О внесении изменений в некоторые приказы Председателя Агентства Республики Казахстан по регулированию естественных монополий
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в некоторые приказы Председателя Агентства Республики Казахстан по регулированию естественных монополий
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасы Табиғи мополияларды реттеу агенттігі төрағасының кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 49
- Қабылданған күні
- 16.02.2018
- Көрсетілген редакция
- 22.05.2020 119518_485477.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 22.05.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1800016490
- ЭКБ идентификаторы
- 119518
- Редакция идентификаторы
- 119518_485477
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 01:45
0 Қазақстан Республикасы Табиғи мополияларды реттеу агенттігі төрағасының кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1 1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Табиғи мополияларды реттеу агенттігі төрағасының өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі бекітілсін.
2 2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электронды түрдегі көшірмесін ресми жариялау және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
4
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
0 Қазақстан Республикасы Табиғи мополияларды реттеу агенттігі төрағасының өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2018 жылғы 16 ақпандағы
№ 49 бұйрығына
қосымша
Қазақстан Республикасы Табиғи мополияларды реттеу агенттігі төрағасының өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі