Құжат мәтініне өту

Об установлении квоты рабочих мест для трудоустройства лиц, состоящих на учете службы пробации, а также для лиц, освобожденных из мест лишения свободы

Қаулы · № 164 · қабылданған 28.02.2018
Заңдық күші: Күшін жойған · 17.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-119646/on/2026-08-17/
Басып шығарылды 2026-08-17 · adilet.kz
Об установлении квоты рабочих мест для трудоустройства лиц, состоящих на учете службы пробации, а также для лиц, освобожденных из мест лишения свободы Күшін жойған Қаулы ·№ 164 ·28.02.2018
21.10.2019 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
17.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 21.10.2019. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об установлении квоты рабочих мест для трудоустройства лиц, состоящих на учете службы пробации, а также для лиц, освобожденных из мест лишения свободы

Күшін жойған Қаулы ·№ 164 · 17.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об установлении квоты рабочих мест для трудоустройства лиц, состоящих на учете службы пробации, а также для лиц, освобожденных из мест лишения свободы
Атауы (қаз.)
Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
164
Қабылданған күні
28.02.2018
Көрсетілген редакция
21.10.2019 119646_426231.kaz
Соңғы өзгеріс
21.10.2019
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V18VK005540
ЭКБ идентификаторы
119646
Редакция идентификаторы
119646_426231
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 01:34

0 Пробация қызметінің есебінде

тұрған адамдарды, сондай-ақ
бас бостандығынан айыру
орындарынан босатылған
адамдарды жұмысқа орналастыру
үшін жұмыс орындарына
квота белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі Қылмыстық-атқару кодексінің 18-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабы 1-тармағының 14-1) тармақшасына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 06 сәуірдегі Заңының 9-бабының 7), 8) тармақшаларына, «Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 26 мамырдағы № 412 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 13898 нөмірімен тіркелген) сәйкес, жұмыс іздеуде қиыншылық көріп жүрген пробация қызметінің есебінде тұрған тұлғалар, сондай-ақ бас бостандығынан айыру мекемелерінен босатылған тұлғаларды әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту мақсатында, Зайсан ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота, ұйым жұмысшыларына тізімдік санынан бір пайыз мөлшерінде қосымшаға сәйкес белгіленсін.

2 2. «Зайсан аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен бекітілген тәртіпте:

1 1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

2

2) осы әкімдік қаулысы мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін, оның көшірмесін күнтізбелік он күн ішінде қазақ және орыс тілдерінде, қағаз және электронды түрде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне ресми жариялау мен енгізу үшін шаруашылық жүргізу құқығындағы Республикалық мемлекеттік кәсіпорны «Республикалық құқықтық ақпарат орталығына» жіберуді;

3 3) мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы қаулының көшірмесін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен, конкурстық негізді осындай құқық алған мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберуді;

4 4) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін Зайсан ауданы әкімдігінің интернет-желісінде орналастыруды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары М. С. Сапарғалиеваға жүктелсін.

4 4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

9 Зайсан ауданы әкімдігінің

2018 жылғы «28» ақпан
№ 164 қаулысына қосымша
№ р/н
Ұйымның атауы
Жұмысшылар саны
Квота мөлшері (% ұйым жұмысшыларының тізімдік санынан)
Жұмыс орындарының саны, адамдар
1
«СК-Зайсан» Жауапкершілігі Шектеулі Серіктестігі
248
1
2
2
«САЙХАН» Жауапкершілігі Шектеулі Серіктестігі ЖШС
93
1
1
3
«СМУ-Шыгыс» Жауапкершілігі Шектеулі Серіктестігі ШС
168
1
2
4
«Орман шаруашылығы» Мемлекеттік Мекеме
55
1
1
5
Зайсан ауданы әкімдігінің «Зайсан аудандық мәдениет үйі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
111
1
1
6
Зайсан ауданы әкімдігінің «Зайсан» көпсалалы коммуналдық мемлекеттік шаруашылық есебіндегі кәсіпорны
74
1
1

Қолданыстағы