Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил применения поощрений государственных служащих Агентства Республики Казахстан по делам государственной службы

Бұйрық · № 60 · қабылданған 13.03.2018
Заңдық күші: Қолданыста · 16.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-119514/on/2026-08-16/
Басып шығарылды 2026-08-16 · adilet.kz
Об утверждении Правил применения поощрений государственных служащих Агентства Республики Казахстан по делам государственной службы Қолданыста Бұйрық ·№ 60 ·13.03.2018
18.05.2023 редакциясы
16.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 18.05.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил применения поощрений государственных служащих Агентства Республики Казахстан по делам государственной службы

Қолданыста Бұйрық ·№ 60 · 16.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил применения поощрений государственных служащих Агентства Республики Казахстан по делам государственной службы
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің мемлекеттік қызметшілеріне көтермелеулерді қолдану қағидаларын бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
60
Қабылданған күні
13.03.2018
Көрсетілген редакция
18.05.2023 119514_632862.kaz
Соңғы өзгеріс
18.05.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1800016620
ЭКБ идентификаторы
119514
Редакция идентификаторы
119514_632862
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 01:23

0 Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің мемлекеттік қызметшілеріне көтермелеулерді қолдану қағидаларын бекіту туралы

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабының 2-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің мемлекеттік қызметшілеріне көтермелеулерді қолдану қағидалары бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Персоналды басқару қызметі заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2

2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмелерін ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

3 3) осы бұйрықтың ресми жарияланған күнінен кейін Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің аппарат басшысы С.Қ. Ахметжановқа жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

1 Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің мемлекеттік қызметшілерін көтермелеуді қолдану қағидалары

Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік қызмет істері және
cыбайлас жемқорлыққа қарсы
іс-қимыл агенттігі Төрағасының
2018 жылғы 13 наурыздағы
№ 60 бұйрығымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің мемлекеттік қызметшілерін көтермелеуді қолдану қағидалары

1 1-тарау. Жалпы ережелер

1

1. Осы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің мемлекеттік қызметшілерін көтермелеуді қолдану қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 35-бабына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) орталық аппараты мен оның аумақтық органдарының мемлекеттік қызметшілерін көтермелеуді ұйымдастыру және қолдану тәртібін айқындайды.

2 2. Агенттіктің және оның аумақтық органдарының мемлекеттік қызметшілерін көтермелеуді ұйымдастыру және қолдану мемлекеттік қызметшілердің тиімділігі, нәтижелілігі, объективтілігі, ашықтығы және кәсібилігі қағидаттары негізінде жүзеге асырылады.

3

3. Агенттіктің және оның аумақтық органдарының мемлекеттік қызметшілері лауазымдық міндеттерін үлгілі орындағаны, мінсіз мемлекеттік қызметі, ерекше маңызды және күрделі тапсырмаларды орындағаны және жұмыстағы басқа да жетістіктері үшін, сондай-ақ олардың қызметін бағалау нәтижелері бойынша көтермеленеді.

4 4. Агенттіктің және оның аумақтық органдарының мемлекеттік қызметшілеріне мынадай көтермелеулер қолданылады:

1 1) біржолғы ақшалай сыйақы;

2 2) алғыс жариялау;

3 3) бағалы сыйлықпен марапаттау;

4 4) грамотамен марапаттау;

5 5) құрметті атақ беру;

6 6) көтермелеудің өзге де нысандары, оның ішінде ведомстволық наградалармен марапаттау.

5

5. Бір және сол ерекшелігі үшін мемлекеттік қызметшіге, осы қағидалардың 4 тармағында көрсетілген көтермелеудің бір ғана нысаны қолданылуы мүмкін, және мемлекеттік лауазымға тағайндауға және мемлекеттік лауазымнан босатуға құқығы бар лауазымды адамның бұйрығында нақты еңбегінкөрсетумен бір рет қана қолданылуы мүмкін.

2 2-тарау. Көтермелеулерді ұйымдастыру тәртібі

6

6. Агенттіктің және оның аумақтық органдарының мемлекеттік қызметшілерін көтермелеу мемлекеттік лауазымға тағайындауға және мемлекеттік лауазымнан босатуға құқығы бар лауазымды адамның (органның) шешімі бойынша құрылымдық бөлімше басшысының немесе оның міндетін атқарушы адамның ұсынуы және Агенттік пен оның аумақтық органдарының мемлекеттік қызметшілерін көтермелеу жөніндегі комиссияның (бұдан әрі – Комиссия) ұсынымы негізінде жүзеге асырылады.

7 7. Агенттік басшылығының бастамасы бойынша Агенттіктің және оның аумақтық органдарының мемлекеттік қызметшілерін көтермелеуді қолданудың ерекше маңызды тапсырмаларын орындағаны үшін Агенттік Төрағасы орынбасарларының ұсынысы негізінде осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен жүзеге асырылуы мүмкін.

Бұл ретте, Комиссия Агенттік Төрағасы орынбасарының ұсынымын осы Қағидаларда белгіленген шектеулердің және көтермелеуге кедергі келтіретін өзге де негіздердің болуы тұрғысынан қарайды.

8 8. Ұсыныста қызметкерлердің нақты еңбегі мен жетістіктері көрсетіледі.

9 9. Агенттіктің құрылымдық бөлімшелерінің және оның аумақтық органдарының басшылары көтермелеу материалдарының Персоналды басқару қызметіне (бұдан әрі – Қызмет), Комиссияға тиісінше ұсынылуын қамтамасыз етеді.

10 10. Қызметтің сұрау салуы бойынша Агенттіктің құрылымдық бөлімшесінің басшысы кейіннен Агенттіктің Комиссиясына жіберу үшін көтермелеу туралы ұсыныс енгізеді.

Грамотамен, алғыспен көтермелеу мереке және мерейтой күндеріне орайластырылған жағдайларда ұсыну тиісті күнге дейін күнтізбелік 10 күннен кешіктірілмей жіберіледі.

11 11. Қызмет Агенттік Комиссиясының қарауына материалдарды ұйымдастыруды және дайындауды жүзеге асыратын Агенттік комиссиясының жұмыс органы болып табылады.

Агенттіктің аумақтық органдарында жұмыс органының функциясын мемлекеттік лауазымға тағайындауға және мемлекеттік лауазымнан босатуға құқығы бар лауазымды адаммен айқындалған адам орындайды.

12 12. Агенттіктің Комиссиясы мемлекеттік лауазымға тағайындауға және мемлекеттік лауазымнан босатуға құқығы бар лауазымды адамның бұйрығы негізінде құрылады.

13 13. Комиссия мүшелерінің жалпы саны тақ санды құрауы және кемінде бес адам болуы тиіс.

Агенттіктің аумақтық органдарының Комиссиясы мүшелерінің жалпы саны тақ санды құрауы және кемінде үш адам болуы тиіс.

14 14. Комиссияның қатыспаған мүшелерін ауыстыруға жол берілмейді.

15 15. Агенттік Комиссиясының Төрағасын Комиссия құрамынан, мемлекеттік лауазымға тағайындауға және мемлекеттік лауазымнан босатуға құқығы бар лауазымды адам тағайындайды.

16 16. Агенттік Комиссиясының Төрағасы мен мүшелері Агенттіктің мемлекеттік қызметшілеріне арналған ұсыныстарды келіп түскен күннен бастап он жұмыс күні ішінде қарайды және:

1 1) мемлекеттік қызметшіні көтермелеу туралы;

2 2) себептерін көрсете отырып, мемлекеттік қызметшіні көтермелеуден бас тарту туралы ұсынымдардың бірін береді.

17 17. Комиссия мүшелерінің ұсынымдарында алшақтық болған жағдайда ашық дауыс беру жүргізіледі және Комиссияның дауыс берген мүшелерінің көпшілігінің, оның ішінде төрағаның негізінде көтермелеу туралы не көтермелеуден бас тарту туралы ұсыным шығарылады.

Шешіммен келіспеген жағдайда комиссия мүшесі отырыс хаттамасына қоса берілетін ерекше пікірін жазбаша түрде білдіруге құқылы.

18 18. Комиссияның отырысына оның мүшелерінің кемінде төрттен үші қатысқан жағдайда, оның отырысы заңды болып табылады.

19 19. Комиссия шешімі хаттамамен ресімделеді.

3 3-тарау. Көтермелеуді қолдану

20 20. Агенттіктің және оның аумақтық органдарының мемлекеттік қызметшілеріне біржолғы ақшалай сыйақы төлеу мемлекеттік лауазымға тағайындауға және мемлекеттік лауазымнан босатуға құқығы бар лауазымды адамның бұйрығы негізінде жүргізіледі.

21 21. Алғыс Агенттік Төрағасының бұйрығымен мемлекеттік қызметшілерге ұсыным негізінде ерекше маңызды және күрделі тапсырмаларды орындағаны, Комиссияның ұсынымы бойынша тапсырмаларды тиісінше және адал орындағаны үшін жарияланады.

22 22. Агенттіктің мемлекеттік қызметшілері ұсыныстың негізінде лауазымдық міндеттерін үлгілі орындағаны, қызметте жоғары нәтижелерге қол жеткізгені, Комиссияның ұсынымы бойынша аса маңызды міндеттерді шешуге қосқан жеке үлесі үшін Агенттік Төрағасының бұйрығымен грамотамен марапатталады.

23 23. Агенттіктің грамотасы, Агенттік Төрағасының алғысы мемлекеттік тілде жасалады және оған Агенттік Төрағасы қол қояды.

24 24. Агенттіктің грамота, Агенттік Төрағасының алғысы жоғалған жағдайда олардың көшірмелері берілмейді.

25 25. Агенттіктің комиссиясы Агенттіктің құрылымдық бөлімшелері мен оның аумақтық органдары басшыларының ұсынуы бойынша ведомстволық және мемлекеттік наградалармен марапаттауға кандидаттардың тізімін қалыптастырады.

26 26. Мына мемлекеттік қызметшілер көтермелеуге жатпайды:

1 1) тәртіптік жазалары алынбаған;

2 2) сынақ мерзімінен өту кезеңінде;

3 3) Агенттікте және оның аумақтық органдарында бір айдан аз жұмыс істеген адамдар.

27 27. Агенттіктің басшылығы Агенттіктің және оның аумақтық органдарын ұстауға көзделген республикалық бюджет қаражатын үнемдеу есебінен Агенттік Төрағасының шешімі бойынша біржолғы ақшалай сыйақымен көтермеленеді.

28 28. Агенттіктің аумақтық органдарының мемлекеттік қызметшілерін көтермелеу туралы ұсынымдар мемлекеттік қызметшілердің нақты сіңірген еңбегін сипаттай отырып, грамотамен және алғыспен Агенттіктің аумақтық органдары басшыларының қолы қойылып, Қызметке жіберіледі.

Қолданыстағы