Об утверждении Правил предоставления в аренду объектов государственного нежилого фонда коммунальной собственности и инструкции по прямой адресной продаже Күшін жойған
Басқа 0
Қоммуналдық меншiктiң мемлекеттiк тұрғын үй қоры емес объектiлерiн жалға беру Ережесiн және тiкелей бәсiрелi сату жөнiндегi нұсқаулықты бекiту туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды – Маңғыстау облысы әкімдігінің 27.03.2003 № 66 қаулысымен.
Қазақстан Республикасы Президентiнiң Заң күшi бар U952721_ "Жекешелендiру туралы" 1995 жылғы 23 желтоқсанындағы N 2721 Жарлығын, K941000_ Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексiн басшылыққа ала отырып және коммуналдық меншiктiң мемлекеттiк тұрғын үй емес қорының объектiлерiн жалға беру мәселелерiн тәртiпке келтiру мақсатында, облыс әкiмияты қаулы етедi:
Тармақ 1
1. Коммуналдық меншіктің мемлекеттік тұрғын үй қоры емес объектілерін
жалға беру Ережесі бекітілсін және ол мемлекеттік тіркелген күнiнен бастап
күшіне енгізілсін (N 1 Қосымша).
Тармақ 2
2. Жалға берілген коммуналдық меншік объектілерін тікелей бәсiрелi
сату жөніндегі нұсқаулық бекітілсін (N 2 Қосымша).
Тармақ 3
3. "Коммуналдық меншiктiң мемлекеттiк тұрғын үй қоры емес
объектiлерiн жалға беру Ережесiн және тiкелей бәсiрелi сату жөнiндегi
нұсқаулықты бекiту туралы"
V00M199_
Маңғыстау облысы әкiмiнiң 2000 жылғы
23 наурызындағы N 363 шешiмiнiң күшi жойылған деп танылсын.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау облыс әкімінің орынбасары
Е.Күмiсқалиға жүктелсін.
Басқа 5
Облыс әкімінiң
мiндетiн атқарушы
N 1 Қосымша
Маңғыстау облысы
әкімиятының қаулысымен
Бекітілген
19.10.2001 ж. N 41
Коммуналдық меншiктiң мемлекеттiк тұрғын
үй қоры емес объектiлерiн жалға берудiң
Ережесi
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Осы Ереже Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексiне және K941000_ "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Президентiнiң Заң күшi бар "Жекешелендiру туралы" 1995 жылғы 23 желтоқсанындағы N 2721 U952721_ Жарлығына сәйкес әзiрлендi және Маңғыстау облысында коммуналдық меншiктiң мемлекеттiк тұрғын үй қоры емес объектiлерiн жалға берудiң тұтас бiрыңғай тәртiбiнiң негізгi принциптерiн айқындайды, бұл барлық мемлекеттiк құрылымдар мен кәсiпорындардың, мекемелердiң қоғамдық және басқа да ұйымдардың олардың меншiк түрiне, ведомстволық бағыныстылығына қарамастан мiндеттi түрде орындауына жатады.
Тарау 2. 2. Негiзгі ұғымдар
2. Негiзгі ұғымдар
Тармақ 1
1. Бұл Ережеде төмендегi ұғымдар пайдаланылды:
Тармақша 1
1) Жал - мүлiктiк жалдау.
Тармақша 2
2) Жалға беру шарты - жалға берушiнiң жалға алушыға мүлiктi уақытша иелену және пайдалануға ақылы түрде беруiне мiндеттенген шарт.
Тармақша 3
3) Жалға берушi - жалға беру шартындағы мүлiк иесi немесе меншiк иесiнiң атынан уәкiлдiк етушi жақ.
Тармақша 4
4) Жалға алушы - жалға беру шартындағы мүлiктi айқындалған ақымен уақытша қарауына алатын және пайдаланатын жақ.
Тармақша 5
5) Мемлекеттiк тұрғын үй қоры емес - тұрғын үй қорына кiрмейтiн мемлекеттiк ғимараттар, орын-жайлар, құрылыс құрылғылары.
Тармақша 6
6) Жалға беру объектiлерi - коммуналдық меншiктiң мемлекеттiк тұрғын үй қоры емес орын-жайлары:
олардың ведомстволық тиесiлiгіне қарамастан (балансына) орын-жайлар, жеке тұрған ғимараттар мен құрылыстар;
тұрғын үйлердегі жапсарлас салынған тұрғын үй емес орын-жайлар, олардың ведомстволық тиесiлiгiне (балансына) қарамастан;
сәулет, тарих және мәдени ескерткiштер болып табылатын ғимараттар мен құрылыс құрылғылары;
мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үй емес қорға аударылған орын-жайлар;
Маңғыстау облысы коммуналдық меншiктi басқару жөнiндегі Департаментiнiң қарауына басқа да заңды жолмен өткен орын-жайлар.
Тармақ 2
2. Мемлекеттiң ерекше меншiк объектiлерi болып табылатын тарихи және
мәдени ғимарат-ескерткiштер, оларды пайдалану мен iске қосу шарттары
келiсiлгенi бар болған жағдайда жалға берiледi:
Тармақша 1
1) Республикалық және әлемдiк маңыздағы санаттарға жатқызылғаны
бойынша - тарихи-мәдени мұраларды қорғау және пайдалану жөнiндегi Қазақстан
Республикасының құзыреттi органымен;
Тармақша 2
2) Жергіліктi маңыздағы санатқа жатқызылғандар бойынша - жергілiктi
атқарушы органдарының тиiстi бөлiмшелерiмен.
Тармақ 3
3. Жалдау объектiлерiн жалға беру құқығы тек қана Маңғыстау облысы
коммуналдық меншiктi басқару Департаментiне (бұдан әрi - Жалға берушi)
тиесiлi болады.
Тарау 3. 3. Жалдау объектiлерiн жалға алуға арналған
өтiнiмдердi қарау
3. Жалдау объектiлерiн жалға алуға арналған
өтiнiмдердi қарау
Тармақ 4
4. Жалдау объектiлерiн жалға алуға арналған өтiнiмдермен барлық заңды және жеке тұлғалар өтiнiш жасай алады. Өтiнiм Жалға берушiге - Маңғыстау облысы коммуналдық меншiктi басқару Департаментiне берiледi.
Тармақ 5
5. Келiп түскен өтiнiмдердi қарау және ол туралы шешiм алу бiр ай
мерзiм iшiнде жалпы негiзде жүргiзiледi.
Тармақ 6
6. Жалдау объектiлерiн жалға беру жөнiндегі келiп түскен өтiнiмдер
төмендегi құжаттар болған жағдайда қаралады:
Тармақша 1
1) жалдау объектiсiн жалға алу қажеттiлiгіне деген
техникалық-экономикалық негiздемесi;
Тармақша 2
2) құрылтайшылық құжаттардың (заңды тұлғалар үшiн) нотариалдық
куәландырылған көшiрмелерi.
Тармақ 7
7. Жалға берушi өтiнiмдер мен табыс етiлген құжаттарды қараудың
нәтижелерi бойынша төмендегiдей шешiмдердiң бiрiн алады:
Тармақша 1
1) объектiнi мақсатты пайдалануға беру туралы;
Тармақша 2
2) аталған объектi бойынша жалға берушiнiң конкурстық iрiктеу өткiзуi
туралы;
себебiн жазбаша түрде көрсете отырып бас тартуы туралы.
Өтiнiм берушiлерге қойылатын талапқа сай екi не одан да көп өтiнiм
болған кезде объектiлердi жалға беру тек қана конкурстың қорытындысы
бойынша.
Тарау 4. 4. Объектiнi жалға беру жөнiнде конкурс
өткiзудiң тәртiбi
4. Объектiнi жалға беру жөнiнде конкурс
өткiзудiң тәртiбi
Тармақ 8
8. Жалға берушi конкурс өткiзу үшiн комиссия құрады, оның құрамына
жергілiктi атқарушы органның, Маңғыстау облысы коммуналдық меншiктi басқару
Департаментiнiң, баланс ұстаушының өкiлдерi енедi. Комиссия төрағасы Жалға
берушiнiң өкiлi болады.
Тармақ 9
9. Комиссия құрамы Жалға берушiнiң бұйрығымен (қаулысымен) бекiтiледi.
Тармақ 10
10. Комиссия Жалға берушi белгiлеген мерзiмде және жалдау объектiсi
туралы берiлген мәлiметтер бойынша шартты жасайды, оның негізгісi - жалдау
төлемiнiң құны болып табылады.
Тармақ 11
11. Конкурс шартын Жалға берушi бекiтедi.
Тармақ 12
12. Жалға берушi конкурс өтетiн күнiнен кемiнде 15 күн бұрын
жергіліктi ақпарат құралдары арқылы хабарлауды қамтамасыз етедi.
Тармақ 13
13. Конкурс өткiзу туралы хабарлар төмендегi анықтамалардан тұруы
тиiс:
Тармақша 1
1) Жалдау мерзiмi;
Тармақша 2
2) Конкурстың шарты;
Тармақша 3
3) Жалға берiлетiн объектi туралы оның тұрған орны, сондай-ақ ол
балансында тұрған мекеменiң аты мен мекен-тұрағы туралы мағлұматтар;
Тармақша 4
4) Конкурс өтетiн күнi, уақыты және өтетiн жерi;
Тармақша 5
5) Конкурсқа қатысу үшiн өтiнiм қабылдау мерзiмi;
Тармақша 6
6) Жалдау төлемiнiң бастапқы бағасы;
Тармақша 7
7) Жалға берушiнiң қалауы бойынша ақпараттар.
Тармақ 14
14. Конкурсқа қатысуға үмiткер Жалға берушi белгiлеген мерзiмде
мыналарды табыс етуi қажет:
Тармақша 1
1) конкурсқа қатысу үшiн өтiнiм;
Тармақша 2
2) конкурстың шартына сай объектiнi пайдалану жөнiндегі ұсынысы;
Тармақша 3
3) заңды тұлғалар - құрылтайшылық және мемлекеттiк тiркеуден өткенiн
растайтын құжаттарын;
Тармақша 4
4) жеке тұлғалар - төлқұжаттық мәлiметтерiн.
Тармақ 15
15. Құжаттарды толық емес немесе өтiнiмдердi қабылдау үшiн
белгіленген мерзiмiн бұзып табыс ету жағдайында комиссияның өтiнiмнiң
қатысуын құптамауына қақысы бар.
Тармақ 16
16. Конкурсқа қатысушының мынадай құқықтары бар:
Тармақша 1
1) конкурсқа өзi немесе тиiстi үлгімен рәсiмделген сенiмхат негiзiнде
өзiнiң өкiлдерi арқылы қатысуға;
Тармақша 2
2) конкурсқа шығарылған объект туралы қосымша мәлiметтердi, нақтылап
дәлдеудi тегiн алуына;
Тармақша 3
3) объектiнi алдын ала қарап көруге;
Тармақша 4
4) өз құқы бұзылған кезде сотқа жүгiнуге;
Тармақша 5
5) конкурстың басталуынан бiр тәулiк бұрын, бұл туралы жалға берушiге
жазбаша түрде хабарлай отырып өз өтiнiмiн керi қайтарып алуға.
Тармақ 17
17. Конкурс егер оған кемiнде екi қатысушы қатысса, өте алады.
Тармақ 18
18. Конкурс жеңiмпазы болып, ең үздiк шарт пен жалдау төлемiнiң жоғары
ставкасын ұсынған қатысушы танылады.
Тармақ 19
19. Конкурс қорытындысы комиссияның мәжiлiсхаты арқылы рәсiмделедi,
онда мыналар көрсетiледi:
Тармақша 1
1) комиссия құрамы;
Тармақша 2
2) конкурс шарты;
Тармақша 3
3) конкурсқа қатысушылар туралы деректер мен олардың ұсыныстары;
Тармақша 4
4) конкурсқа қатысушылардың тiзiмi;
Тармақша 5
5) объектiнiң аты мен ұсынылған ставкалар;
Тармақша 6
6) конкурс жеңiмпазы;
Тармақша 7
7) жалға беру шартына қол қойылуы бойынша екi жақтың мiндеттерi.
Тармақ 20
20. Конкурс нәтижелерi туралы мәжiлiсхат көшiрмесi конкурс жеңiмпазына
берiледi және оның жалға беру шартын жасасуға арналған оның құқықты құжаты
болып табылады.
Тармақ 21
21. Мәжілісхатқа комиссияның барлық мүшесi қол қояды және оны жалға
берушi бекiтедi.
Тарау 5. 5. Жалға беру шартын рәсiмдеу тәртiбi
5. Жалға беру шартын рәсiмдеу тәртiбi
Тармақ 22
22. Конкурс нәтижелерi бойынша немесе жалға берушiнiң жалға беру объектiсiн мақсатты пайдалану үшiн беру туралы шешiм алғаннан кейiн Жалға алушымен 10 күн iшiнде жалға беру шартын жасасып, объектiнi қабылдау-беру актiсi жасалады.
Тармақ 23
23. Коммуналдық меншiк болып табылатын объектiлердi мақсатты пайдалану үшiн жалға беру кезiнде жалға алу ставкасын Маңғыстау облысы коммуналдық меншiктi басқару Департаментi Маңғыстау облысының әкiмiнiң келiсiмi бойынша бекiтедi.
Тармақ 24
24. Коммуналдық меншiкте тұрған тарих, сәулет және мәдени ескерткiштердi мақсатты пайдалану үшiн жалға беру кезiнде жалға алу ставкасын Маңғыстау облысының әкiмi белгiлейдi.
Тармақ 25
25. Жергiлiктi маңыздағы объектiлердi мақсатты пайдалану үшiн жалға беру кезiнде жалға беру төлемi жергiлiктi атқарушы органдар бекiткен ставкаға сәйкес белгiленедi.
Тармақ 26
26. Жалға алушы жалға алу және коммуналдық қызмет төлемдерiн жалға беру шарты жасасқан күннен бастап төлейдi.
Тарау 6. 6. Жалдау объектiсiн берудiң тәртiбi
6. Жалдау объектiсiн берудiң тәртiбi
Тармақ 27
27. Объектiнi жалға беру Жалға берушi мен Жалға алушылардың уәкiлеттi
өкiлдерiмен актi бойынша жүргiзiледi, онда мыналар көрсетiледi:
Тармақша 1
1) акт жасалған жер мен датасы;
Тармақша 2
2) құжаттардың атауы және реквизиттерi, соған сәйкес жақтардың
мүддесiне уәкiлдiк етушi өкiлдерi;
Тармақша 3
3) жалға беру шартының нөмiрi мен датасы, соған сәйкес объектiнi беру
жүргiзiледi;
Тармақша 4
4) анықталған ақаулықтар тiзбесiмен қоса берiлетiн объектiлердiң
техникалық жай-күйi;
Тармақша 5
5) екi жақтың мөрлерiмен куәландырылған, өкiлдердiң қойған қолдары.
Тармақ 28
28. Қабылдап алу-беру актiсi екi данада жасалады, оның бiрi Жалға
берушiде, екiншiсi Жалға алушыда сақталады.
Тармақ 29
29. Жалға берушi Жалға алушыға объектiнi екеуi арасында жалға беру
шартына қол қойылғаннан кейiн бiр ай мерзiм iшiнде тапсыруға мiндеттi.
Тармақ 30
30. Жалға алу төлемiне коммуналдық қызмет үшiн төлемдер, жеңiл және
күрделi жөндеулер үшiн аударылымдар, объектiге қызмет көрсету үшiн
төлемдерi кiрмейдi. Бұл төлемдердi Жалға алушы тiкелей ведомстволық
күзетке, пайдалану, коммуналдық, санитарлық тағы басқа қызметтерге өзi
төлейдi.
Тармақ 31
31. Жалға беру шарты тоқсан сайын құнсыздану индексiне сәйкес жалдау
төлемiнiң мөлшерi қайта қаралғаны туралы қағидалардан тұруы тиiс.
Тармақ 32
32. Жалға берушi тоқсан сайын Жалға алушыға жалдау төлемi мөлшерiнiң
ұлғаю коэффициентiн құнсыздану деңгейi мен басқа да факторларды есепке ала
отырып хабарлайды.
Тармақ 33
33. Жалдау төлемi облыстық бюджетке аударылады.
Тарау 7. 7. Жалға беру шартын мерзiмiнен бұрын бұзу
7. Жалға беру шартын мерзiмiнен бұрын бұзу
Тармақ 34
34. Жалға беру шарты мерзiмiнен бұрын төмендегiдей жағдайда бұзылуы
мүмкiн:
Тармақша 1
1) Жалға алушы заңды тұлға ретiнде таратылғанда;
Тармақша 2
2) Жалға алушыға оның жазбаша келiсiмi бойынша басқа объект
берiлгенде;
Тармақша 3
3) Жалға алушы жалға беру шартын бұзғанда;
Тармақша 4
4) Жалға алушының жазбаша арызы бойынша;
Тармақша 5
5) заңмен немесе шартпен көзделген өзге де жағдайларда.
Тарау 8. 8. Жалға беру шартына қойылатын
қосымша талаптар
8. Жалға беру шартына қойылатын
қосымша талаптар
Тармақ 35
35. Жалға беру шартында мыналар көзделуi тиiс:
Тармақша 1
1) Жалға берушiнiң мiндеттерi:
Жалға алушыға объектiнi шартта белгілеген мерзiмде қабылдап алу-беру
актiсi бойынша беру;
Жалға алушының объектiнi шартта белгiленген тәртiпте иеленуiне және
пайдалануына бөгет болатын iс-қимыл әрекеттерiн жасамау;
Тармақша 2
2) Жалға алушының мiндеттерi:
объектiнi шарттың шарттарына сәйкес пайдалану;
жалдау төлемiн шартта белгiленген мөлшерде, мерзiм мен тәртiпте
енгiзiп төлеу;
объектiнi тиiстi дәрежеде ұстау, оның немесе онда орналасқан инженерлiк коммуникациялардың бүлiнуiне ықпал ететiн iс-қимыл әрекеттер жасамау;
өз кiнәсiнен объект бүлінген жағдайда, оны өз есебiнен жөндеудi қамтамасыз ету;
Жалға берушiнiң алдын ала жазбаша рұқсатынсыз объектi мен онда орналасқан жүйелер мен коммуникацияны қайта өзгерту мен қайта жабдықтауға жол бермеу;
Объектi мен оның маңайындағы жер телiмiне, объектiнiң пайдалануы мен
iске қосылуында заңдар мен нормалардың сақталуын тексеретiн Жалға
берушiнiң, санитарлық қадағалау қызметiнiң және басқа да мемлекеттiк
органдардың өкiлдерiн жiберу, анықталған бұзушылықтарды олар белгіленген
мерзiмде түзету;
объектiнi шартта белгiленген мерзiмде қанағаттанарлық дәрежеде
қайтару.
Тармақ 36
36. Сәулет, тарих және мәдени ескерткiштердi жалға берген кезде жалға
беру шартына қосымша объектiнi сәулет, тарих және мәдени ескерткiш ретiнде
сақтауға бағытталған қосымша қағидалар кiргiзiледi.
Тармақ 37
37. Жалға беру шартын бұзғаны үшiн екi жақ қолданудағы заңдар мен
шартқа сәйкес жауапкершiлiк артады.
Тармақ 38
38. Айыппұл санкциясын төлеу кiнәлi жақты шарт бойынша мiндеттердi
орындаудан босатпайды.
Тармақ 39
39. Екi жақ заңдармен немесе шарттың шарттарымен көзделген жағдайларда
жауапкершіліктен босатылады.
Тарау 9. 9. Дауларды шешу
9. Дауларды шешу
Тармақ 40
40. Осы Ережемен барлық реттелмеген мәселелер бойынша жалға беру
шартының жақтары Қазақстан Республикасының қолданудағы заңдардың нормаларын
басшылыққа алады.
Тармақ 41
41. Объектiнi шарт бойынша жалға беру кезiнде туындайтын даулар өзара
келiсiм бойынша немесе сот тәртiбiмен қаралады.
Басқа 103
N 2 Қосымша
Маңғыстау облысы
әкімиятының қаулысымен
Бекітілген
19.10.2001 ж. N 41
Жалға берiлген коммуналдық меншiктегi
объектiлердi тiкелей бәсiрелi сату жөнiндегi
Нұсқаулық
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Президентiнiң Заң күшi бар "Жекешелендiру туралы" 1995 жылғы 23-шi желтоқсандағы N 2721 U952721_ Жарлығының 15-16 баптарына сәйкес, кейiннен сатып алу құқығы бар деп жалға берiлген коммуналдық меншiктегi объектiлер тiкелей атаулы түрде сатуға жатады.
Тармақ 2
2. Тұрғын үй емес мемлекеттiк қордағы мынадай жалға берiлген қызметтiк орын-жайлар сатып алуға жатпайды:
мемлекеттiк және атқарушы өкiмет органдардың, соттардың, прокуратураның және т.с.с. балансында тұрған әкiмшiлiк ғимараттар мен орын-жайларындағы;
тарих пен мәдениет ескерткiштерiнiң ғимараттарындағы.
Тармақ 3
3. Халық шаруашылығы мен әлеуметтiк айырықша маңызы бар, сондай-ақ iргелi меншiк кешенiнiң құрамына енетiн жалға берiлген объектiлердi, тiкелей атаулы түрде сату құқығын аймақтың мүддесiн ескере отырып және жеке дара ретпен Маңғыстау облысының әкiмi қарайды.
Тармақ 4
4. Мемлекеттiк меншiк үлесi бар акционерлiк қоғамдардың баланстарында тұрған жалға берiлген объектiлердi сатып алу Қазақстан Республикасының "Акционерлiк қоғамдар туралы" 1998 жылғы 10 шiлдедегі N 281-I Z980281_ ҚРЗ заңына сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 5
5. Тiкелей атаулы түрде сатылған кезде мыналар сатып алушы бола алмайды:
жарғылық қорында мемлекеттiк меншiктiң үлесi 20% пайыздан артық құрайтын шаруашылық серiктестiктерi;
Қазақстан Республикасының заңнамалық кесiмдерiне немесе құрылтайшы құжаттарына сәйкес оларды жүзеге асыру объектiнi сату шартындағы қызмет түрлерiмен айналысуға қақысы жоқ заңды тұлғалар.
Тармақ 6
6. Соңынан сатып алуға құқы бар жалға берiлген тiкелей атаулы түрде сатуға жататын коммуналдық меншiктегi объектiлердiң тiзбесiн Маңғыстау облысының коммуналдық меншiктi басқару жөнiндегi Департаментi қалыптастырады.
Тармақ 7
7. Жалға алушының объектiнi сатып алуы, оның шартты тиiстi дәрежеде орындаған және жалгерлiк төлем мен коммуналдық қызмет жөнiнде берешегi жоқ болған жағдайда жүзеге асырылады.
Тармақ 8
8. Тiкелей атаулы түрде сату объектiсiн бағалауды Маңғыстау облысының коммуналдық меншiктi басқару жөнiндегi Департаментi жүргiзедi.
Жекелеген объектiлер үшiн, мәртебесiне қарай көтермелi аудандық коэффициент қолданылуы мүмкiн, оны сатушы бекiтедi.
Объектiнiң сатылу құнына жер учаскесiнiң құны немесе жер пайдалану құқығы қосылады.
Тармақ 9
9. Төлем төлеу, сату-сатып алу шартын ресiмдеу тәртiбi мен басқа да рәсiмдерi Маңғыстау облысының әкiмi бекiткен жекешелендiру объектiлерiн сату жөнiнде аукциондарды ұйымдастыру және оны өткiзу туралы Ережеге сәйкес белгiленедi.
Тармақ 10
10. Тiкелей атаулы түрде сатудың орындалуына байланысты туындайтын барлық даулар мен алауыздықтар, сот арқылы шешiледi.
Тармақ 11
11. Төлем төлеудің мерзімі өткізілген жағдайда Сатушы біржақты ретпен сату-сатып алу шартын бұзады және дереу объектіні аукционға шығарады.
Тармақ 12
12. Осы Нұсқаулықпен реттелмеген барлық қалған мәселелер "Жекешелендіру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің Заң күші бар 1995 жылғы 23-ші желтоқсандағы N 2721 U952721_ Жарлығына және Қазақстан Республикасының Азаматтық K941000_ кодексiне сәйкес шешіледі.