О внесении изменений в некоторые решения акима села Бейнеу
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в некоторые решения акима села Бейнеу
- Атауы (қаз.)
- Бейнеу ауылы әкімінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 245
- Қабылданған күні
- 06.03.2018
- Көрсетілген редакция
- 06.03.2018 119594_301512.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 06.03.2018
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V18MCK03542
- ЭКБ идентификаторы
- 119594
- Редакция идентификаторы
- 119594_301512
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 01:28
0 Бейнеу ауылы әкімінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңына және Маңғыстау облысы әкімдігінің 2017 жылғы 23 ақпандағы №40 және Маңғыстау облыстық мәслихатының 2017 жылғы 23 ақпандағы №7/95 «Бейнеу ауданының әкімшілік-аумақтық құрылысының кейбір мәселелері туралы» бірлескен қаулысы мен шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3309 болып тіркелген) сәйкес, Бейнеу ауылының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Бейнеу ауылы әкімінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізілсін.
2 2. «Бейнеу ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі (Б.Қанатов) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3 3. Осы шешімнің орындалысын бақылау Бейнеу ауылы әкімінің орынбасары С.Кукшеевке жүктелсін.
4 4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
5 Бейнеу ауылы әкімінің
2018 жылғы 6 наурыздағы
№ 245 шешіміне қосымша
Бейнеу ауылы әкімінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер
1 1. Бейнеу ауылы әкімінің 2008 жылғы 25 шілдедегі №509 «Жаңа көшелерге есімдер беру туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №11-3-60 болып тіркелген, 2008 жылғы 11 қыркүйектегі «Рауан» газетінде жарияланған) шешімінде:
кіріспесі келесідей мазмұнда жаңа редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 14 бабының 4) тармақшасына сәйкес және Бейнеу ауылы халқының пікірін ескере отырып, Бейнеу ауылының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:»;
1 тармақта:
бірінші сөйлем келесідей мазмұнда жаңа редакцияда жазылсын:
«1. Бейнеу ауылының 5 ауыл бөлігіндегі Есекмерген батыр көшесінен кейінгі жаңа көшеге «Сүйінқара батыр»,»;
үшінші абзац келесідей мазмұнда жаңа редакцияда жазылсын:
«Бейнеу ауданының әкімдігінің «Манашы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінен «Қиғаш-Ақтау-Бейнеу» су құбырына дейінгі аралықтағы жаңа көшенің бірінші қатары «Сүгір Бегендікұлы» есімі,»;
он бірінші абзац келесідей мазмұнда жаңа редакцияда жазылсын:
«және Сүгір Бегендікұлы көшесінің солтүстік бағытында орналасқан жаңа көшеге «Матай» есімі, Бейнеу ауылының 3 ауыл бөлігіндегі Тоқабай Құрмаш Қосжанұлы көшесінен кейінгі бағыттас жаңа көшенің бірінші қатары «Шағырлы»,».
2 2. Бейнеу ауылы әкімінің 2008 жылғы 3 желтоқсандағы №781 «Жаңа көшелерге есімдер беру туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №11-3-67 болып тіркелген, 2009 жылғы 29 қаңтардағы «Рауан» газетінде жарияланған) шешімінде:
кіріспесі келесідей мазмұнда жаңа редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік - аумақтық құрылысы туралы» Заңының 14 бабының 4) тармақшасына сәйкес және Бейнеу ауылы халқының пікірін ескере отырып, Бейнеу ауылының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:»;
1 тармақта:
бірінші сөйлем келесідей мазмұнда жаңа редакцияда жазылсын:
«1.Бейнеу ауылының 5 ауыл бөлігіндегі Аспантай көшесінен кейінгі жаңа көшенің бірінші қатары Уейіс Қайралапов;».
3 3. Бейнеу ауылы әкімінің 2009 жылғы 6 ақпандағы №38 «Жаңа көшелерге есімдер беру туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №11-3-73 болып тіркелген, 2009 жылғы 19 наурыздағы «Рауан» газетінде жарияланған) шешімінде:
кіріспесі келесідей мазмұнда жаңа редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 14 бабының 4) тармақшасына сәйкес және Бейнеу ауылы халқының пікірін ескере отырып, Бейнеу ауылының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:»;
1 тармақта:
бірінші сөйлем келесідей мазмұнда жаңа редакцияда жазылсын:
«1. Бейнеу ауылының атамекен шағын ауданындағы Қаржаубай Жылқыбаев көшесінен кейінгі жаңа көшенің»;
бірінші, екінші, үшінші абзацтар келесідей мазмұнда жаңа редакцияда жазылсын:
«бірінші қатары: «Бейнеу-Ақтау» темір жол бетінен бастап Бейнеу ауданының әкімдігінің «Атамекен орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінен және одан «Қиғаш-Ақтау-Бейнеу» су құбырына дейінгі аралыққа «Тұрыш ата» есімі;
екінші қатары: «Бейнеу-Ақтау» темір жол бетінен бастап Бейнеу ауданының әкімдігінің «Атамекен орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінен және одан «Қиғаш-Ақтау-Бейнеу» су құбырына дейінгі аралыққа «Қарақоға» есімі;
үшінші қатары: «Бейнеу-Ақтау» темір жол бетінен бастап Бейнеу ауданының әкімдігінің «Атамекен орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінен және одан «Қиғаш-Ақтау-Бейнеу» су құбырына дейінгі аралыққа «Қарағайлы» есімі;».
4 4. Бейнеу ауылы әкімінің 2009 жылғы 31 шілдедегі №347 «Жаңа көшелерге есімдер беру туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №11-3-83 болып тіркелген, 2009 жылғы 8 қазандағы «Рауан» газетінде жарияланған) шешімінде:
кіріспесі келесідей мазмұнда жаңа редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 14 бабының 4) тармақшасына сәйкес және Бейнеу ауылы халқының пікірін ескере отырып, Бейнеу ауылының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:»;
1 тармақта:
бірінші сөйлем келесідей мазмұнда жаңа редакцияда жазылсын:
«Бейнеу ауылының 5 ауыл бөлігіндегі Сүйінқара батыр көшесінен кейінгі бағыттас жаңа көшелердің».
5 5. Бейнеу ауылы әкімінің 2010 жылғы 18 қаңтардағы №13 «Көше атын өзгерту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №11-3-96 болып тіркелген, 2010 жылғы 18 ақпандағы «Рауан» газетінде жарияланған) шешімінде:
1 тармақ келесідей мазмұнда жаңа редакцияда жазылсын:
«1. Бейнеу ауылындағы Біләл Қалиев көшесінің аты Тәуелсіздік даңғылы болып өзгертілсін.».
6 6. Бейнеу ауылы әкімінің 2015 жылғы 6 мамырдағы №448 «Көшелерге атау беру туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №2733 болып тіркелген, 2015 жылғы 11 маусымда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) шешімінде:
мемлекеттік тілдегі кіріспесі келесідей мазмұнда жаңа редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгеріссіз қалдырылсын:
«Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік - аумақтық құрылысы туралы» Заңының 14 бабының 4) тармақшасына, Бейнеу ауылы халқының пікірін ескере отырып, 2015 жылғы 27 қаңтардағы Маңғыстау облыстық ономастика комиссиясының қорытындысына сәйкес, Бейнеу ауылының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:»;
1 тармақта:
мемлекеттік тілдегі бірінші сөйлемі келесідей мазмұнда жаңа редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгеріссіз қалдырылсын:
«1. Бейнеу ауылының Атамекен шағын ауданының атаусыз көшелеріне келесі атаулар берілсін:».