Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

Об утверждении перечня категорий товаров, подвергающихся быстрой порче, в отношении которых применяется первоочередной порядок совершения таможенных операций

Бұйрық · № 271 · қабылданған 23.02.2018
Заңдық күші: Күшін жойған · 19.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-119510/on/2026-09-19/
Басып шығарылды 2026-09-19 · adilet.kz
Об утверждении перечня категорий товаров, подвергающихся быстрой порче, в отношении которых применяется первоочередной порядок совершения таможенных операций Күшін жойған 06.02.2023 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

Об утверждении перечня категорий товаров, подвергающихся быстрой порче, в отношении которых применяется первоочередной порядок совершения таможенных операций

Күшін жойған Бұйрық № 271 19.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении перечня категорий товаров, подвергающихся быстрой порче, в отношении которых применяется первоочередной порядок совершения таможенных операций
Атауы (қаз.)
Кедендік операцияларды бірінші кезекте жасау тәртібі қолданылатын тез бұзылуға ұшырайтын тауарлар санаттарының тізбесін бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
271
Қабылданған күні
23.02.2018
Көрсетілген редакция
06.02.2023 119510_620859.kaz
Соңғы өзгеріс
06.02.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1800016561
ЭКБ идентификаторы
119510
Редакция идентификаторы
119510_620859
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 01:41
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
19.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 06.02.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0 Кедендік операцияларды бірінші кезекте жасау тәртібі қолданылатын тез бұзылуға ұшырайтын тауарлар санаттарының тізбесін бекіту туралы

«Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» 2017 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 147-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған кедендік операцияларды бірінші кезекте жасау тәртібі қолданылатын тез бұзылуға ұшырайтын тауарлар санаттарының тізбесі бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (А.М. Теңгебаев) заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесі Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

4) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министірінің орынбасары-
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
____________ Ө. Шөкеев
2018 жылғы « »
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрі
____________ Е. Біртанов
2018 жылғы « »

0 Кедендік операцияларды бірінші кезекте жасау тәртібі қолданылатын тез бұзылуға ұшырайтын тауарлар санаттарының тізбесі

Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2018 жылғы 23 ақпандағы
№ 271
бұйрығымен бекітілді
Кедендік операцияларды бірінші кезекте жасау тәртібі қолданылатын тез бұзылуға ұшырайтын тауарлар санаттарының тізбесі

1. Егер Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенттерінде тамақ өнімдерінің жеке түрлеріне өзгеше белгіленбесе, жарамдылық мерзімі 5 (бес) тәуліктен аспайтын, адам денсаулығы үшін қауіпті деңгейлерге дейін онда ауру тудыратын микроорганизмдердің, бүлдіру микроорганизмдерінің дамуының және (немесе) уыттар түзілуінің алдын алу мақсатында сақтауға және тасымалдауға (көлікпен тасымалдаудың) арнайы құрылатын температуралық режимді қажет ететін тауарлар.

2. Төменде келтірілген кестеге сәйкес тауарлар:


Та­у­ар­дың қы­сқа­ша ата­уы
Еура­зи­я­лық эко­но­ми­ка­лық одақ­тың сырт­қы эко­но­ми­ка­лық қыз­мет­тің та­у­ар­лық но­мен­кла­ту­ра­сы­на сәй­кес та­у­ар ко­ды
Ке­зең ішін­де бі­рін­ші ке­зек­тей тәр­ті­бін­де жа­са­ла­тын ке­ден­дік опе­ра­ци­я­лар
1.
ірі қа­ра мал­дың жас неме­се то­ңа­зы­ты­л­ған еті
0201
Жыл бойы
2.
ет және та­ғам­дық қо­сым­ша өнім­дер, жас неме­се то­ңа­зы­ты­л­ған
0203-0208 ден
Жыл бойы
3.
тірі балық, оның ішінде балық отырғызу материалы
0301
жыл бойы
4.
жас неме­се то­ңа­зы­ты­л­ған ба­лық
0302
Жыл бойы
5.
ба­лық ке­сек еті (жен­тек­ті қо­са ал­ған­да) және бас­қа да ба­лық еті жас неме­се то­ңа­зы­ты­л­ған
0304 тен
Жыл бойы
6.
ша­ян­тек­те­стер, мол­люс­ка­лар, ті­рі су омырт­қа­сызда­ры, жас неме­се то­ңа­зы­ты­л­ған
0306-0308 ден
Жыл бойы
7.
сүт және сүт өнім­де­рі
0401-0406
Жыл бойы
8.
жұ­мырт­қа
0407-0408
Жыл бойы
9.
ті­рі аға­штар және бас­қа да өсім­дік­тер, ба­да­на­лар, та­мыр­лар және бас­қа да ұқсас өсім­дік­тің бө­лік­те­рі, ке­сі­л­ген гүл­дер және әше­кей­лі шө­птер
06 топ
Жыл бойы
10.
қы­за­нақ
0702 00 000
қаң­тар-мау­сым, қа­зан-жел­тоқ­сан
11.
қы­рық­қа­бат
0704 90 900 0 ден
қаң­тар-мау­сым, қа­зан-жел­тоқ­сан
12.
са­лат-ла­тук
0705 11 000 0
Жыл бойы
13.
қи­яр және кор­ни­шон­дар
0707 00
қаң­тар-мау­сым, қа­зан-жел­тоқ­сан
14.
жа­ңа піс­кен са­ңы­ра­у­құ­лақ­тар
0709 дан
Жыл бойы
15.
ба­ял­ды­лар
0709 30 000 0
қаң­тар-мау­сым, қа­зан-жел­тоқ­сан
16.
бал­дыр­көк
0709 40 000 0
Жыл бойы
17.
тәт­ті бұ­рыш
0709 60 100
Жыл бойы
18.
жа­ңа піс­кен ба­нан­дар
0803 90 100 0
Жыл бойы
19.
жа­ңа піс­кен ана­на­стар
0804 30 000 1
Жыл бойы
20.
аво­ка­до
0804 40 000 0
Жыл бойы
21.
тәт­ті жа­ңа піс­кен апель­син­дер
0805 10 200 0
қаң­тар-мау­сым, қа­зан-жел­тоқ­сан
22.
ман­да­рин
0805 21 000 0
қаң­тар-мау­сым, қа­зан-жел­тоқ­сан
23.
кле­мен­тин
0805 22 000 0
қаң­тар-мау­сым, қа­зан-жел­тоқ­сан
24.
по­мел­ло, ма­нап
0805 40 000 0
қаң­тар-мау­сым, қа­зан-жел­тоқ­сан
25.
ли­мо­ны, лайм
0805 50
қаң­тар-мау­сым, қа­зан-жел­тоқ­сан
26.
жа­ңа піс­кен жү­зім
0806 10
Жыл бойы
27.
қа­уын, қар­быз, па­пайя
0807
сәу­ір-қыр­күй­ек
28.
ал­мұрт­тар
0808 30 900 0
Жыл бойы
29.
са­ры өрік­тер
0809 10 000 0
сәу­ір-қыр­күй­ек
30.
жа­ңа піс­кен шие және қы­зыл ши­е­лер
0809 21 000 0-0809 29 000 0
сәу­ір-қыр­күй­ек
31.
шаб­да­лы және шір­не­лер
0809 30
сәу­ір-қыр­күй­ек
32.
өрік­тер
0809 40 050 0
Мау­сым-қа­зан
33.
жа­ңа піс­кен жи­дек­тер
0810 10 000 0- 0810 40 900 0
Жыл бойы
34.
ки­ви
0810 50 000 0
қаң­тар-мау­сым, қа­зан-жел­тоқ­сан
35.
құр­ма
0810 70 000 0
қаң­тар-мау­сым, қа­зан-жел­тоқ­сан
36.
анар
0810 90 750 0 ден
қаң­тар-мау­сым, қа­зан-жел­тоқ­сан
37.
ашыт­қы
2102
Жыл бойы