Об утверждении форм сведений по договорам, содержащим условия перехода права (требования) Күшін жойған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.01.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Құқықтың (талап етудің) өту жағдайларын қамтитын шарттар бойынша мәліметтер нысандарын бекіту туралы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 24-бабы 16) және 16-1) тармақшаларына, 26-бабының 10-тармағына, 28-бабының 1-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 50-бабы 4-тармағының 1-3) тармақшасына және «Коллекторлық қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабы 1-тармағының 11-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Мыналар:
Тармақша 1
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес құқықтың (талап етудің) өту жағдайларын қамтитын шарттар бойынша коллекторлық агенттіктер, екінші деңгейдегі банктер, Қазақстан Республикасы бейрезидент банктерінің филиалдары мен жекелеген банк операцияларын жүзеге асыратын ұйымдар ұсынатын мәліметтер нысаны;
Тармақша 2
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес құқықтың (талап етудің) өту жағдайларын қамтитын, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі сатып алынған және өндіріп алынған қарыздардың көлемі бойынша ұсынатын мәліметтер нысаны;
Тармақша 3
3) коллекторлық агенттіктер, екінші деңгейдегі банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар ұсынатын осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес коллекторлық агенттікпен жасалған сенімгерлік басқару шарты шеңберінде банктік қарыз шарты бойынша өзіне берілген құқыққа (талап етуге) қатысты кредитордың құқықтарын іске асыратын салық төлеушілер бойынша мәліметтер нысаны бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (А.М. Теңгебаев) заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмелерін ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
Тармақша 3
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
Тармақша 4
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасы Д. Ақышев_________________ 20118 жылғы 26 ақпан
Басқа 1. 20____ жылғы «___» ______________ 20___ жылғы «____» ________________ аралығындағы кезең үшін құқықтың (талап етудің) өту жағдайларын қамтитын шарттар бойынша коллекторлық агенттіктер, екінші деңгейдегі банктер, Қазақстан Республикасы бейрезидент банктерінің филиалдары мен жекелеген банк операцияларын жүзеге асыратын ұйымдар ұсынатын мәліметтер
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 26 ақпандағы № 291 бұйрығына 1-қосымша нысан 20____ жылғы «___» ______________ 20___ жылғы «____» ________________ аралығындағы кезең үшін құқықтың (талап етудің) өту жағдайларын қамтитын шарттар бойынша коллекторлық агенттіктер, екінші деңгейдегі банктер, Қазақстан Республикасы бейрезидент банктерінің филиалдары мен жекелеген банк операцияларын жүзеге асыратын ұйымдар ұсынатын мәліметтер тенге № ре­ті бой­ын­ша№ Кол­лек­тор­лық агент­тіктің ата­уы Кол­лек­тор­лық агент­тіктің БСН* Та­лап ету құқы­ғын кол­лек­тор­лық агент­тікке бер­ген кре­ди­тор­дың ата­уы Кол­лек­тор­лық агент­тікке та­лап ету құқы­ғын бер­ген кре­ди­тор­дың (екін­ші дең­гей­де­гі банк­тер, Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы бей­ре­зи­дент банк­те­рі­нің фи­ли­ал­да­ры, же­ке­ле­ген банк опе­ра­ци­я­ла­рын жү­зе­ге асы­ра­тын ұй­ым­дар, мик­ро­қар­жы ұй­ым­да­ры) БСН* Қарыз алушы­ның (бо­рыш­кер­дің) ата­уы/Т.А.Ә.*** Қарыз алушы­ның (бо­рыш­кер­дің) ЖСН**/ БСН* Қарыз шар­ты­ның № 1 2 3 4 5 6 7 8 кестенің жалғасы Қарыз шар­тын жа­са­су кү­ні Қарыз шар­ты­ның аяқ­тал­ған кү­ні Құқық­тың (та­лап ету­дің) өту шар­тта­рын қам­ти­тын шар­ты­ның № және шарт жа­са­су­дың кү­ні Та­лап ету құқы­ғы­ның са­тып алу құ­ны Кол­лек­тор­лық агент­тік са­тып ал­ған бе­ре­шек Са­тып алу ке­зі­нен ба­стап өспе­лі қо­ры­тынды­мен бе­ре­шек өтел­ді Есеп­ті са­лық ке­зе­ңі үшін бе­ре­шек өтел­ді Бар­лы­ғы негіз­гі бо­рыш сый­а­қы ай­ып­пұл, өсім­пұл және та­ғы бас­қа­ла­ры тү­рін­де­гі бас­қа есеп­те­улер 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 Ескертпе: * БСН – бизнес-сәйкестендіру нөмірі; ** ЖСН – жеке сәйкестендіру нөмірі. *** Т.А.Ә. – тегі, аты, әкесінің аты (бар болса); 17, 18 – бағандарды екінші деңгейдегі банктер, Қазақстан Республикасы бейрезидент банктерінің филиалдары мен жекелеген банк операцияларын жүзеге асыратын ұйымдар толтырмайды.
Басқа 2. 20___ жылғы «___» ________ жағдай бойынша құқықтың (талап етудің) өту жағдайларын қамтитын, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі сатып алынған және өндіріп алынған қарыздардың көлемі бойынша ұсынатын мәліметтер
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 26 ақпандағы № 291 бұйрығына 2-қосымша нысан 20___ жылғы «___» ________ жағдай бойынша құқықтың (талап етудің) өту жағдайларын қамтитын, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі сатып алынған және өндіріп алынған қарыздардың көлемі бойынша ұсынатын мәліметтер мың теңге Коллекторлық агенттіктің атауы Коллекторлық агенттіктің бизнес-сәйкестендіру нөмірі Есепті кезеңде сатып алынған талап ету құқықтарының көлемі, оның ішінде Барлығы Екінші деңгейдегі банктер, Қазақстан Республикасы бейрезидент- банктерінің филиалдары Микроқаржы ұйымдар Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар 1 2 3 4 5 6 кестенің жалғасы Есеп­ті ке­зең­де өн­ді­ріп алын­ған бе­ре­шек со­ма­сы, оның ішін­де Есеп­ті ке­зең­нің со­ңын­да ағым­да­ғы қал­ды­ғы са­тып алын­ған та­лап­тар құқы­ғы, оның ішін­де Бар­лы­ғы Екін­ші дең­гей­де­гі банк­тер, Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы бей­ре­зи­дент банк­те­рі­нің фи­ли­ал­да­ры Мик­ро­қар­жы ұй­ым­дар Банк опе­ра­ци­я­ла­ры­ның же­ке­ле­ген түр­ле­рін жү­зе­ге асы­ра­тын ұй­ым­дар Бар­лы­ғы Екін­ші дең­гей­де­гі банк­тер, Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы бей­ре­зи­дент- банк­те­рі­нің фи­ли­ал­да­ры Мик­ро­қар­жы ұй­ым­дар Банк опе­ра­ци­я­ла­ры­ның же­ке­ле­ген түр­ле­рін жү­зе­ге асы­ра­тын ұй­ым­дар 7 8 9 10 11 12 13 14
Басқа 3. 20____ жылғы «___» __________ бастап 20___ жылғы «___» ___________ кезең үшін коллекторлық агенттіктер, екінші деңгейдегі банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар ұсынатын, коллекторлық агенттікпен жасалған сенімгерлік басқару шарты шеңберінде банктік қарыз шарты бойынша өзіне берілген құқыққа (талап етуге) қатысты кредитордың құқықтарын іске асыратын салық төлеушілер бойынша мәліметтер
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 26 ақпандағы № 291 бұйрығына 3-қосымша нысан 20____ жылғы «___» __________ бастап 20___ жылғы «___» ___________ кезең үшін коллекторлық агенттіктер, екінші деңгейдегі банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар ұсынатын, коллекторлық агенттікпен жасалған сенімгерлік басқару шарты шеңберінде банктік қарыз шарты бойынша өзіне берілген құқыққа (талап етуге) қатысты кредитордың құқықтарын іске асыратын салық төлеушілер бойынша мәліметтер мың теңге № Коллекторлық агенттіктің атауы Коллекторлық агенттік БСН Талап ету құқығын берген кредитордың атауы Талап ету құқығын басқаға берген кредитордың (екінші деңгейдегі банктер, Қазақстан Республикасының бейрезиденті- банктерінің филиалдары, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар, микроқаржы ұйымдары) БСН Коллекторлық агенттікпен жасалған сенімгерлік басқару шарты шеңберінде банктік қарыз шарты бойынша құқықтарын (талаптарын) басқаға берген кредитордың ТАӘ/атауы 1 2 3 4 5 6 кестенің жалғасы Кол­лек­тор­лық агент­тікпен жа­сал­ған се­нім­гер­лік бас­қа­ру шар­ты шең­бе­рін­де банк­тік қарыз шар­ты бой­ын­ша құқық­та­рын (та­лап­та­рын) бас­қа­ға бер­ген кре­ди­тор­дың ЖСН/БСН Қарыз алушы­ның (бо­рыш­кер­дің)ТАӘ/ ата­уы Қарыз алушы­ның (бо­рыш­кер­дің) БСН/ЖСН Қарыз шар­ты­ның № Қарыз шар­тын жа­са­су кү­ні Қарыз шар­ты­ның аяқ­та­лу кү­ні Шар­ттың № және құқық­тың (та­лап­тың) ауы­су та­лап­та­рын қам­ти­тын шар­тты жа­са­су кү­ні 7 8 9 10 11 12 13 кестенің жалғасы Коллекторлық агенттікпен жасалған сенімгерлік басқару шарты шеңберінде банктік қарыз шарты бойынша құқықтарын (талаптарын) басқаға берген кредитордың сатып алған берешегі Коллекторлық агенттікпен жасалған сенімгерлік басқару шарты шеңберінде банктік қарыз шарты бойынша құқықтарын (талаптарын) басқаға берген сәттен бастап есептелген сыйақы Коллекторлық агенттікпен жасалған сенімгерлік басқару шарты шеңберінде банктік қарыз шарты бойынша құқықтарын (талаптарын) басқаға берген сәттен бастап айыппұлдар, өсімпұлдар және басқалар түріндегі өзге де есептеулер Барлығы негізгі қарыз сыйақы айыппұлдар, өсімпұлдар және басқалар түріндегі өзге де есептеулер 14 15 16 17 18 19 кестенің жалғасы Коллекторлық агенттікпен жасалған сенімгерлік басқару шарты шеңберінде банктік қарыз шарты бойынша есептелген сыйақылар мен өзге де есептеулерді қоспағанда, сатып алынған сәттен бастап өспелі қорытындымен берешек өтелді Коллекторлық агенттікпен жасалған сенімгерлік басқару шарты шеңберінде банктік қарыз шарты бойынша құқықтарын (талаптарын) басқаға берген сәттен бастап өспелі қорытындымен есептелген сыйақылар мен өзге де есептеулер өтелді Есепті салық кезеңі үшін коллекторлық агенттікпен жасалған сенімгерлік басқару шарты шеңберінде банктік қарыз шарты бойынша есептелген сыйақыларды және құқықтарын (талаптарын) басқаға берген сәттен бастап өзге де есептеулерді қоспағанда, сатып алынған сәттен бастап өспелі қорытындымен берешек өтелді Есепті салық кезеңі үшін коллекторлық агенттікпен жасалған сенімгерлік басқару шарты шеңберінде банктік қарыз шарты бойынша құқықтарын (талаптарын) басқаға берген сәттен бастап өспелі қорытындымен есептелген сыйақылар мен өзге де есептеулер өтелді 20 21 22 23 Аббревиатураларды ашып жазу: СН – бизнес-сәйкестендіру нөмірі; ЖСН – жеке-сәйкестендіру нөмірі. ТАӘ – тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде). Ескертпе: 18, 19, 20, 21, 22 және 23-бағандарды – екінші деңгейдегі банктер, Қазақстан Республикасының бейрезидент- банктерінің филиалдары және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар толтырмайды.