Құжат мәтініне өту

Об утверждении дополнительных условий включения в реестр владельцев магазинов беспошлинной торговли

Бұйрық · № 232 · қабылданған 19.02.2018
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-119623/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
Об утверждении дополнительных условий включения в реестр владельцев магазинов беспошлинной торговли Қолданыста Бұйрық ·№ 232 ·19.02.2018
19.02.2018 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 19.02.2018. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении дополнительных условий включения в реестр владельцев магазинов беспошлинной торговли

Қолданыста Бұйрық ·№ 232 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении дополнительных условий включения в реестр владельцев магазинов беспошлинной торговли
Атауы (қаз.)
Бажсыз сауда дүкендері иелерінің тізіліміне енгізудің қосымша шарттарын бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
232
Қабылданған күні
19.02.2018
Көрсетілген редакция
19.02.2018 119623_303636.kaz
Соңғы өзгеріс
19.02.2018
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1800016579
ЭКБ идентификаторы
119623
Редакция идентификаторы
119623_303636
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 01:44

0 Бажсыз сауда дүкендері иелерінің тізіліміне енгізудің қосымша шарттарын бекіту туралы

2017 жылғы 26 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Кодексiнің 524-бабы 1-тармағынның 5) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса беріліп отырған бажсыз сауда дүкендері иелерінің тізіліміне енгізудің қосымша шарттары бекітілсін.

2

2. «Бажсыз сауда дүкендерінде тауарларды өткізу қағидаларын, бажсыз сауда дүкендері иелерінің тізіліміне енгізудің қосымша шарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 26 ақпандағы № 134 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10653 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 15 маусымда жариялған) күші жойылды деп танылсын.

3 3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті (А.М.Теңгебаев) заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2

2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі баспа және электрондық түрдегі көшірмесін ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

3 3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін;

4

4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Сыртқы істер министрі
____________ Қ. Әбдірахманов
2018 жылғы 23 ақпан

9 Бажсыз сауда дүкендері иелерінің тізіліміне енгізудің қосымша шарттары

Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2018 жылғы 19 ақпандағы
№ 232 бұйрығымен бекітілген
Бажсыз сауда дүкендері иелерінің тізіліміне енгізудің
қосымша шарттары
Еуразиялық экономикалық одағының кедендік аумағында орналасқан дипломатиялық өкілдіктерге, консулдық мекемелерге, халықаралық ұйымдардың қараманындағы мемлекеттік өкілдіктеріне, халықаралық ұйымдарына не олардық өкіліктеріне, сондай-ақ дипломатиялық өкілінің дипломаттық персоналдың мүшелеріне, консулдық лауазымды адамдарға және олармен бірге тұратын отбасы мүшелеріне, халықаралық ұйымдардың қараманындағы мемлекеттік өкілдіктерінің персоналына (қызметкерлерге, лауазымды адамдарға) тауарларды сату үшін көзделген бажсыз сауда дүкендері иелерінің тізіліміне енгізудің қосымша шарттары мыналар болып табылады:

1 1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес құжатты сканерлеу үшін құрылғының болуы;

2 2) бажсыз сауда дүкенінің аумағына жеке тұлғалардың кіруіне бақылау-өткізу режимінің болуы;

3

3) бажсыз сауда дүкені аумағында соңғы күнтізбелік отыз күн ішінде болған оқиғалар туралы бейне ақпараттарды қарауды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін, тәулік бойғы режимде жұмыс істейтін бейне бақылау құралдарымен жабдықталған адамдардың аумаққа және (немесе) үй-жайларға (кедендік бақылауға жататын құжаттар, тауарлар тұрған) кіруін және аумақтан және (немесе) үй-жайлардан шығуын бақылау жүйесінің болуы.

Қолданыстағы