Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил и сроков проведения консультаций

Бұйрық · № 264 · қабылданған 23.02.2018
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-119645/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
Об утверждении Правил и сроков проведения консультаций Қолданыста Бұйрық ·№ 264 ·23.02.2018
23.02.2018 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 23.02.2018. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил и сроков проведения консультаций

Қолданыста Бұйрық ·№ 264 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил и сроков проведения консультаций
Атауы (қаз.)
Консультациялар жүргізу қағидаларын және мерзімін бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
264
Қабылданған күні
23.02.2018
Көрсетілген редакция
23.02.2018 119645_301501.kaz
Соңғы өзгеріс
23.02.2018
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1800016552
ЭКБ идентификаторы
119645
Редакция идентификаторы
119645_301501
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 01:40

0 Консультациялар жүргізу қағидаларын және мерзімін бекіту туралы

«Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» 2017 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 65-бабы 15-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса беріліп отырған Консультациялар жүргізу қағидалары және мерзімі бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (А.М. Теңгебаев) заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2

2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдануын;

3 3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

4

4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейінгі күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

0 Консультациялар жүргізу қағидалары және мерзімі

Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2018 жылғы 23 ақпандағы
№ 264 бұйырығымен
бекітілген
Консультациялар жүргізу қағидалары және мерзімі

1 1-тарау. Жалпы ережелер

1

1. Осы Консультациялар жүргізу қағидалары және мерзімі (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» 2017 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 65-бабы 15-тармағына сәйкес әзірленді және әкелінетін тауарлардың Кодекстің 68 және 69-баптарына жауап беретін кедендік құнын айқындау үшін құндық негізді негіздеп таңдау мақсаттарында мемлекеттік кірістер органы мен декларанттың арасында консультациялар жүргізу тәртібін және мерзімін айқындайды.

2 2. Консультацияларды жүргізген кезде мемлекеттік кірістер органы мен декларант коммерциялық құпия туралы Қазақстан Республикасының заңнамасы сақталған жағдайда өздерінің қолда бар ақпаратпен алмаса алады.

3

3. Мемлекеттік кірістер органдары коммерциялық құпияны құрайтын ақпаратты заңсыз таратқаны және (немесе) пайдаланғаны үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауапкершілікте болады, ал осындай тарату және (немесе) пайдалану нәтижесінде декларантқа келтірілген залал Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес өтелуге жатады.

2 2-тарау. Консультациялар жүргізу тәртібі және мерзімі

4 4. Мемлекеттік кірістер органы мен декларант арасындағы консультациялар, егер мемлекеттік кірістер органы тауарлардың кедендік құнын Кодекстің 68 және 69-баптарына сәйкес айқындаған жағдайда, тауарларды кедендік декларациялау кезінде олар шығарылғанға дейiн де, шығарылғаннан кейiн де жүргізіледі.

5

5. Мемлекеттік кірістер органының лауазымды тұлғасы ақпараттық жүйе арқылы немесе жазбаша нысанда декларантты тауарларды кедендік тазарту сатысында не кедендік тексеруді жүргізу барысында консультациялардың жүргізілуі және осындай консультациялар шеңберінде декларантта қолда бар құжаттамалық расталған бағаланатын тауарларға біртекті немесе бірдей бағаланатын тауарлармен жасалатын мәмiленің құны туралы мәліметтерді, оның ішінде жазбаша түсіндірмелерді ұсыну мүмкіндігі туралы хабардар етеді. Сонымен қатар мемлекеттік кірістер органының лауазымды тұлғасы бағаланатын тауарларға біртекті немесе бірдей бағаланатын тауарлармен жасалатын мәмiленің құны туралы ақпарат болған кезде осындай ақпаратты декларантқа жолдайды.

6

6. Декларант Кодекстің 68 және 69-баптарына сәйкес тауарлардың кедендік құнын айқындауға мүмкіндік беретін мәліметтер бар болған кезде осы ақпаратты электрондық немесе жазбаша нысанда мемлекеттік кірістер органына бір жиынтықпен (бір мезгілде) Кодекстің 193-бабына сәйкес тауарлардың шығару мерзімінен кешіктірмейтін не Кодекстің 417 және 418-баптарына сәйкес кедендік тексеру жүргізу мерзімінен кешіктірмейтін мерзімде табыс етеді.
Егер осындай мәліметтер ұсына алмайтын және (немесе) жоқ болған жағдайда, декларант мемлекеттік кірістер органды осындай мәліметтердің жоқтығы туралы Кодекстің 193-бабына сәйкес тауарлардың шығару мерзімінен кешіктірмейтін мерзімде не Кодекстің 417 және 418-баптарына сәйкес кедендік тексеру жүргізу мерзімінде хабарлайды.

7

7. Декларанттан алынған бағаланатын тауарларға біртекті немесе бірдей бағаланатын тауарлармен жасалатын мәмiленің құны туралы мәліметтерді, оның ішінде жазбаша түсіндірмелерді қолдану мүмкін болған жағдайда, мемлекеттік кірістер органының лауазымды тұлғасы оларды Кодекстің 68 және 69-баптарына сәйкес тауарлардың кедендік құнын айқындау кезінде назарға және есепке алады.

8

8. Егер, декларанттан алынған бағаланатын тауарларға біртекті немесе бірдей бағаланатын тауарлармен жасалатын мәмiленің құны туралы мәліметтерді, оның ішінде жазбаша түсіндірмелерді, мемлекеттік кірістер органының лауазымды тұлғасы Кодекстің 68 және 69-баптарына сәйкес тауарлардың кедендік құнын айқындау кезінде қолданыла алмаған жағдайда, мемлекеттік кірістер органының лауазымды тұлғасы тауарлардың кедендік құнына қатысты шешімді оның иелігінде бар мәліметтер негізінде қабылдайды және бұл туралы ақпараттық жүйе арқылы немесе жазбаша нысанда декларантты хабардар етеді. Бұл ретте консультация аяқталған деп есептеледі.

9

9. Осы Қағидалардың 6-тармағында көрсетілген мерзімде декларант сұрау салған мәліметтерді ұсынбаған жағдайда, мемлекеттік кірістер органының лауазымды тұлғасы тауарлардың кедендік құнына қатысты шешімді оның иелігінде бар мәліметтердің негізінде қабылдайды. Бұл ретте консультация аяқталған деп есептеледі.

Қолданыстағы