- Атауы (қаз.)
- Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 16
- Қабылданған күні
- 05.03.2018
- Көрсетілген редакция
- 16.07.2018 119508_340415.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 16.07.2018
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V18TBE04074
- ЭКБ идентификаторы
- 119508
- Редакция идентификаторы
- 119508_340415
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 01:29
0 Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37-бабына, «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына сәйкес және «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Жылыой аудандық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесі басшысының 2018 жылғы 13 ақпандағы №34 ұсынысы негізінде Қара Арна ауылдық округі әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. Қара Арна ауылдық округінің «Дархан–Дала» шаруа қожалығының «Көлқұдық» аумағына қарасты, құтұрық ауруы пайда болуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.
2
2. Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының «Жылыой аудандық орталық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнына (Н.Укибаев), «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Қоғамдық денсаулық сақтау комитеті Атырау облысы Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің Жылыой аудандық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы» республикалық мемлекеттік мекемесіне (Д.Жарилгасова) осы шешімнен туындайтын қажетті шараларды алу ұсынылсын.